ЕКІНШІ БОЛМА
Мысалы,
PR-директорымыз Айна ханымға Астанада
ашылатын мейрамхананың басы-қасында болып, салта-
натты ашылу рәсімін өткізуге тапсырма бердім. Көздері-
нен кішкене ашуланғаны мен жұмыстың оның қолынан
келіңкіремейтіндігін байқадым. Сол кезде кітаптар тізімін
беріп, оқып шығып, содан сұрақтарына жауап табатынығын
айттым. Айна ханым болса: «Қуаныш мырза, мен ол кітап-
тарды оқып қойғанмын», - деді. Сол кезде мен: «Сіз бұл
кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір алдыңызда
нақты проблема тұр. Ал оның шешімін сіз нақ осы кітап-
тан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде басқаша көрі-
неді», - деп жауап бергенім бар.
Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы сату
бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді. Жұмыс
барысында ол маркетинг бойынша келген лидтарды саудаға
айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен. Ол кітаптың
Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның қазіргі таңда
алдында үлкен проблема түр. Оқыған-білгенін қолданса,
ол проблемасын шешеді я&эне өзіне пайдалы білім алады.
«Rumm-ді бастағандф Йона Бергердің «Заразительный»
деген кітабын оқып, соданПбІлім алғанмын. «Rumi»-fliH,
философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пайдасы
тиді. Бір жігіт маған «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз. Неге
ол кітаптың пайдасы саган тиеді, ал маған тимейді» дейді.
Өйткені, мен кітапты, шынымен де, сұрағыма жауап алу
үшін оқимын. Бүл һте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған
кезде немесе ғаламтордан ақпарат іздеп, Youtube-тан видео
көрген кезде, оның білім бе, элде кругозор ма екенін білу
керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім бар. Сол кез
де, Youtube-тан шаңғы тебудің техникаларын үйрену тура-
лы виедосабақтар қарадым. Егер де мен оны, Шымбұлаққа
125
шаңғы тебуге барған кезде емес, мысалы жазда көрген бол-
сам, ол мен үшін жэй ғана кругозор болып қалатын еді. Ал
алдымда нақты мәселе туындағандықтан, шаңғы тебуді үй-
рену деген, мен үшін ол білім болып қалады.
Қолыңа кез келген білім ошағын алғаныңда, «бұл маған
білім болады ма, элде оқыған он кітабымның тағы біреуі
болады ма?» деп ойлан. Сондықтан да, кругозорыңды үл-
кейте бермей, нағыз білім жина.
126
|