Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет24/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44

Саденова Әлия Кәмешқызы
Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі. 1947 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысы Ұзынағаш ауылында туған. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген (1970). Еңбек жолын Весовая поселкесіндегі №12 мектепте ағылшын тілі мұғалімдігінен бастады. 1985 жылдан бастап испектор, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің меңгерушісі болды. №14 мектеп директоры қызметін атқарды (1990-1992). 1994 жылдан С.Сейфуллин атындағы гимназия директоры, бұл мектеп облыс және републикадағы үздік мектептердің бірі. Бірнеше рет қалалық мәслихат депутаты болып сайланды, Сәтбаев қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарды (2000). «Астана», «Ы.Алтынсарин» медальдары және ҚР-сы ғылым-білім Министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің, облыс білім департаментінің, Сәтбаев қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен мараптталған.
Брылина Антонина Андреевна
ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері. ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақ КСР хирургтары ғылыми қоғамының мүшесі. 1917 жылы 18 сәуірде туған. 1940 жылы Алматы медициналық институтын бітіргенсін, еңбек жолын Байқоңыр совхозында дәрігер-хирург болып бастады. Қарсақпай поселкесінде бас дәрігер, №2 аурухана бас дәрігері болып еңбек етті. 1955 жылы Жезқазған қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісі, қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болды. Брилинаның басқаруымен және хирургтар ғылыми қоғамымен тығыз байланыстың арқасында ауыстырмалы қан құю, дәріні күретамырдан жіберу енгізілді, қауіпті жағдайдың алдын алу үшін интенсивті терапия палаталары ұйымдастырылды, емдеу-профилактикалық көмектің бар мүмкіндігін пайдаланатын жаңа бөлімдер ашылды. «Құрмет белгісі» ордені (1961) мен «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалінің иегері.
Дәрімбетов Нұртай

Еңбек ардагері. 1928 жылы 1 тамызда Ұлытау ауданы Қаракеңгір совхозында туған. Еңбек жолын 1942 жылы ФЗО мектебін бітіргенсін электромонтер болып бастады. 1947 жылы Қарқаралы зооветеринарлық техникум бітіріп, ветеринар (мал емдеуші) болды. Педагогикалық институтты сырттай бітіріп мұғалім, Сәтбаев поселкесіндегі мектеп директорлығы қызметін атқарды. 1952 жылы Ұлытау ауданы комсомолының 1-ші хатшылығына сайланды. 1955-1959ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітіріп, Ұлытау ауданы партия-кеңестік органдарында жауапты қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жыл Жезқазған және Жыланды поселкелік Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Ким Владимир Петрович
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының директоры. 1953 жылы 25 шілдеде туған. Еңбек жолын 1975 жылы «Балхашсовхозқұрылыс» ПМК-да ағаш шебері болып бастады. 1976-1988 ж. – Қазақ жөндеу-реттеу бөлімшесінің электрослесарі, жерасты жұмысшысы, жерасты учаскесінің бастығы, №57 Шығыс Жезқазған кенішінің бас механигі, 1996-1998ж. – Анненск кенішінің бас механигі кенбасқармасының бас механигі, 1998 жылдан ТКШЖЗ (ЗГШО) директоры қызметтерін атқарды. 1999 жылы қоғамдық негізде қала әкімі орынбасары қызметін қоса атқарды. Сәтбаев қалалық мәслихаты 1-ші шақырылымының депутаты болды. «Кенші даңқы» құрмет белгісімен марапатталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет