Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет14/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

Хабарова Надежда Николаевна
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. 1934 жылы Омск облысы Новознаменка селосында туған. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Балқаш қаласында бастады. 1963 жылы Жезқазған облысының Весовая елді мекеніне көшіп келіп, осындағы №12 мектептің физика пәнінің мұғалімі болып құрметті демалысқа шыққанға дейін еңбек етті. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырушысы болды. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Қосыбаев Мырзатай

Тау-кен инженері. Еңбек ардагері. 1937 жылы 27-ші наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ильичевка ауданында туған. Еңбек жолын 1960 жылы Орта Азия политехникалық институтын бітіргенсін, «Жезқазғантүстіметалл» ҒЗӨИ-ның (НИПИ) тау-кен бөлімі инженерлігінен бастады. Златоуст-Беловский карьерінің учаске кен шебері (1961-1966), Златоуст-Беловский және Анненский карьерлері бұрғылау учаскесінің бастығы (1966-1970), Златоуст-Беловский карьерінің бастығы (1970-1977), 1977 жылдан құрметті демалысқа шыққанша Солтүстік Жезқазған кенішінің бас инженері қызметтерін атқарды. «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен марапатталған.
Құсайынов Ибен (1914-1991)

Тау-кен инженері. Еңбек ардагері. 1942 жылы Алматы тау-кен металлургиялық институтын бітірген. 1979 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында инженерлік қызметтер атқарды. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, жастар жетекшісі қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Көп жылғы еңбегі үшін бірнеше медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған.


Лавриненеко Александр Александрович (1934-2001)

Заңгер-құқыққорғаушы. Еңбек ардагері. 1934 жылы 3-ші желтоқсанда Белоруссияның Мстиславский ауданында туған. Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы Жезқазған №1 автобазасында бастады. Қаланың ірі автокөлік кәсіпорнының жүргізушісінен директорлығына дейінгі баспалдақтарынан өтті. Сәтбаев қаласындағы жаңа автокөлік кәсіпорнының құрылуына тікелей атсалысты. Халық депуттары Жезқазған поселкелік және Никольский қалалық Кеңестерінің депутаты болды.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет