ЕК1НШ1 Б О Ш А
ПРОБЛЕМА:
НЕ СЕН ОНЫ ҚОЛДАН
ЖАСАП АЛАСЫҢ
немесе
ӨМІРДІҢ ӨЗІ МӘЖБҮРЛЕЙДІ
Көп адам
«Versus» академисына курсқа келген кезде,
«мен өз-өзімді таппай жүрмін», «менің жағдайым маған
ұнамайды», «мен өз өміріме қанағаттанбаймын» деген
проблемалармен (түйткілді мәселелермен) келеді. Бірақ,
негізінде бұл проблема емес, бүл жай ғана дискомфорт. Ал
проблема нақты болады, «мен кітапты баяу оқимын», «са-
уда жасағанда, адамдармен қарым-қатынас орната алмай-
мын», «менің мейрамханама аз адам келеді». Бұл сенің қай
жақта, немен жұмыс істеу керек екендігіңді білдіреді.
Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе нысана
таңдай алмайсың, білім алмайсың, үйренбейсің. Ал нақты
проблемалардың шешімін тапқан кезде, сенің білімің кү-
шейеді.Сондықтан да, проблема мен дискомфорттың
ара-жігін ажыратып алу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |