Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет35/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

Махатов Әбілаш Ерденұлы
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1914 жылы 23 сәуірде Ұлытау Қаракеңгір совхозында туған. 1940 жылы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес селосында мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Венгрия, Болгария, Югославия, Австрияны фашистерден азат ету ұрыстарына қатысты, 89-шы артиллериялық полктың командирі болды. Соғыс бітіп елге қайтқан соң құрметті демалысқа шыққанға дейін Жезқазған поселкесіндегі №7 қазақ орта мектебінде мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кешкі мектеп директоры болып еңбек етті. «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «КСРО маршалы Жуков Г.К.», «Берлиндегі жеңіс үшін» медальдары, «Үздік артиллерист» төсбелгісі т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.
Соколов Трофим Андреевич
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1927 жылы 3 қаңтарда Суворов ауданы Измайлский облысы (қазір Одесса облысы) Камышовка селосында туған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста 146-шы атқыштар полкында жаумен шайқасты. Жапониямен соғысқа қатысты. 1955 жылы комсомолдық жолдамамен тың игеруге Қазақстанға келіп, Ломоносов атындағы совхозда тракторшы, комбайншы болып жұмыс істеді. Никольский поселкесіне 1960 жылы келіп, 1982 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін Солтүстік Жезқазған кенішінде бульдозерші болып еңбек етті. «Жапондықтармен болған шайқастағы жеңіс үшін» т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.
Федотов Дмитрий Иосифович
Ұлы Отан соғысы ардагері. 1924 жылы 20 қазанда Новосібір облысы Бердск қаласында туған. Сібір автожол институтын бітірген (1957). 1941 жылы қолөнер училищесін бітіріп, зауытта токарь болып жұмыс істеді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып Новосібір жаяу әскер училищесіне жіберілді. 1943 жылы майданға аттанды. Орталық майдан 222-ші атқыштар дивизиясының 179-шы атқыштар полкінде жаумен шайқасты, бөлімше командирі болды. Кейіннен Орталық майдан таратылып, Белорус майданы құрылды. Д.Иосифович 3-ші және 1-ші Белорусм майданы құрамында болды. 1943 жылы мамырда 30721-ші әскери бөлімшенің автокөлік батальонына қабылданып, оның құрамында Белоруссия, Литва, Польша, Германия жерлерінде ұрысқа қатысты. Берлинді алғаннан кейін Федотов батальоны Батысқа қарай жүріп Эльба өзені бойында Америка мен Англия одақтас әскерлерімен кездесті Соғыс біткенсін Бердск радио зауытында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1957 жылы институтты үздік бітіріп, жолдамамен Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясына жіберілді. Онда көлік гаражының механигі, экспедиция көлік шаруашылығының бастығы, экспедиция бас механигі, жөндеу-механикалық қызмет бастығы қызметтерін атқарды. 1977 жылдан құрметті демалыста. «2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «КСРО маршалы Жуков Г.К.», «Германиядағы жеңіс үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны алғаны үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.


Артеменко Нина Симоновна


Еңбек ардагері. «Қазақмыс» корпорациясы тау-кен өндірісі ардагерлерін қолдау қорының кеңесшісі. Солтүстік Жезқазған кеніші ардагерлер Кеңесінің төрайымы. 1939 жылы 30 наурызда Украин КСР Черкасский облысында туған. Никольский поселкесіне 1957 жылы келді. Солтүстік Жезқазған кенішінде теміржол рельсін айырушы, біріктіруші (стрелочник), пісіруші (сварщик), крановщик болып еңбек етті. 1972-1989ж.- құрметті демалысқа шыққанша Солтүстік Жезқазған кеніші теміржол цехында аккумуляторшы болып жұмыс істеді. «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет