ҚР ҚН 2.04-01-2011
СН РК 2.04-01-2011
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
ЕСТЕСТВЕННОЕ И ИСКУССТВЕННОЕ ОСВЕЩЕНИЕ
Енгізілген күні
–
2015–07–01
1 Қ
ОЛДАНУ
САЛАСЫ
1.1
Осы құрылыстық нормалар әр түрлі мақсаттағы жаңадан салынып жатқан және
қайта құралымданатын ғимараттар мен имараттар орынжайларының, ғимарат сыртындағы
жұмыс атқару орындарының, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар
алаңдарының, теміржол
жолдарының жарықтандыруын, қалалардың, кенттердің және
ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруын жобалауға таралады. Станоктармен,
машиналармен және өндірістік жиһазбен жиынтықта
жеткізілетін жергілікті
жарықтандыру құрылғыларын жобалауды осы нормаларға сәйкес жүзеге асыру керек.
1.2 Осы ережелер жинағы жерасты өндірістерін, теңіз және өзен кемежайларын,
аэродромдарды, теміржол станцияларын
және олардың жолдарын, спорт имараттарын,
емдеу-профилактикалық мекемелерін, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға, өсімдіктерді,
жануарларды, құстарды орналастыруға арналған орынжайларды жарықтандыруды
жобалауда, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын
қолдану кезінде арнайы
технологиялық және күзеттік жарықтандыруды жобалауда қолданылмайды
Достарыңызбен бөлісу: