Кіріспе
Постмодернистік бағытта жазылған шығар- малардың табиғатына үңіле отырып, ондағы ежелден басты қызметі әңгіме өзегі болып отырған мәтінге автордың сын көзімен қарау және кемшілікпен күресу болып табылатын иро- ния табиғатының өзгергендігіне куә боламыз. Постмодернистік шығармадағы иронияның басты құралы – күмән. Негізгі қызметі – қайта пайымдау, құрастыру, қайта құрастыру, құрылым бұзушылық. Нәтижесі – «бедел дағдарысы».
Накиповтың «От орны» («Круг пепла»), А. Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» («Сны окаяных»), Д. Амантайдың «Гүлдер
мен кітаптар» сынды шығармаларында пост- модернистік иронияның осы сипаттары айқын көрініс тапқан, сондықтан біздің таны- мымыздағы классикалық иронияға деген көз- қарастың да өзгеруі тиістігіне көз жеткіздік. Бұл шығармаларда авторлар постмодернистік иронияға жүгіне отырып, белгілі бір құбылысты ирониялық таным арқылы қайта қарастыруды жөн санайды. Осы аталған ирониялық танымды тудыруға ең алдымен батыстық және әлемдік мәдениеттіңдамуындағы«постмодерн» аталатын тарихи кезең себепші болғандығын ескерсек, біздің қоғамның да сол «постмодерн» шаққа аяқ басқанын байқауға болады. О.А. Коновалова постмодерн батыстық және әлемдік мәдениеттің
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018 211
дамуындағы жаңа тарихи кезең екендігін және ол тек жаңа мәдени құбылыстарды ғана емес,
«ирониялық» деп сипатталатын ұжымдық дүниетанымды, әлемді ирониялық тұрғыдан қабылдауды тудырды деп пікір айтады. Ғалым өзінің даму тарихында біршама өзгеріске ұшы- раған иронияның постмодернистік мәдениеттің мәні мен ерекше белгісіне айналып қана қоймай, постмодернистік ақиқат пен жалпы ақиқаттың құрастыру мен қалыптастыру жүзеге асатын ба- сты үлгіге айналғандығын айта келе, иронияның бұған дейінгі даму кезеңдерінде бой көрсетпеген үлгілеу (модельдеу) мен құрастыру қызметінің пайда болғандығын айтуға мүмкіндік береді деген тұжырымын айтады (Konovalova, 2010: 25). Осы пікірге сүйенсек, осы постмодернистік мәдениет аясында дүниеге келген аталмыш романдардағы иронияның мағыналар, иерархия- лар, дәстүрлі қалыптасқан құндылықтар әлемін бұзуға, қайта пайымдауға деген талпынысы- на байланысты, оның құрылым бұзушылық қызметінің де белгілі бір даму сатысына көтерілгендігін аңғаруға болады.
У. Эко «Постмодернизм, ирония, занима- тельность» атты еңбегінде өзінің эстетикалық теориясының тезисін: «Постмодернизм делает иронию, игру и занимательность своими глав- ными принципами в создании художественных произведений, при этом, способом и формой самого постмодернистского произведения ста- новится цитата и цитатность: используя формы разработанные писателями, художниками, архи- текторами прошлого, постмодерн вкладывает в них свое содержание, призывая иронически от- носится к продуцируемым им реинкарнациям старых образов» (Eko 2007: 78), – деп дәйексөз бен дәйексөзділіктің ирониялық сипатына мән бере отырып, жаңа мәнмәтінде тың мағынаға ие болған мәтін өзінің бұрынғы мағынасына мысқылмен қарайтындығын айтады. Жоғары- дағы пікірлерден түйгеніміз, құрылым бұзушы- лыққа негізделген постмодернистік дискурс техникасының маңызды қырларының бірі белгілі ережелерден бас тарту болып табылса, оның бірден-бір көрінісіне үш автордың да романда- рында куә бола аламыз. Олар мәтін тұтастығына, этикаға, моральдік құндылықтарға негізделген классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұ- нына, әдеби тіл нормаларына, ғасырлар бойы қалыптасқан имани, ежелгі фольклорлық мұра- ларға төңкеріс жасайды, әжуамен, күмәнмен қарайды. Осылайша мәтіндерден бірнеше дең- гейдегі күрделі иронияның сипатын көруге болады. Романдардағы ирония құрылым бұзу
қызметінің арқасында тарихи өзгерістерді тіркеп, оған назар аудартып қана қоймай, ескі мәдени формаларды бұза отырып жаңа фор- маларды құрастыруға арналған тетіккке айнал- ған. Ихаб Хассан постмодернизмнің бұл ерекшелігінің формаға зарары молдығына тоқ- талып өтеді (Hassan 1975: 193). Ал Ортега-и- Гассет ХХ ғасырдағы өнердің негізгі сипатта- рына тоқтала отырып, оның негізгі белгілері ретінде «тірі формаларды» бейнелеуден бас тарту, шығармашылықты ойынға айналдыру, метафизиканың орнына иронияға бас қою, сана- дан тысқары, адам баласы ақыл-ойы арқылы та- нып біле алмайтын рухани дүниелер мен жасалған тәжірибелер тысында болу мүмкін нәрселерді мойындаудан бас тарту, ізгілікті жоюды атайды (Ortega-i-Gasset 1991: 227-228). Постмодернистік иронияның басты нысандарының бірі – мәтін. Ол мәтінге күмән көлеңкесін түсіріп, оқырманға абсолютті ақиқат болмайтындығына, оның екінші, үшінші қырлары болуы мүмкіндігіне ишара жасап отырады. Мәтін бұзылымның осы бір әдістері «От орны», «Ант ұрғандардың түстері», «Гүлдер мен кітаптар» романдары- на тән ортақ әдістер дегенімізбен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары да жоқ емес.
«Гүлдер мен кітаптарда» роман тұтастығы ме- тапроза, интертекст арқылы бұзылса, «От ор- нында» жалпы роман құрылымы бірнеше бөлек- бөлек сюжет желілері және кейіпкер Гевраның шизоидты сандырақтары арқылы бұзылып, автордың шизофрениялық дискурсты қолдану мәтіндегі сөйлем, сөз құрылымының бұзылысы секілді ұсақ бұзылыстарға да себепші болған.
«Ант ұрғандардың түстерінде» шизофрениялық, эзотерикалық, психоделикалық дискурстардың қатар қолданылуы, романның метапрозалық сипаты мәтіннің тұтастығынан бастап, фонети- калық бұзылыстарға дейін қызмет етіп тұр.
80-жылдардағы әдебиеттің беталысы ту- ралы пікірінде Михаил Эпштейн авангард, мо- дернизм, структурализмнің мезгіл жағынан алып қарағанда өзіне дейінгі әдебиеттен айрықша, сондай-ақ өзіне тән ерекше көркем әрі философиялық тілі бар, ең соңғы мектептер болғандығынатапөтіп, ендігіәдебиеттеешқандай моно тіл, ешқандай әдіс шындықты толықтай бейнелеуге, өзіне дейінгі әдістерді ығыстырып шығаруға шамасы жетпейтіндігін тілге тиек етеді (Epshteyn 1988: 385). М.Н. Эпштейн сипат- тап отырған ХХ ғасырға тән батыстық мәдени құбылыстарды тек бір ғана әдістің немесе бір ғана бағыттың аясына сыйдыру мүмкін болмаса, Ж.-Ф. Лиотардың постструктуралистік теория-
212 Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018
лар ықпалымен жазылған «Постмодерндік аху- ал» («The Postmodern Condition») атты еңбегінде постмодернистік дискурс деп аталатын мұндай құрылымның қалыптасуына адамзат постмо- дерн дәуірінің талаптарына жауап бере алатын жекелеген әмбебап дискурстың болмайтынын сезіне бастап, жалпы біртұтас баяндау, сөз саптаудың дұрыстығына күмән келтіруі себеп болғандығын айтады. Ол постмодернизмнің философиялық ұғым ретіндегі ерекшеліктерін анықтап берумен қатар, модерн шағында өзге де баяндаулар (нарративтер) арасында басымдыққа ие болған мета-баян(дау) (мета- нарратив) ұғымын да ендірді (Lyotard 1984). Ғалымның пайымдауынша постмодерн шақты бейнелеуге баяндаудың (наррацияның) сандаған түрлері жекелей алғанда сәйкес келмейтінін, дұрысы сол баяндаулардың (нарациялардың) бір-біріне ешбірінің басымдығынсыз ықпалдаса алуы мен қатар өмір сүруі екендігін айтады. Осылайша Ж.-Ф. Лиотар мәтінді баяндаудың иерархиялық түріне қарсы шығып, жан- жақты ақпараттанған, постөнеркәсіптік қоғам плюрализміне баяндаудың бейиерархиялық түрі сәйкес келетіндігін қостайды. Мұнан өзге бұл жазушылардың бейклассикалық бағытта қалам тербеуі үшін жаңа дискурсты, жаңа та- нымды (эпистеманы), жаңа мета-баянды (мета- нарративті) қалыптастыру, ескісін, яғни өзіне дейінгілерді диалектикалық терістеусіз мүмкін емес болғандықтан, иронияның құрылым бұзушылық қызметіне жүгінді.
Дағдарыстар кезеңі адам баласының өміріне ғана емес, оның өнердегі бейнеленуіне елеулі із қалдырары анық жайт. Өнердегі, әдебиеттегі, т.б. жалпы алғанда мәдениеттегі парадигмалар ауысымының өзі де ірілі-ұсақты дағдарыстар әсерінен туындап жатады. Парадигмалардың ауысу үдерісі Д. Нақыповтың «От орны», А. Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» шығар- маларында кешенді түрде бой көрсеткен. Біз назар аударатын мәселе классикадан бас тартып, түрлі тәжірибелерді жат көрмейтін, постмодернистік бағытқа бой ұрған аталмыш авторлар шығармашылығында орын алған түрлі құбылыстардың мәнін ұғыну болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |