Сәттілік!!! 1-билет доктрина


«Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады»



Pdf көрінісі
бет2/49
Дата16.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168961
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
«Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады». 
Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. 
Мен келісемін 
Кеңестік режимнің сөзсіз жетістіктерінің бірі - халыққа білім беру жүйесін дамыту және үздіксіз 
халықты сауаттылыққа үйрету. 
1918 жылы "Бірыңғай еңбек Мектебі туралы Декларация" және "Бірыңғай Еңбек мектебі туралы 
ереже" қабылданды, онда кеңестік білім беру жүйесінің негізгі принциптері жарияланды - ақысыз, 
ұлдар мен қыздарды бірлесіп оқыту, теологиялық пәндерді оқытудан шығару, жазаның барлық 
түрлерін жою, мектептің өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі кезеңге бөлінді - бірінші, 8-13 жастағы 
балалар үшін және екінші, 13-17 жастағы балалар үшін. 
Медреселерді, мектептер мен орыс-қазақ мектептерін кеңестік мектептерге айналдыру бойынша 
белсенді жұмыс басталды. Азамат соғысының соңына қарай Қазақстанда 144 мың оқушыдан тұратын 
2410 мектеп жұмыс істеді, оның 31 мыңы - қазақтар. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 
№2 билет 
Ирредента- өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына 
еніп, сонда қалып қойған этникалық топ. Мысалы ирредентке Қазақстанмен шекаралар Ресей 
аудандарында, Баян-Өлгей аймағында және Моңғолиядағы Қытайдың Қазақ автономиялық 
уездерінде, Өзбекстандағы тұратын қазақтар жатады. 
 Диаспора- халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі. Қазақстан аумағына 
тыс 5 млн астам қазақтар бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде тұрады. 
Олардың 700 мыңнан астамы типтік диаспораны білдіреді. 
Қазақ қоғамының ру- тайпалық құрылымы- Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи- 
географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық 
шаруашылық топқа бөлінеді. Олар:Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы 
шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. 
Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларының ешбір 
айырмашылығы болған жоқ. 15 ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты 
да, кейінірек қазақ деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі 
негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ 
халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке 
тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. 14-15 ғасырларда көптеген 
жұрттың көшіп қонып, сапырылысуы орын алды. 15 ғасырдың 2 ші жартысы мен 16 ғасырда қазақ 
халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу 


процесінің аяқталуын тездетті. Жүздердің өзі бірнеше рудан тұрған. Жақын рулар, туыстар қыз 
алыспады. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Қазақ ру 
тайпалары өзара жақсы араласқан. Әрбір адам өз руын, шежіресін білуге міндетті болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет