Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет146/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма
11 А -ТЖБ. 4-тоқсан
“ӘЛСІЗ 
БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ” 
ЫҚПАЛЫ. 
Тұлғаара- 
лық қатынастарды сипатына қарай (мысалы, жиілігі мен 
ұзақтығы), “мықты” байланыстар мен “әлсіз” байланыстар 
деп бөледі. Өте элсіз байланыстар да бар, ол - бас изесіп 
өте беретін адамдардың байланысы. “Мықты” байланы­
стар сенің отбасың, ең жақын достарың делік. “Әлсіз” бай­
ланыстар университетте бірге оқыған, оқу олимпиадасына 
бірге қатысқан, дебат клубына бірге барған, немесе досың- 
ның туған күнінде танысқан адамдар. Америкалық социо­
лог Марк Гранноверт “Сила слабых связей” (The Strength 
o f Weak Ties) деген мақаласында осы әлсіз байланыстарға 
кеңінен тоқталады.
Жүргізген зерттеуінің негізінде, ол адамның карьерасы- 
на оның “мықты” байланыстарынан гөрі, “әлсіз” байланы- 
стары көбірек ықпал ететінін айтады. Еңбек жолында адам- 
ның өрлеуі осы байланыстар арқылы жүреді. Демек, сенің 
бұрынғы әріптесің, танысың сенің жетістігің үшін отба- 
сыңнан гөрі көбірек септеседі. Себебі, ең жақын адамдарда 
бар ақпарат сенде де болатыны сөзсіз. Олар тура сен жүрген 
орталарда жүреді. Сенімен бірге жұмыс істейді, тура сол 
тойларға, жиындар мен отырыстарға барады. Олар саған 
беймәлім не нәрсе білуі мүмкін? Ал “әлсіз” байланыстағы 
адамдардың элемі, оларда бар ақпарат саған жаңалық бо- 
луы мүмкін. Сондықтан да жұмыс, ақпарат, идея іздеуге 
келгенде, “әлсіз” байланыстар ылғи да “мықты” байланы- 
стардың алдын орайды.
Гранноверт бір жақсы жаңалық айтады, әлсіз байланы- 
старды элеуметтік желі арқылы ұстап тұруға болады, ол 
аз десең, мүндай байланыстарды әлеуметтік желі арқылы
183


да орната аласың. Өйткені оның негізгі принципі визуали­
зация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сенімен күнде тіл- 
десіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын адамда- 
рыңмен, достарыңмен, туыстарыңмен әлеуметтік желі 
арқылы байланыс ұстау жеткіліксіз ғой?
Жоғарыда айтқан социолог Марк Грановеттер 1974 
жылы өзінің “Жұмысқа тұру” (Getting a Job) деген кіта- 
бын жазу үшін сауалнама жүргізеді. Нэтиже қандай дейсіз. 
Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты таныстары арқылы 
тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20 пайызы 
жүмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты таныстар 
арқылы тапқандардың 16,7 пайызы бүл танысымен “жиі” 
(жақсы дос ретінде) кездесіп тұратынын айтыпты. 55,6 
пайызы “ара-тұра” жэне 28 пайызы өте сирек көрісіп тұра- 
тынын айтқан. Демек, адамдар көбінде жүмысқа жақын 
достары емес, қатардағы таныстары арқылы орналасады 
екен. Ал ойланып көрсең, бүл заңды да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет