Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет23/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

Байбосынов Шермұханбет


Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагері. КСРО түсті металлургия Министрлігінің құрметті кеншісі. Сәтбаев қаласы еңбек және соғыс ардагерлері Кеңесінің төрағасы, Қарағады облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі. 1926 жылы 2 сәуірде Қарсақпай ауданы Қызыл әскер колхозында туған. Соғыстың алғашқы жылдарында жанадан құрылған Марганец поселкелік Кеңестің хатшысы, содан соң Жезқазған мыс комбинатына қарасты Златоуст шахтасының ауысым бастығы болып еңбек етті. 1944 жылдың қараша айынан 1945 жылдың мамырына дейін 3-ші Белорус фронты 262-ші дивизиясының автоматшылар ротасында шайқасты, взвод командирі көмекшісі болды. Соғыстың аяғынан 1948 жылдың қарашасына дейін Кеңс армиясы қатарында қызмет етті. 1948 жылдың қарашасынан 1973 жылдың маусымына дейін аға қопарушы, жөндеуші, тау-кен шебері, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатының «Покро» шахтасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. 1973-1990ж.- Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты біріккен цехтарының мамандар бөлімі бастығы болды. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Қажырлы еңбегі үшін», «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіс үшін», «Кеңес Одағы маршалы Г.К.Жуков», «ҚР-ның конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері. «Коммунистік еңбек екпіндісі» белгісі және құрмет грамоталармен марапатталған.


Әбішева Базаргүл Әбішқызы (1939-2002)
Жоғарғы санатты дәрігер-терапевт. Еңбек ардагері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1939 жылы 14 ақпанда Қарсақпай поселкесінде туған. Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын бітірген (1964). Еңбек жолын учаскелік терапевт болып бастап, цех дәрігер-терапевті, дәрігер-ординатор, қалалық аурухана теравтік бөлімінің меңгерушісі, Сәтбаев қаласы медициналық-санитарлық бөлімі бас дәрігерінің орынбасары (1984-1997), бас дәрігер, кеңестік – профилактикалық емхана директоры болып еңбек етті. Көп жылғы қажырлы еңбегі және тұрғынадардың денсаулығын қорғау ісіне қосқан үлесі үшін ҚР-сы денсаулық сақтау Министрлігі мен Жезқазған облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Мұқашұлы Сейіл
Құрылысшы. Еңбек ардагері. 1940 жылы туған. Еңбек жолын 1958 жылы орта мектепті бітірген соң «Өндірістік құрылыс» (Промстрой) ҚБ-да арматурашы болып бастады. 1965 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіргенсін шебер, прораб, учаске бастығы, «Қазмысқұрылыс» тресінің «Өндірістік құрылыс» ҚБ-ның бас инженері болып еңбек етті. 1978 жылы құрылыс тресі «Зауытқұрылыс» (Заводстрой) ҚБ-ң бастығы болып тағайындалды. (1986-1989 ж- комбинаттың ЖҚБ (РСУ) және «Қазболатконструкция (Казстальконструкция) ҚМБ-да (СМУ) бас инженер болды. 1994 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы жөндеу құрылыс кешенінің құрылыс ұжымында ӨТБ (ПТО производственно-технический отдел) бастығы, бас инженер, ЖҚК-ның (РСК) Сәтбаев қаласына қарасты басқармасының директоры қызметтерін атқарды. ҚР-сы құрылыс және архитектура Министрлігі мен «Қазмысқұрылыс» тресінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ракутин Леонид Юрьевич
Инженер-құрылысшы. Еңбек ардагері. 1940 жылы Белоруссияда туған. Могилевте техникум бітіргенсін комсомолдық жолдамамен Жезқазғанға «Ақтоғай-Достық» теміржол құрылысына келді. 1963 жылы еңбек жолын «Қазмысқұрылыс» тресінде жалғастырды: аға инженер, комбинаттың күрделі құрылыс басқармасы тұрғын-үй құрылысының бастығы (1965-1973), өндірістік бөлім бастығы (1972-1976), «Қазмысқұрылыс» тресі бас инженерінің орынбасары (1976-1980), «Жезқазғанауырқұрылыс» (Жезказгантяжстрой) құрылыс бірлестігі «Үйқұрылысы»-ның бас инженері (1980-1985), «Қазмысқұрылыс» тресі басқарушысының орынбасары (1985-1989), бас инженер, трест басқарушысы (1989-1993), «Қазмысқұрылыс» АҚ-ның президенті (1994), «Корпорация Қазамыс» ЖШС-ң құрылыс жөніндегі кеңесшісі (2001-2007) қызметтерін атқарды. 2007 жылдың мамыр айынан – «Қазақмыс» корпорациясының жер ресурстары және жылжымайтын мүлік басқармасы өндірістік бөлімінің бастығы. Бірнеше рет қалалық және облыстық халық депуттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Қажырлы еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақ КСР және КСРО ауыр индустрия кәсіпорын құрылысы Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет