Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет21/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Экономикалық əдістер – педагог мамандар мен білім алушылардың еңбектерін бағалауға негізделген, іс əрекет нəтижелерін материалдық ынталандыру тəсілдері, экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, жанама əсер етеді, қажетті бағытта қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру.
Экономикалық əдіс- ұйымның қызмет етуі мен дамуына жағымды жағдайды құруға мақсатты түрде ықпал ететін құралдар мен тəсілдердің жиынтығы. [5]
Бұл топқа жататын əдістер: экономикалық есеп, жоспарлау, болжау, экономикалық талдау, экономикалық негіздеме, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру:сыйақы, еңбекақы, марапаттау, материалды көмек. Ал міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл əдістері (қызмет лауазымын төмендету, жұмыстан босату т.б.) қолданылады. Қорытынды нəтиже үшін марапаттау əдісі топтың мүдделерін ынталандырады, ұжымдастыруды көтермелейді жəне жекелеген құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу үшін жалақы қорынан төленеді: еңбек өнімділігін арттыру; өнімдердің, жұмыстардың жəне қызметтердің сапасын арттыру; ресурстарды үнемдеу жəне т.б.
Басқару əдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қызметкердің лауазымы өсетін болса, соған сай оның еңбекақысы да өседі.Басқарудың барлық əдістері бір-бірінен оқшауланбайды, өйткені олар белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару жүйесіне ықпал ету жолдарын білдіреді. Белгілі мақсаттарды, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған басқару əдістері қолданылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Құндылық бағдарды қалыптастыруға негізделген ұстанымдарға талдау жасаңыз

  2. Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы талаптарына сай басшының іс əрекет жүйесінің болжамдық үлгісін ұсыныңыз.

  3. Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту ұстанымының жаңартылған білім беру жүйесіндегі орнын тəжірибелік дəлелдермен қарастырыңыз.

  4. Басқару əдістерінің өзара байланысын сипаттаңыз.

  5. Басқару ұстанымдарының өзара байланысының алгоритмін құрыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет