«Құлақ естігенді көз көреді» деген. Оңтүстік бағытқа салынып жатқан жаңа шахтаның сырт сұлбасының өзі кімді болса да алыстан мен мұндалап шақырып тұрғандай, көз тартарлықтай сымбаттанып бой көтергенін ел көрді. Сөйтіп, Оңтүстік Жезқазған кеніші құрылғаннан кейін одан тура он жылдан соң салынып біткен шахта көптің көз жауын алды. Осылайша, №65 шахтаның 1975 жылдың мамырында бірінші кезегі, ал желтоқсанында екінші бөлігі пай-далануға берілді. Жаңа шахтаның іске қосылуы Оңтүстік кеніштің жоспарына едәуір өзгеріс енгізді. Жылдық кен өндіру мүмкіндігі екі еселенді. Осылайша Оңтүстік кеніш жылына 55000 тонна кен өндіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл әрине, бүгінгі өлшеммен алғанда айтарлықтай көрсеткіш болмаса да, сол жылдардағы өзі қатарлы кеніштермен салыстырғанда айтарлықтай деуге келетін. Жаңа шахтадағы еңбек көрігі қыза түсті. Мол табыстың көзі ашылғандай. Кеншілер де, оларға көмектесетін қанаттас салалардың да ма-мандары да, жалпы алғанда тұтас кеніш ұжымы әр ай сайын жоспар орындау ды межелі мөлшерге айналдырып алды. Осыған орай, кеніш құрамына және бір жаңа шахта қосылды. Бұл 1984 жылы пайдалануға беріліп, Оңтүстік кенішің қанатын кеңге жаюына мол үлес қосушы №67 шахта дер едік. Кеніш тегі жаңа шахталарға жаңа алып техникалар әкелініп, олар іске қосылды.
Оңтүстік кеніш «Озаттар отаны» деген ауызекі әңгімеде айтылатынындай келісті кеніш болып қалыптасты. Әрине, кеніштің тың көрсеткіштері көңілді қанша көтеріп, еңбектің нәтижесіне қол жетіп жатқанымен, кейінде «тоқырау» деген атпен есте қалған жылдардағы жағдай бірте-бірте өз әсерін тигізе бастағанын айтпай кетуге болмас. Қанша көлемде кен алынғанымен мысты өткізетін жердің азаюы, оның сұранысы төмендей бастауы жалақыға да, басқа да жағдайларға әсер ете бастады.Тұтас бір елдің экономикасына, мәдениеті мен әлеуметтік саласына елеулі үлес қосып отырған Жезқазған өн-дірістік аймағындағы осы бір қиын-қыстау шақты Елбасы Н.Ә.Назарбаев дер кезінде аңғарып, өндіріске шетелдік инвесторларды тартуды қолға алып, тендерлік конкурс шарттарын ұсынды. Оған әлемдегі бірнеше алып алпауыт-тар қатысып, Жезқазған кеніштерінде бақ сынауға үміт артты. Солардың іші-нен Елбасы бұрын металлургия саласымен толық айналыспаса да, ұсынған шарттардың талаптарын орындауға толық келісімін берген «Самсунг-Дойч-ланд» компаниясымен жұмыс істеуді қалады. Бұл дер кезінде қабылданған өте дұрыс шешім болды. Бүгінгі күні бүкіл әлем танып-біліп, мойындаған «Қа-зақмыс» корпорациясының өндірісті басқару ісін қолына алуына жол ашты. Осылайша Жезқазған жеріндегі өндіріс ошақтарының екінші тынысы ашылды «Самсунг» компаниясынан енші алып, өз жолын салған «Қазақмыс» корпо-рациясының президенті В.С.Ким мырза кеніштердегі жағдайлармен терең таныса келіп, оның өндіріс саласындағы барлық буынды жаңа өмірге, нарықтық қатынастарға сай қалыптасудың алғышарттарын ұсынды. Корпора ция президенті Басқарма төрағасына осы кеніштердің жағдайын жақсы білетін білікті мамандар арасынан Р.Б.Юн мырзаны ұсынып, бірге қызмет ат-қаруға шақырды.
Еңбек жолын кеніштерде қатардағы кеншіліктен бастап директорлыққа дейінгі жолдан сатылап, тек өзінің білімі мен іс тәжірибесінің арқасында өсіп, кеншілердің үлкен құрметіне ие болған Руслан Борисович Басқарма төрағасы қызметінде корпорацияның барлық өндіріс орындарына бірдей зер салып, басшылық етті. Солардың ішінде ол өзі 1989 жылы директор болып жаңа техникаларды жер астындағы кен жұмыстарында іс жүзінде пайдаланудан өткізіп, көптеген жаңалықтар ашып, тың табыстарға қол жеткізуіне ықпал ет-кен «Оңтүстік» кенішке ерекше назар аударды десек артық айтқандық емес. Кезінде өзі бастап кеткен жаңа техникаларды пайдаланудың енді тұтастай жаңа кешенді бағдарламаларын өндіріске енгізді. Ең бастысы, осында еңбек пен жалақы мәселесіне қатаң тәртіп орнатты.
Әрине, бастауын әріден, дұрыс ұйымдастырудан бастап алған «Оңтүстік» сол өзінің «алып» деген атынан айнымады. Ең алғашқы директоры Рүстем Дәуітовтен кейін мұнда тұтастай бір басшылықтың баспалдағынан өткен жас та, білікті маман-басшылар қалыптасты. Мәселен, Х.К.Қанафин, ағайынды Руслан мен Александр Юн, Т.Мағзұмов, М.Әліпбергенов, А.Минигулов, И.Тыныбеков, Г.Төлеубаев, Р.Есімов, Е.Әлкенов, Ж.Бөрібаев есімдері кенші-лер арасында құрметпен аталады.
«Оңтүстік кеніш – озаттар кеніші» деп шынында да бекерден-бекер айтылмаған. Осы өңірдегі кеншілер арасындағы ерен еңбектері үшін жоғары марапатқа, наградаларға ие болғандары жағынан да осы кеніш оқ бойы озып тұр. Кеніш құрылғаннан бері 25 адам «Кенші даңқы» белгісімен марапатталыпты. Ал, кеудесіне «Алтын жұлдыз» таққан айтулы үш кеншінің үшеуі де осы кеніштің нағыз шамшырағы болғанын айтпай кетуге әсте болмас. Осы кеніште 1956 жылдан еңбек еткен ҚР-ң Құрметті кеншісі Әубәкір Құсайынов кеңестер кезеңіндегі ең жоғары атақ Социалистік Еңбек Ері атанса оның сол бір өнегелі жолын есімдерін елі сыйлаған даңғайыр кеншілер Соц. Еңбек Ерлері Қазымхан Кентаев пен Демберген Баймағанбетов жақсы жалғастырды. Үзіліссіз еңбек етіп, табыстың тайқазанын тасытқандардың бірі - №45 шахтаның забойшысы Тайғара Естаев Ленин орденін омырауына таққан еді. Дәл осындай құрмет пен марапатқа №65 шахтаның забойшылар бригадирі Н.Я.Сидоренко де ие болып, Ленин орденін тақты. Халықтар Досты ғы орденінің иегері №65 шахтадағы забойшылар бригадирі Жоламан Жұмаев тың да кен алу ісінде өзіндік ерекше қолтаңбасы қалғанын айтсақ, еңбектің мерейін өсіргеніміз болар.
Жезқазған өңіріндегі кен өндірісінің 30 пайыздан астам өнімін беретін кеніштің келешегі кемел, ертеңі тың табыстарға ұштасып жатарына ешкімнің таласы болмаса керек. Қалай дегенде де Алыптың аты алып емес пе? Ендеше Оңтүстік кеніш алыпқа лайық аяқ алысынан жаңылыспасы хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |