АЛҒЫ СӨЗ
16
.
08.2017
Словения, Рогашка цаласы...
2017 жылдың шілде айында мен екі-үш күндей депрессия-
ға (күйзеліске) ұшырадым.
Себебін анықтап қарасам, сол
кезде мақсатсыз қалғандай болыппын. Өйткені, 2015 жылы
«Ғ1иті»-ді енді ашқанда, бизнестегі
эріптесім Айдос мыр-
за екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық. Ол
кезде
дайын ресторан (мейрамхана) тұрмақ, колымызда қаражат
та, ешнэрсе де жоқ еді. «Rumi-ді қүрсақ, соның жылдық са-
удасы 5 миллиард теңге болса екен» деп арман
дайтын-
быз, ол бізге қол жетпестей болып көрінетін. Бірақ мен сол
көздеген
табысқа екі жылдан кейін, 2017 жылдың маусым
айында жететінімізді түсіндім. Ал
енді межелеген мақса-
тымызды орындап, арманымызға қол жеткізгеннен кейін,
мен мақсатсыз қалғандай болдым.
Соның себебінен болар,
тағат таппай, күйзеліске ұшырадым. Адам үшін мақсат-
сыз қалу қиын екен. Бұны Виктор Франкл «Жексенбілік
психоз» деп атайды. Мақсатсыз
қалған адам қуыс кеуде
болып, вакуумға түскендей күй кешеді. Мен «жексенбілік
психоздан» арылудың жолын іздестірдім,
сондықтан, ал-
дыма жаңа мақсат қойдым. Нақтылап айтсақ, 2020
жылға
дейін 20 миллиард теңге сауда айналымын жасау. Алдымда
8