Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет31/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Жоспарлау кезеңдері: мүмкіндіктерді бағалау; болжау (ұйымның болашақ жағдайын); мақсат, міндеттерді белгілеу;орындайтын іс шаралардың баламаларын (альтернативаларын) анықтау; іс əрекет бағдарламасын құру (жоба); қажетті ресурстарды анықтау;жауаптыларды анықтау, оларды жоспармен таныстыру; негізгі жоспарды құру;жоспарлау нəтижелерін қағаз жүзінде шығару, ұсыну; жоспарды мектеп басшысының бекітуі; жоспардың орындалуына бақылау жасаудан тұрады.Заманауи менеджмент талаптарына сай іске асыру тəсілдерін жоспарлау- іс шаралар кешенін құру жəне эволюция əдістерін жоспарлау – деректер жинау, əдістерді, өзгерістерді бағалау болып табылады.
Жоспарлаудың қалыптасуы мектептің жəне мектептегі əрбір жекелеген басқару бөлімдерінің даму барысындағы мақсаттарын нақтылап, негізгі міндеттерді, орындау мерзімін, оған қажетті еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау болып табылады. Жоспарлау қызметі ауқымы бойынша: стратегиялық жоспар, тактикалық жоспар, жедел жоспар, қызмет салалары бойынша: тəрбие жұмысы жоспары, əдістемелік жұмыс жоспары, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жоспары т.б. болып бөлінеді.
Білім беруді дамыту жоспары- мүдделі тұлғалар, білім алушылар жəне мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады.

Даму жоспарын əзірлеуге жəне жүзеге асыруға қойылатын талаптар:


қызметке ықпал ететін ақпараттарды бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту арқылы талдау; ішкі жəне сыртқы ортаны талдау, ақпарат жинау; педагогикалық ұжымның жəне білім алушылар жайлы ақпараттарды талдау; қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау; қолжетімді ресурстарды талдау; талдау нəтижелері стратегиялық жоспарлау мақсатында қолданылуы тиіс;даму жоспары мен мақсаттар барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық, қолжетімдік қағидаларына сай болуы тиіс; жоспарлау кезінде қызмет түрлеріне қажетті тұлғаларды қамтуы тиіс; даму жоспарын құрастыру үшін негіз болатын тетіктер анықталуы тиіс; барлық қызмет түрлері ҚР заңнамаларына толық сəйкес болуы тиіс;даму жоспарын дайындауда педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен, ата- аналармен сұхбат жүргізіледі, сауалнама алынады; даму жоспары қолда бар ресурстарға (қаржылық, кадрлар құрамы, ақпараттық, материалдық-техникалық база), білім беру саясатына сүйенуі, сəйкестендірілуі тиіс; даму жоспары барлық
мүдделі тұлғалардың ашық қатысуымен талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде білім беру ұйымының өкілетті алқа органы жобаға өзгертулер енгізуі тиіс; жоспарды бекіту кезінде барлық мүдделі тұлғалар дауыс беруі тиіс;барлық мүдделі тұлғалар даму жоспары мазмұнымен танысып, негізгі ережелерін білуі тиіс;даму жоспарын жүзеге асыру туралы ақпараттар білім беру ұйымының арнайы ақпараттық ресурстарында (стенд, веб сайт т.б.) таратылуы тиіс; даму жоспарын жүзеге асыруда мониторинг тетіктерін анықтау қажет;білім беру ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері (стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау, ресурстарды бөлу) мен шешімдері даму жоспарына сай келуі тиіс;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет