Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет43/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Қожақметов Мағзұм Омарұлы
1-ші санатты терапевт-дәрігер. 1947жылы Ұлытау ауданы Қаракеңгір совхозында туған. 1966-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Ленинградта әскери қызметін өтеді. Қарағанды медицина институтын (1975) бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Ұлытау аудандық ауруханасында терапевт болып бастады, сосын Сарыкеңгір учаскелік ауруханасының меңгерушісі (1978-1979), №6 ОДА (СВА) аға дәрігері (1996-2002), 2002 жылдан «Қожахметов» ЖШС-нің директоры, Сәтбаев қаласы отбасылқ дәрігерлер Ассоциациясының президенті.
Менькова Галина Григорьевна
ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1946 жылы 13 тамызда Қарсақпай поселкесінде қызметкерлер отбасында туған. Жезқазған медучилищесін (1970), Жезқазған педагогикалық институтын (1985) үздік бітірді. Еңбек жолын 16 жастан Рудник поселкесінде №3 аурухана хирургиялық бөлімінің санитаркасы болып бастады. 1975 жылы Никольский қаласы денсаулық сақтау бөлімінің №9 балалар бақшасы меңгерушілігіне тағайындалды. Осы жылы №10 бала-бақша меңгерушісі болып ауыстырылды. 2003 жылы ол басқарған ұжым «Әйел басқаратын ең үздік мекеме» («Білім» номинациясы бойынша) облыстық конкурсының жеңімпазы атанды. «ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері. Қалалық іскер әйелдер Ассоциациясының, қалалық білім бөлімі Кеңесінің мүшесі.
Бурда Роман Степанович


ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1957 жылы 4 маусымда Рудник поселкесінде туған. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін (1975), Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын мәдени-ағарту қызметкері мамандығы бойынша (1985) бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Весовая елді мекеніндегі №2 музыка мектебінде баян класы бойынша оқытушы болып бастады. «Кенші» мәдениет сарайында «Ритм» вокалды-аспапты ансамбль жетекшісі болды. 1985 жылы Никольский қаласы пионерлер сарайының директорлығына тағайындалды. 1995 жылдан бастап Сәтбаев қаласы Балалар өнер мектебінің директоры. Балалар Ассоциациясы мүшесі. Украин ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі. «ҚР-ның конституциясына 10 жыл» медалімен, Қарағанды облысы және Сәтбаев қаласы әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.



Ыдырысова Фатима Сахрапқызы
ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1948 жылы 12 қарашада Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1973). Қазақ КСР Ғылым Академиясы химия-металлургиялық институтында лаборант, Сәтбаев қаласы № 14 мектебінде биология, химия, география пәндерінің мұғалімі. № 5 мектеп директоры (1989-1994), қалалық білім бөлімінің меңгерушісі (1994-1997) болды. 1997 жылдан бастап Қарағанды облысы отбасылық типтегі Балалар үйінің директоры. Бірнеше рет Қазақ КСР білім Министрлігінің, облыстық Білім Департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Несіпбаев Амангелді Несіпбайұлы
Жоғары сантты дәрігер-эпидемиолог. ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1949 жылы 24 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. Қарағанды медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген (1977). Еңбек жолын Жезқазған облысы санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-эпидемиолог болып бастады. Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі, облыстық СЭС бас дәрігерінің орынбасары (1979-1990), Жезқазған облысы тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері (1996), Жезқазған қаласы арнайы емдеу-профилактикалық мекемесінің бас дәрігері (1997-1999) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан бастап Сәтбаев қалалық туберкулезді емдеу диспансерінің бас дәрігері. ҚР-сы эпидемиологтарының ІІІ жән ІҮ съезінің, КСРО эпидемиологтары, инфекционист-микробиологтарының Бакуде өткен ІІІ съезінің делегаты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет