Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет1/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Сәтбаев қаласының

орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Сәтбаев қаласының

Құрметті азаматтары

(Сәтбаев қаласының 40 жылдығына арналған әдістемелік құрал)

Сәтбаев, 2013

Сарыарқа жерінде ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаевтың кенорындары қорын ашуының арқасында тақыр жерде Жезқазған, Сәтбаев қалалары бой көтерді, қазір бұл қалалардың өнімдері бүкіл құрылысшыларының, Жезқазған-Сәтбаев қалаларының негізін қалаушылардың осы өлкенің экономикасы, денсаулық сақтау ісі, білімі, мәдениетінің өсіп-өркендеуіне мол үлестерін қосқан жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің жемісі.

«Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы» туралы ереже 1977 жылы бұрынғы Никольский қаласы халық депутаттары Кеңесі және Атқарушы комитетінің шешімімен қабылданды. 2001 жылдың 26 тамызында Сәтбаев қалалық мәслихат сессиясында жергілікті депуттар «Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы», «Почетный гражданин города Сатпаев» атағын беру ережесін бекітті.

Қаланың 30 жылдығына (2003 ж.) байланысты бұл атаққа 105 адам ие болды, содан бергі жылдарда бұл тізім жалғасын табуда, қазір 155 адам осы лауазымға ие. Сәтбаев қаласының біраз көшелері Құрметті азаматтар есімімен аталады: Ә.Құсайынов, Р.Жанжігітов, В.Гурба, Ж,Үншібаев т.б.


Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Аса көрнекті ғалым, академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев жалпы Жезқазған өңірінің Құрметті азаматы. Бұл атақ ол кісіге Қазақстан түсті металлургиясының дамуы мен Жезказқан аймағы байлығын игеруге және Үлкен Жезқазған құрылысына сіңірген зор еңбегі үшін берілді. Жезқазған жерінде Қаныш Имантайұлы 15 жыл (1926-1941) еңбек етті, осы жылдар ішінде өңірдің барлық кен байлығын зерттеді. Қ.Сәтбаевқа қаламыздың тұңғыш Құрметті азаматы атағы 1977 жылы Никольский қаласының халық депуттары Кеңесі мен Атқарушы комитеті шешімімен берілді.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 13.09.1990 жылғы №251-ХІІ қаулысымен Никольский қаласы үлкен Жезқазғанның негізін қалаушы Қ.И.Сәтбаевтың құрметіне Сәтбаев қаласы болып аталды.



Жезқазған-Сәтбаев қалаларында ғұлама ғалым атында көше мен даңғыл, екі қалада да ескерткіш, бюсті бар. Кезінде Жезқазған тау-кен металлургия комбинатына Сәтбаев есемі берілген. Қазіргі кезендегі «Қазақмыс» корпорациясының әлем нарығындағы болашаққа нық қадам жасап жүргені Қ.И.Сәтбаевтың жемісті еңбегінің арқасы.
Гурба Виктор Васильевич
1914 жылы Сумск облысының Глухов қаласында туған. Техникум бітірген соң Орал түсті металдар институтының кешкі бөліміне оқуға түсті. Оны бітіргенсін Орал тау-кен Жезқазғанда комбинаттың бас инженері, кең басқармасының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы тау-кен металлургия комбинатының директорлығына тағайындалды. В.Гурбаның басқаруымен комбинат кен өндіруді 2 есеге арттырды, таза мыс 1,7 есеге, концентратты қорғасын 3,3 есеге ұлғайтылды. Жоспардан тыс 17,7 млн.сомның өнімі өндірілді. Жерасты забойында өздігінен жүретін жабдықтар енгізілді. Гурба В.В. – ірі өндіріс ұйымдастырушысы, техника ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты. 1966 жылдың 20 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен В.Гурбаға Социалистік Еңбек ері атағы берілді. 1981 жылы қайтыс болды. В.Гурба есімімен аталған Жезқазған және Сәтбаев қалаларында көшелер бар.
Бөпежанов Мұхит Құлжанұлы
1910 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келді. 1930 жылы мектеп бітірген соң Мәскеудің алтын және түсті металдар институтына оқуға түсіп, оны 1936 жылы бітіріп шығады. Кен инженері мамандығын алып шыққан ол осы жылы жолдамамен Жезқазғанға келді. Еңбек жолын шахтада ауысым бастығы болып бастап, шахта бастығы, кенбасқармасы бас инженерінің орынбасары, кенбасқармасының бас инженері болып тағайындалды, ал 1958 жылдан бастап кенбасқармасының директоры болып еңбек етті. Мұхит Құлжанұлы Жезқазған кенішіндегі шахталардың қуатын ұлғайту жөніндегі жұмысқа басшылық жасап, кен өндірісіндегі өздігінен жүретін техникалардың жоғары өнімділігін арттыру мен өндіріске озық тәжірибелер енгізу ісіне ұйытқы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысымен 1961 жылы М.Қ.Бөпежановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1965 жылы Қазақ КСР түсті металлургия министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы қайтыс болды, Алматыда жерленген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет