Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет15/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44

Тілеубаев Қозғанбай Ыбырайұлы

Соғыс және еңбек ардагері. 1925 жылы 15 тамызда Ақмола облысы Балқашы ауданында дүниеге келді. Колхозда есепші, комсомол ұйымы хатшысы болып жұмыс істеді. 1943 жылы майданға аттанып, 57-ші дивизия құрамында шайқастарға қатысты, жапон-моңгол шекарасында қызмет етті. 1953 жылдан «Казмедьстрой» тресі тұрғын үй қорында инспектор, Никольский қалалық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, Никольский поселкелік Кеңесінің төрағасы міндеттерін атқарды. Бірнеше орден-медальдардың иегері.
Халиков Хамит Салихұлы
Еңбек ардагері. 1938 жылы 25 мамырда Нижне-Удинск қаласында туған. Татарстанның Бугульме қаласындағы ауылшаруашылдық училищесін бітіріп, Көкшетау облысының тың игеру жұмысында механизатор болып еңбек етті. 1959 жылы Никольский поселкесіне келіп, №31-32 шахталарында жұмыс істеді. 1996 жылы жерасты өздігінен жүретін қондырғылардың тәжірибелі маманы ретінде Шығыс Жезқазған кенішінің №57 алып шахтасына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1979 жылы Никольский қаласында алғашқы «Мечта» аула клубын ұйымдастырды, оның бастамасымен аула клубтарының спорттық жарыстары өткізіліп тұрды.

Гиганова Ксения Николаевна
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Еңбек ардагері. 1935 жылы 4 ақпанда Алтай өлкесі Петропавловский ауданының Антоневка селосында туған. 1960 жылы Томск Мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған поселкесіндегі №3 ауруханада дәрігер-терапевт болып бастады. Учаскелік терапевт, бөлім меңгерушісі, қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер, медициналық-санитарлық бөлім бас дәрігерінің орынбасары (1981-1996) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін функционалды диагностика дәрігері болып жұмыс істеді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Бірнеше рет поселкелік және қалалық Кеңес депутаттығына сайланды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Жақанова Күлзағира Бәкенқызы

Еңбек ардагері, мұғалім-әдіскер. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1938 жылы 12 мамырда Жезді ауданының Қарсақпай поселкесінде туған. 1961 жылы Қарағанды педагогикалық институтының химия – биология факультетін бітірді. Еңбек жолын 1962 жылы Жезқазған поселкесіндегі №2 жұмысшы жастар мектебінде бастады. 1970 жылдан бастап №1 кәсіби мектепте химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. «Еңбек ардагері» медалі және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет