6. Метрология саласында халықаралық қызметтестік жұмыстарын
ұйымдастыру.
ӨМҚ өнімдерін бақылаудан басқа конструкторлық және технологиялық
құжаттар тексеріледі. Сараптама және метрологиялық бақылау – өлшенетін,
дәлдік нормаларын құру, параметрлерді таңдауда техникалық шешімдерді
талдау және бағалау және өңдеу, дайындау, сынақтан өткізу, қолдану және
жөндеу үрдістерінің өлшеу құралдары мен әдістерімен қамтамасыз ету.
Метрологиялық сараптама өңдеу, дайындау, қолданыс және жөндеу
үрдістерінде өнімді бақылауда өлшеулер нәтижелілігін қамтамасыз ету
мақсатында жүргізіледі.
Метрологиялық сараптаманың негізгі мақсаты:
1. Өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын анықтау;
2. Бұйым конструкциясының тексеруге жарамдылығын бағалау;
3. Өзара ауыстырымдылық және бақылаудың нәтижелілігі талаптарына өл-
шеу дәлдігінің көрсеткіш сәйкестігін жасау;
4. Технологиялық үрдістердің оптималды режимін қамтамасыз ету талап-
тарына өлшеу дәлдігінің көрсеткішін сәйкестеу;
5. Өлшеу операцияларының дәлдігін, автоматтандырылуын сақтай отыра,
оның еңбек сыйымдылығын азайту және өзіндік құнын арзандату
мүмкіндіктерін қарастыру;
6. Өлшеу процесінде компьютерлер қолдану, мүмкіндігін анықтау.
Сараптама нәтижелері ГОСТ 3.114 – 81 арқылы рәсімделеді.