Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет19/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

Сафаргалиев Гариф Сафаргалиевич
Инженер-геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. 1913 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз қаласында туған. 1941 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітіргенсін, «Қазтүстіметаллбарлау» тресінің Қызылтау және Саяқ геологиялық барлау партияларында геолог боп еңбек жолын бастады. 1944 жылы Жезқазғанға жіберілді, содан бстап негізгі еңбек жолдары осы өңірде жалғасты. «Петро», «Покро» шахталарының аға геологы, бас геологы, «Петро» шахтасының бас инженері, бастығы, Батыс Жезқазған кеніші өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1972-1986 жылдары Жезқазған аймағы шикізат базасын дамыту тұрғысында ғылыми зерттеу жүргізді. Жезқазған политекникалық институты кешкі факультетінің деканы, «Жезқазғантүстіметалл» институты ашық тау-кен жұмыстары зертханасының меңгерушісі болды. «Жезқазғантүстіметалл» институты ашық тау-кен жұмыстары зертханасының меңгерушісі болды. «Жезқазғантүстіметалл» партия комитетінің хатшылығына, Жезқазған поселкесі мен Сәтбаев қалалық Кеңестерінің депутаттығына сайланды. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Жеңістің 30 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.
Уразгалиев Анатолий Алексеевич (1951)
Тау-кен инженрі. «Снежный барс» альпинистік спорттың шебері. Хан тәңірі шыңына шығудан КСРО чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан альпинизм спортының бірнеше дүркін чемпионы. Қазақ политехникалық институтын бітіргенсін 1983-1994 ж – жерасты тау-кен шебері, Оңтүстік және Батыс Жезқазған кеніштерінде учаске бастығы қызметтерін атқарды.
Бейсенбекова Шабал Бейсенбекқызы
Мұғалім-әдіскер. Қазақ КСР оқу ісінің озаты, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері. 1937 жылы Ұлытау ауданында туған. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып Жезқазған поселкесіндегі №7 мектептен бастады. Қатардағы мұғалімнен мектеп директорына дейінгі жолдардан өтті. 1967 жылы Весовая елді мекеніндегі №10 мектептің директорлығына тағайындалды, 1975 жылы №27 қазақ орта мектебінің директоры болып еңбек жолын жалғастырды. Құрметті демалысқа шықса да әлі мектепте жұмыс істеп жүр. Ш.Бейсенбекова 9 бала өсіріп тәрбиелеген ардақты ана. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Аналық даңқ» ордендерімен және ҚР-сы оқу-ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жұмағазиева Әсия Есенғалиқызы
ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің озаты. 1937 жылы туған. 1959 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. Еңбек жолын Орал облысы Жанғалы ауданында педиатр болып бастады. Әрі қарай Жезқазған поселкесіндегі №3 ауруханада дәрігер-педиатр ретінде еңбегін жалғастырды, балалар соматикалық бөлімінің меңгерушісі болды. Әлия Есенғалиқызының ұйымдастыруымен науқасы қатерлі балалар үшін интенсивті терапияның жатын орындары ашылды. Никольский қаласындағы №4 аурухананың баларға көрсетілетін қызметі орталықтандырылған уақытта (1970ж.) Ә.Жұмағазиева балалар бас дәрігерінің орынбасарлығына тағайындалды. Оның тікелей басшылығымен 70 кереуеттік (койка) инфекциялық бөлім ашылды. Соматикалық балалар санаторийінің бас дәрігері болды. Медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Иманғалиев Әсер Иманғалиұлы
Техника ғылымдарының докторы. ҚР-сы минералды ресурстар Академиясының академигі, ҚР-ң еңбек сіңірген өнертапқышы және рационализаторы. 1929 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында туған. 1957 жылы Новочеркасск политехникалық институтын бітіргенсін, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатына жіберлді, онда тау-кен шеберінен шахтаүңгілеу тресі басқарушысының орынбасарлығына дейінгі баспалдақтардан өтті. 1972 жылы жаңадан ашылған «Жезқазған ҒЗЖИтүстіметалл» (Жезк.НИПИцветмет) институты ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары болып тағайындалды. 1977 жылы институтта жерастын өңдеу-пайдалану зертханасын басқарды, содан кейін осы институттың ғылым жөніндегі директоры болды. 150 ғылыми еңбек пен 50 өнертабыстардың авторы. Ол тау-кен жұмыстарының жобалауы мен өндірісіне пайдалануға енгізілген 250 нормативті құжаттар (технологиялық регламент, нұсқаулар мен әдістемелік көрсеткіштер) дайындады. «Құрмет белгісі» орденімен және КСРО халықшаруашылық жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) алтын, күміс, екі қолы медальдарымен марапатталған. Ғылым және техника саласы бойынша Қазақ КСР Министрлер кабинеті сыйлығының лауреаты, академиктер Қ.И.Сәтбаев және Ө.Байқоңыров атындағы сыйлықтардың иегері. Бірнеше рет халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Жоғары дәрежелі инженер және ғылыми мамандар дайындауға көп көңіл бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет