Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет38/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44

Беланова Галина Федоровна
Еңбек ардагері. Педагог. 1947 жылы 6 желтоқсанда Алтай өткесі Мамонтовский ауданының Буденовка селосында туған. Еңбек жолын 1966 жылы Жезқазған поселкесінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тәрбиешіліктен бастады. 1977 жылы тамызда халық депутаттары Жезқазған поселкелік Кеңесі атқару комитетінің депутаты және хатшысы болып сайланды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 2008 жылы мемлекеттік қызметте- поселке әкімінің орынбасары болды. Сәтбаев қалалық және поселкелік Кеңестің әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құрмет грамоталарымен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісі, Сәтбаев қаласы мен Қарағанды облысы әкімдерінің құрмет грамоталарымен, «ҚР-сы конституциясына 10 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

Бигун Лидия Семеновна
Еңбек ардагері. ТЖЖК (ППЖТ) клубының жетекшісі. 1938 жылы 7 желтоқсанда Иванов облысында туған. Еңбек жолын 1957 жылы Ивановск мәдени-ағарту училищесін бітіргенсін, Иванов облысы Первомайск қаласының мәдениет сарайында көркемдік жетекшіліктен бастады. 1961 жылдың наурызынан ТЖЖК клубының ауысымсыз жетекшісі. Қазақ КСР Түсті металлургия Министрлігі құрмет грамоталарымен, «Кәсіподақ мәдени-ағарту мекемелеріндегі үздік жұмысы үшін» белгісімен марапатталған. Есімі Никольский қаласы (қазіргі Сәтбаев) мәдениет бөлімінің Құрмет Кітабына енгізілген.

Ескенов Сатыбалды
Экономист. Еңбек ардагері. Тыл еңбеккері. 1925 жылы 1 шілдеде туған. Еңбек жолын 1941 жылы Қарағанды көмір шахталарында бастады, ФЗО-да өндірістік оқыту шебері, 1952 жылдан бастап Жезқазған тау-кен комбинатының шахтабасқармасында нормалаушы, техник-нормалаушы, аға инженер, кенбасқарамасы нормативті-зерттеу стансасының экономисі (1956-1959), №51 шахтасынжа жерасты жөндеушісі, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында бөлім аға механигі (1960-1966), 1966 жылдан құрметті демалысқа шыққанша Шығыс Жезқазған кеніші №42,51,57 шахталарының жалақы және еңбек бөлімінің бастығы болып еңбек етті. Жиырма бес жыл қатарынан Шығыс Жезқазған кеніші бастауыш партия ұйымының хатшылығына сайланды, партбюро мүшесі болды. «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» (1946) медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен (1973), мерейтойлық медальдар, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Кантеева Раушан Өмірбекқызы
Педагог, заңгер. 1950 жылы 15 сәуірде Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок селосында туған. Еңбек жолын 1967 жылы орта мектептің аға пионержетекшісі болып бастады. 1977 жылға дейін білім беру саласында оқытушы, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастырушысы, білім бөлімінде тәлімгер болып еңбек етті. 1977 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Құрметті демалысқа шыққанша (2009) Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бастығы болды. Халық депутаттары қалалық Кеңесінің екі шақырылымының депутаттығына сайланды. Бірнеше рет ҚР-сы Әділет Министрлігі және облыс, қала әкімдерінің құрмет грамоталарымен мараптталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет