Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары


Популиди Дмитрий Нестерович (1928-2004)



бет21/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

Популиди Дмитрий Нестерович (1928-2004)
ҚР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының Құрметті азаматы. 1959 жылы құрылыс техникумын бітірген. Еңбек жолын 1953 жылы теміртау қаласындағы «Сібірарнайықұрылыс» (Сибспецстрой) басқармасында құбыр төеу слесары болып бастады. Техникум бітіргенсін «Қазметаллургқұрылыс» тресі «Суканалқұрылыс» басқармасының Қарағанды металлургиялық комбинаты жерасты коммуникацияларының құрылысына жіберілді, шебер, прораб, аға прораб болып еңбек етті. 1961 жылы Никольский поселкесі «Сукналқұрылыс» басқармасына жіберіліп, онда 1969 жылға дейін аға прораб, бас инженер қызметін атқарды. 1969 жылы «Қазмысқұрылыс» тресі «Қалақұрылыс» басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1978-1995ж. «Қазмысқұрылыс» тресін басқарды. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Сурков Иван Тихонович

Еңбек ардагері. 1921 жылы туған. Жезқазғанда 1937 жылы комсомол жолдасымен келіп, 1939 жылға дейін Қарсақпайда бөгет құрылысында эксватор машинисі болып жұмыс істеді, содан кейін Рудник поселкесіне тау-кен жұмыстарына ауыстырылды. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында стахановшылар қозғалысы қатарында болды. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін «КСРО түсті металлургия социалистік жарысының жеңімпазы» белгісімен марапатталды. Бірнеше рет жергілікті Кеңес депутаты, кәсіподақ конференцияларының делегаты, халықтық соттың заседателі болды. 1954 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Солтүстік Жезқазған кенішінде жұмыс істеді. Үлкен тәжірибе мен теориялық білімінің арқасында 60-шы жылдар учаске энергетигі міндетін атқарды. Солтүстік Жезқазған кеніші карьерінің аға және бас энергетигі болды.
Шустов Николай Гаврилович

Тау-кен инженері. Еңбек ардагері. 1935 жылы 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Конюхов Ауданының Куламзено селосында туған. 1960 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында бастады. Забойшы, электрмен дәнекерлеушілер бригадирі, тау-кен шебері, «Покро-15» шахта учаскесінің бастығы (1960-1968), техникалық қауіпсіздік бас инженерінің орынбасары, №57 шахтасында тау-кен жұмыстары орынбасары, Шығыс Жезқазған кенішінің бас инженері (1968-1973) қызметтерін атқарды. 1973 жылдан партия жұмыстарында болды. Жезқазған қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы, өнеркәсіп, көлік, халықтық тұтыну тауарлары бөлімінің меңгерушісі (1985-1986) болды. 1986 жылдан өзінің негізгі амандығы бойынша жұмыс істейді. 1997 жылы кенбасқармасы тау-кен бөлімінің бастығы болып тағайындалды, 1999 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін (2000) мамандар дайындау бөлімі бастығы болып еңбек етті. Ғылыми мақалалар мен өнертабыстардың авторы. Қазақстан компартиясы ХІҮ, ХҮ съездерінің делегаты. «Құрмет белгісі» ордені мен «Қажырлы еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі грамотасымен марапатталған.
Аханов Мұзараф Аханұлы

Еңбек ардагері. 1934 жылы 24 желтоқсанда Ұлытау ауданы Аралтөбе ауылындатуған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын (1958), Алматы жоғарғы партия мектебін (1977) бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы аға коллектор, Жезқазған кешенді геология-барлау экспедициясының инженер-геологы болып бастады. Академик Қ.И.Сәтбаевтың жалпы басқаруымен жүргізілген Жезқазған кенорнының полиметалдық қорын есептеу жұмысына қатысты. Батыс Жезқазған кеніші бас геологының орынбасары, жаңадан құрылған Жезқазған шахтаүңгілеу тресінің бас геологы (1964-1965) болып жұмыс істеді. ЖШПТ партия комитетінің хатшысы (1967), Никольский қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы (1974) болып сайланды. 1982-1985 жылдарда Никольский қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасы, 1986-1996ж.-№1 шахтапроходка басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Астанаға 10 жыл» белгісі және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі құрмет грамотасының иегері. Бірнеше рет жергілікті Кеңес депутаты, партия сайлау органдарының мүшесі болып сайланды. Сәтбаев қаласы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет