Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары


Батюк Анна Радионовна (1922-2009)



бет34/44
Дата10.04.2020
өлшемі10,42 Mb.
#60697
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

Батюк Анна Радионовна (1922-2009)
Соғыс және еңбек ардагері. 1922 жылы 8 наурызда Әзірбайжан КСР Кировабад қаласында туған. 1942-1943 жылдары танк бригадасында болды, содан кейін соғс біткенше санитарлық поездарда жұмыс істеді. Соғыстан қайтқансын Грозный қаласында еңбек етті. Никольский поселкесіне 1956 жылы келді. Құрметті демалысқа шыққанша 37 жыл мемлекеттік банкте қызмет етті. Сәтбаев қаласының соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшесі болды. 2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «КСРО маршалы «Жуков Г.К.», «Еңбек ардагері» және мерекелік медальдармен мараптталған.
Дауылбаев Тоғай


Ұлы Отан соғысы мүгедегі. Еңбек ардагері. 1923 жылы 20 маусымда Ұлытау ауданында жұмысшы отбасында туған. 1930 жылы екі сыныпты бітіріп Жезді ауданында жолшы болып жұмыс істеді. 1942 жылы 18 жасында әскерге шақырылды. 1-ші Украина майданы 29-шы полк құрамында жаумен шайқасты. 1943 жылы маусымда ауыр жарақат алып, майданнан 2-ші топтағы мүгедек болып қайтты. Соғыстан кейінгі жылдарда колхозда еңбек етті. 1950 жылы Қарқаралыда институт бітіргенсін 32 жыл мал дәрігері болып еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты. «Жеңіс үшін», «Ұлы Отан соғысы ардагері» ордендері және «КСРО маршалы Жуков Г.К.» медалімен марапатталған.



Маймақова Кәуия Кәкімқызы


КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1946 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұзынағаш поселкесінде туған. Алматы медицина институтының педиатрия факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын Алматыда дәрігер-ординатор болып бастады. 1972 жылдан бастап Сәтбаев қаласындағы №1 аурухана соматикалық балалар бөлімі меңгерушісі, жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері (1984-1994), Сәтбаев қаласы консультациялық-диагностикалық емхананың дәрігер-невропатологы (1997-2005) болып еңбек етті. 1984-1994 жылдарда қаланың әйелдер Кеңесін басқарды. Құрметті демалысқа шықса да тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. Сәтбаев қаласы әскери шақырту комиссиясының төрайымы. ҚР-сы денсаулық сақтау Министрлігінің т.б. құрмет грамоталарымен марапатталған.


Қалиев Қожа (1920-2008)


Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1920 жылы Торғай уезі Дулыға поселкесінде туған. Он жылдық мектепті бітіргенсін 1936 жылы мұғалімдерді даярлайтын курсқа түседі. 1938 жылы курсты бітіріп, қарсақпай поселкесінде мектеп мұғалімі болып жұмысқа тұрды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 11-ші гвардиялық танкі жойғыш дивизия құрамында 170-ші танкілік артиллериялық полктың зеңбірек командирі болды, 1-ші және 3-ші Украина, 1-ші Прибалтика және Калининград майданында жаумен шайқасты. Соғыс аяқталғансын 1946 жылы Қарсақпайға оралып, мұғалімдік еңбегін жалғастырды. 1981 жылы зейнеткерлікке шықты. «Қызыл жұлдыз», 1-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері, «КСРО маршалы Жуков Г.К.», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Венаны алғаны үшін» т.б. мерекелік медальдармен мараптталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет