Өзіңіздің кəсіби даму деңгейіңіздің SWOT – талдау матрициасын құрыңыз.
Бір сабаққа педагогикалық талдау жасаңыз.
Іс тəжірибе барысында білім беру ұйымының мақсат қою, мақсатты анықтау жұмысын талдаңыз:
Мақсатты анықтауды кім жəне қалай жүзеге асырады?
Ұжым мүшелерінің мақсат қоюға қатысу деңгейін талдаңыз.
Мақсаттың нақтылығы мен қолжетімділігіне назар аударыңыз.
Күтілетін нəтижелері бар ма, болса, оның мақсатқа қаншалықты сəйкестігін анықтаңыз.
Ұйымның құрылымдық бөлімдерінің мақсаттарымен танысып, оның ұйымның мақсатына сəйкестігіне баға беріңіз.
- Басқару теориясында ұсынылған жеті ұстанымның қаншалықты сақталғанын талдаңыз.
Болашақ ұйым басшысы ретінде ұйымның тактикалық мақсатын қойыңыз.
«Мақсат қою» ұғымына байланысты өз тұжырымдамаңызды ұсыныңыз.
Үлгіні басшылыққа алып мектеп жоспарының жобасын жасаңыз.
Стратегиялық даму жоспарын құрастырыңыз.
Тақырып1.2.2.Жоспарлаужəнешешімқабылдауфункциялары МUақсаты:UБасқарудың жоспарлау жəне шешім қабылдау
функцияларына сипаттама беру.
НегізгіұғымдарU: жоспарлау, жоспарлау кезеңдері, даму жоспары, стратегиялық жоспар, тактикалық жоспар, жедел жоспар, шешім қабылдау, тəуекелді басқару
UЖоспары: 1.Жоспарлау функциясы 2.Стратегиялық даму бағдарламасы 3.Шешім қабылдау функциясы.
Қазіргі менеджмент жүйесінде басымдықтарды белгілеу арқылы стратегиялық бейнеде өзгерістерді ойластыру маңызды буын. Білім беруді басқару қызметі білім беру ұйымының стратегиясы, миссиясы, көрінісі жəне құндылықтарымен міндетті түрде келісуі тиіс. Білім беру ұйымының басшылығының қабылданатын шешімдері стратегиялық құжаттарымен сəйкес болуы тиіс. Ол білім беру ұйымының бір бағытта дамуы үшін жəне ресурстарының стратегиялық мақсаттарына сай келмейтін мақсаттарға жұмсалмауы жəне қайшы келмеуі үшін қажет. Егер ол орындалмаса білім беру ұйымының дамуы, қызметі тиімсіз болады.