Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет37/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44

Әліпбергенов Махмұт Қасланұлы
Тау-кен инженері. 1964 жылы 18 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Қызыларай совхозында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1986). Бұрғышы көмекшісінен «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС бас басқарушысына дейінгі еңбек сатыларынан өтті. Тау-кен инженері, учаске бастығы орынбасары, учаске бастығы, шахта бас инженері, шахта бастығы, кеніш бас инженері, Оңтүстік және Батыс Жезқазған кеніштерінің директоры қызметтерін атқарды. 2002-2006ж. – «Балқаштүстіметалл» ӨБ-нің директоры болды. Қала мәслихаты 1-ші шақырылымының депутаты. «Кенші даңқы» төсбелгісімен, облыс, қала әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Дүйсенбаев Асқар Қадыркенұлы
Тау-кен инженері. 1961 жылы Қарағанды қаласында кенші отбасында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1984). Еңбек жолын Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында тау-кен жұмысшысы болып бастады. Учаске шеберінен «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС-нің материалдық-техникалық жабдықтау директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. А.Дүйсенбаев бірнеше жыл инвестиция мәселесі мен күрделі құрылыс, корпорация кен базасынын дамуы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жүзеге асуын, әлеуметтік жағдай, Сәтбаев, Балқаш пен Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өнеркәсіп құру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін қадағалады. Оның араласуымен бой көтерген нысандар қатарында – мешіт, шіркеу, стоматологиялық орталық, спорттық-сауықтыру кешені бар.
Махамбет Жұмат


Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі. 1945 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірген (1972). Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония солисі болды. Т.Жүргенов атындағы өнер мен мәдениет институ эстрада әншілері кафедрасының доценті. Профессор.


Аханов Талғат Мұзарафұлы


Тау-кен инженері. 1968 жылы 12 сәуірде Қарағанды облысында туған. 1992 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргенсін Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатының жерасты кеніштерінде еңбек жолын бастады. Тау-кен шебері, учаске бастығы, №65,67 шахталар бастығы, оңтүстік Жезқазған кенішінің бас инженері, Анненск кеніші директоры, «Корпорация «Қазақмыс» ЖШС-ң өндіріс жөніндегі атқарушы директоры қызметтерін атқарды. «Қорпорация «Қазақмыс» ЖШС-ң бас директоры. 3-ші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет