Білім беру мекемелерін басқару. Басқару функциялары. Ақпараттық– талдау функциясы. Мақсат қою функциясы
МUақсаты:UБасқару функцияларына анықтама беру, басқарудың ақпараттық–талдау жəне мақсат қою функцияларына сипаттама беру.
НUегізгіұғымдарU: басқару функциясы, басқару, ақпараттық-талдау, педагогикалық талдау, SWOT‐талдау,басқарудағы триангуляция, мақсат қою, Smart мақсат қою.
UЖоспары: Педагогикалық менеджменттің ерекшеліктері.
Білім беру мекемелерін басқару.
Басқару функциялары.
Ақпараттық–талдау функциясы.
Мақсат қою функциясы
Педагогтардың шығармашылық əрекеттеріне байланысты педагогикалық менеджменттің өзіне тəн ерекшеліктерібар. Əр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тəрбие үдерісінің менеджері.Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тəн заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пəні, өнімі, құрамы жəне нəтижесінің ерекшелігі. Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пəні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-əрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нəтижесі - білім алушылардың білім, тəрбие, даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің жиынтығынан тұратын күрделі құрылым: оқу, тəрбие, материалдық- техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, əкімшілік басқару.
Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-əрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкіортасын əкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды. Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның əр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: сынып жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тəрбиеші, оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нəтижесіне маңызды ықпал етеді. Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар.
Менеджмент функциялары — түрлі тəсілдер, əдістер, жұмысты ұйымдастыру жəне бақылау арқылы жүзеге асырылатын басқару іс əрекетінің түрі.