Тапсырма 2. Педагогикалық менеджмент ұғымын толықтырыңыз.
Тақырып 1.1.3. Педагогикалық менеджмент ұстанымдары, басқару əдістері
МUақсаты:U Педагогикалық менеджмент ұстанымдары (принциптері),инновациялық үрдістер, білім беру мекемелерін басқару əдістеріне сипаттама беру
Негізгіұғымдар:U басқару ұстанымдары (принциптері), инновациялық
үрдістер, басқару əдістері
UЖоспары: Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нəтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар.
Басқару ұстанымдарына (Ю.А. Конаржевский) сипаттама
Басқару əдістері. Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері. Басқарудағы ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер. Экономикалық басқару əдістері.
Педагогикалық жүйелердібасқаруоныңжүйелілік,синергетикалыққасиеттерін,жүйеніңөмірсүру жəне дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғынуды қажет етеді. Ю.А. Конаржевский ұсынған басқарудағыдемократиялықпенізгіліктікзаңдылықтарынорындаутүрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналар белсенділіктерін жүйе құрылымында пайдалануға ықпал етеді. Осылайша, жүйенің компоненттері мен құрылымы, олардың байланыстары, жүйе құраушылық (жүйені жаңа сапаға өткізуге қабілетті ішкі механимі) факторы жəне қоршаған ортамен байланысы терең қамтылып, белгілі бір принциптерге сүйенеді. Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін жүзеге асыруда жүйелілікпентұтастық,синергетикалық,мақсаттық - бағдарлылық,технологиялық,құзыреттілік,нəтижелілік,керібайланыстықұстанымдар жүйесін басшылыққа алуды көздейді. Басқарудағыжүйелікпентұтастықұстанымы.Педагогикалық үрдістің жүйелік жəне тұтастық табиғатын басшылыққа алу оны тиімді басқарудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Басқарудағы жүйелік тұрғы педагогикалық үрдісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным барлық деңгейлердегі педагогикалық жүйелердің құрамы, құрылымы, жүйе құраушы факторлары мен қызметтік компоненттері мен өзара байланыстарының түгел қамтылуын қамтамасыз етеді. Синергетикалықұстаным.Əлеуметтік жүйелер ашық жəне өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар жүйелер. Осындай сапаларына сай педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиеті көрінеді. Синергетикалық принциптің сақталуы педагогикалық жүйе субъектілерінің өзін-өзі басқару негізінде өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер тұтас жүйенің жəне оның компоненттерінің дамуына, өзгеруіне, белсенділігін арттыруға жағдай туғызып, жүйеніңжаңасапағаөтуінқамтамасызетеді.