Будь как бабочки Согрей под сердцем у чабана одинокого холодного с инеем в глазах
Я гладил деревяные крылья спящей птицы сундука и раздувал дремлющий огонек Взлети скорей
Коке я представлял твои луга влажные сочные пугливые воображал и хотел гладить Мои ладошки умеют гладить Туманные седые одинокие луга мне хотелось гладить и ласкать Они как густая шерсть нашей коровы Майи которая родилась в месяце мае (Zhaksylykov 2005: 52-53).
Жоғарыдағы романнан келтірілген үзіндіден байқағанымыздай мәтін толықтай тыныс белгісіз берілген, аяқталған ойды білдіреді-ау деген тұста тыныс белгілерін көре алмаймыз, алайда келесі сөйлем бас әріптермен басталған. Кейіпкерінің есін жоғалтып, бейсаналы күйде мезгіл-мекеннің арасында адасып, елестер көріп сандырақтаған күйін беру мақсатында сөйлемнің синтаксистік құрылымы әдейілеп бұзылған. Мысалы, «С сне- гом в глазах и ветром в устах продроглого чаба- на потрогай и разбуди огонек» деген сөйлемдегі қалыпты орыс тіліндегі сөйлем құрылымы өзгеріске ұшырап, етістіктері сөйлемнің соңына шығарылып, берілген.
«Ант ұрғандардың түстері» романында сұхбат алмақ болып іссапарға шыққан жор- налшы жолдан адасып, алдынан кезіккен тағы әйелдің соңынан еріп елсіз мекенге тап бола- ды. Екі кейіпкер арасында айтарлықтай диа- лог жоқ, олар әрқайсысы өз қиял әлемінде өмір сүреді. Елсіз мекенді паналаған әйелдің санасы дертке ұшырағанын жорналшы оның өзін кеңестік үкіметтің барлаушысы деп санап, бос мекемелердің біріне барып ақпар беріп, өзі Иети деп атау берген беймәлім тіршілік иелерімен сұхбаттасуынан аңғарады. Алай- да өсімдіктер мен жәндіктерден психотроптық тұнбаларды жасаудың кәнігі шебері болып алған ессіз әйелдің құрығына ілінген оның да санасы тұмандана бастайды. Айналадағының барлығы оның назарынан тыс қалмай, сандырақтары өз қиялы мен назарындағы нәрселермен мидай араласып, ой қызметінің тасқыны мәтіндер ха- осын тудырып жатады. Осы сапарында қолына түсіп оқып шыққан үш дәптердің оқиғасы әсерлендіріп роман жазуға кіріседі. Сапарының басынан болған-біткен оқиғаның барлығын хатқа түсіріп отырған жорналшы өз «менін» тәрк етіп, кейіпкерлері Мәңгі жалғыз қарттың (Старый, вечно одинокий), біресе Малыштың, біресе Жай Келушінің (Так Приходящий) бетпердесін киеді. Шынайы өмірге ара-тұра тек
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018 215
психотроптық шөптердің әсерінен айыққанда ғана оралып отырады. Жорналшының өңінде елестейтін елестер, кейде жарым-жартылай ұйқылы күйіне, кейде түсіне ұласып, сана- сы қиялдан туған әлемдерде қыдырыстап, бір тақырыптан бір тақырыпқа ауытқып отыра- ды. «Әнші шағылдар» романындағы құрылым бұзушылықтан «Ант ұрғандардың түстеріндегі» құрылым бұзушылықтың айтарлықтай ерек- шелігі бар. Мұнда құрылым бұзушылықтың екі түрлі мысалын кездестіруге болады:
«Апке мне приснились сны прозрачной собачонки той, луговые, шмелевые, клеверные привиделись все до одной: полынь густая бро- дила бредила ковыль вихрился летел сеял семена серебра свинца крапива ерепенилась ершилась тщились иголки разить землянику малину алую улыбчивый обманный стог сена рос налитый нектаром и амброзией репей отшельник на спинах волов шерстистых зрела клюква обиль- ная страна обетованная овечка палестинская в палате номер шесть верила белена терпкая развесистая в кладовке Рыжика воробьиные и перепелиные грезы зеница ока закатились зрач- ки луга отравленного блеюющего крыжовник пестрые яйца плоды птичьи грезы призрачные
... (Zhaksylykov 2005: 368).
«Чок-чок-чок-чок-чок-чок-чок! Опять ты надрался до чертиков! Сколько можно? На твою зарплату и до вечера не прокантуешься! Послед- ние колготки и те дырявые. Когда ты будешь получать как нормальные люди? Иди к черту! Чтобы тебя раздуло! Молодой человек, куда вы прете? Эй ты, чувак, хиляй отсюда! Не на- валивайся, я тебе не стойка в баре. Следующая остановка – супермаркет «Юбилейный». Ты что, братан, прикинутый? Фить-пюрю-фить-пюрю- фить-пюрю-фить-пюрю! Сделайте немедленно ваш научный отчет! В очередной раз отложен за- пуск Шатла. «А я еду, а я еду за туманом...» Бал- бес!.. Хрен моржовый! А вот это видел? Сколько стоит «Дон Хуан»? Тридцать баксов. Брыкнуть- ся можно!... (Zhaksylykov 2005: 369)
Алғашқы мысалда айтылар ойдың ұшын таппайсыз. Мұнда мақсатсыз бейберекет сөйлеу, қалыпты ассоциация қызметінің бұзылуы сөйлемнің де, мәтіннің де қалыпты түзілісін бұзған. Басынан аяғына дейін тыныс белгісіз үзік-үзік сөз тіркестерінің, сөздердің бір-біріне мағынасыз тіркесуін ғана бақылай аламыз. Бұл туралы шизофренияның және шизофрениялық дискурстың табиғатын тереңдеп зерттеген поляк психиатры, әрі философ А. Кемпинский: «Луч- ше всего это выражается в речи. Больной в ма-
ниакальном состоянии перескакивает с темы на тему, так как все время что-то новое в окружении привлекает его интерес. Он не, так как все время остается связанным с реальной действительно- стью. Трудно поспевать за его мыслью, однако, понятно, что его в данный момент интересует, к чему он стремится; темп его мышления настоль- ко высок, что возникает впечатление хаоса» (Kempinskii 1998: 162, 165), – дейді. Ал екінші мысалда жорналшының галлюцинациялары, түстері арқылы тақырып-тақырыпты қуалаған мәтіннен алғашқы мысалдағыдай синтаксистік сауатсыздық байқалмайды. Мұнда мәнін жеткізуі ұзаққа созылады, осы сөйлемдердің ба- сын бір мағынаға біріктіріп мазмұндауға тырыс- қаныңызбен, тыңдарманға түсінікті жүйелі ойды жеткізу мүмкін емес. Әдетте мұндай сөздерден символдық ойлау, қарапайым адамның ақылы жете бермейтін әдеттен тыс ассоциациялар, оғаш неологизмдер, тіпті тұтас өзіндік сөздіктер мен өзіне ғана тән тілдің қалыптасатынын байқаймыз. Дегенмен әдеттен тыс сөз тіркестеріне толы болуына және оның түсініксіз мазмұнына қарамастан кейде ондағы сөйлемдер фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан қателіксіз жазылған. Бұл психотикалық дискурстың тілдегі көрінісі сюрреалистердің ав- томатты жазу дағдысына ұқсайды. Сондай-ақ субъект санасын өзге біреу басқарып отырғандай ойлау қабілетінің бұзылып, шашыраңқы, бейбе- рекет болуы мен-сен-біз ұғымдарының шекара- сы жойылуы, сонымен бірге кейіпкер әлемінде субъектінің жойылуы мәтіннің басты ерекшелігі екендігін айта кетуіміз керек.
Д. Накиповтың «Круг пепла» романының мәтін түзілісі Балеринаның, Доканың, Гебраның өмірлеріне, самиондардың, оносамдардың өрке- ниетіне арналған бірнеше арнадан тұрады. Әр- қайсысының жеке өмір тарихы бір-біріне байла- ныссыз баяндалады. Шығарма балет сахнасының айналасында өрбігенімен мұнда классикалық не- месе модернистік шығармалардағыдай орталық тұлға жоқ. Бұл бес арнаға негізделген мәтіндер тұтастай берілмейді. Олардың әрқайсысынан мәтін жұрнағы кезектесе беріліп, тұтас роман- ның құрылымының бұзылысына әкеліп, оқыр- ман назарының шоғырлануын кедергі келтіреді. Романның бір желісі Балерина мен Гевраның махаббатына негізделгенмен, көп қабатты ро- ман желісі тек махаббат оқиғасымен ғана емес, балет сахнасының қыр-сырын, сахна тысындағы өмір-тіршілікті де қоса қабат суреттейді. Балеринаның жеке басының өмірі, Доканың басындағы оқиғалар, Гевраның театрда пай-
216 Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018
да болуы, оның құпия әлемі сынды тарау-та- рау оқиғалардың барлығы театрда тоғысады. Романдағы оносамдар өркениеті мен самион- дар тайпасы туралы мәтіндер әуе апатынан көз алдында ұлы мен әйелін жоғалтқан Гевраның психикасының бұзылысынан туындайды. Терең жан күйзелісінен кейін өз-өзіне келе алмаған кейіпкердің, ішімдікке әуестенуі, соққы алуы, сондай-ақ өзінің «меніне» оралғысы және шындықты мойындағысы келмеуі ақиқатты сана астарларына итермелеп, толықтай ұмытуына себепші болады. Оның санасы кеше-бүгін-ертең сәттерінің қиындыларынан тұратын уақыт пен кеңістікті, галлюцинациялары арқылы еніп оты- ратын шизоидты әлемдерді шарлайды, бұл өз кезегінде романның мәтінінің тұтастығының бұзылуына әкеледі. Шизоидты дейтін себебіміз, психотерапевт А. Кемпинский сипаттаған тақырыптан тақырыпқа «секіру»: сөздердің басы сөйлемге бірікпей, бір әуенді қайта-қайта әндету секілді (Kempinskii 1998: 33) шизофренияның жиі кездесетін белгілерінің роман кейіпкерінің бойынан табылып, мәтіндегі құрылым бұзу- шылыққа себеп болғанын байқаймыз
Романындағы Гевраның шизоидты халін суреттеу мақсатында автордың мәтіндердегі сөйлем құрылымына төмендегіше синтаксистік эксперименттер жүзеге асырады:
Мысалы: ...я съел еще один день неспешно с наслаждением поминутным посекундным и все было вкусным не помню который день по сче- ту от того дня когда я исчез ушел былой жизни
Достарыңызбен бөлісу: |