Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет34/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Жедел жоспарлау – күнделікті, тез арада орындалатын істерді қамтитын жоспар түрі. Оған аз уақыт ішінде: күнделікті, аптада, ай, тоқсандық көлемінде орындалатын шаралар жатады. Ол білім беру ұйымының стратегиялық жəне тактикалық мақсатына тəуелді. Жедел жоспарлау ең алдымен білім беру ұйымының басқару бөлімдерінде қамтылады: өткізуді жоспарлау, шығын көлемін анықтау, оқушылардың білім сапасы, оқуға түсу көрсеткіштері, қызметкерлердің жұмыс мерзімі, еңбекақысы жəне қаржыны жоспарлау, мұғалімнің сабақ жоспары, сынып жетекшісінің жоспары.
Жедел жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады: мəселелерді анықтау; мүмкіндіктерді анықтау; анықталған іс əрекет мүмкіндіктеріне таңдау жасау; туындайтын нəтижелерге талдау жасау; іс əрекеттің соңғы таңдауы. Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметінің берік, тұрақты болуы. Жоспарлау мерзімі: қысқа мерзімде. Білім беру ұйымының басшысы ағымдағы сəтті ғана емес, алдағы уақыттағы шешімге ықпал ету мүмкіндіктерін де алдын ала көре білуі тиіс жəне ол стратегиялық,
тактикалық жəне жедел жоспарларды жасауды білуі тиіс. Жоспарлау жұмыс тобының құрамына басшылық аппараты, педагогтар, мектеп психологы, əлеуметтік педагог, кітапханашы т.б. енеді. Жоспарлауды жобалау кезеңінде мектептегі істердің жағдайы, қол жеткізген мақсат, міндеттер, шешілмеген мəселелер, мектеп қызметінің бөлімдері, келелі мəселелерді бірыңғай біріктіреді, жауаптыларды белгілейді. Жоспар үлгісі көпшілік талдауына ұсынылады. Көпшілік (педагогтар, білім алушылар, ата-ана) талдау барысында ұсыныс, пікірлер айтылады. Айтылған ұсыныс, пікірлерді ескере отырып, жоспар қайта қаралып, жасалады, бекітуге мектеп басшысына ұсынылады. Жоспарлардың қай түрі болмасын мектеп жұмысын ата- аналармен қызметін үйлестіруге ықпал етеді. Мектеп жоспарының негізінде педагогтардың жеке əдістемелік жұмыстарының жоспары, сынып жетекшісінің тəрбие жоспары жасалады.
Шешім қабылдау функциясы. Шешім қабылдау барлық басқару үрдісінің негізгі бөлігі, себебі басқарушы қызметінің өзегінің өзі де шешім қабылдаудан тұрады. Басқару шешімдері- келелі мəселелерді шешуге бағытталу, оған шығармашылықпен келу, менеджмент жүйесіне сай əдіс, тəсілдерді таңдау жүйесі. Шешім қабылдау- ұйымды басқару бөлігі, ұйымдастырудың жүйелі үрдісі. [12, 9] Шешім қабылдау ұғымы шешімді дайындау жоспарлау яғни альтернативаларды таңдаумен анықталады. Стратегиялық жоспар жасауда «не істеу керек?» деген, ал тактикалық, ағымдағы жоспарлауда «қалай істеу керек?» деген үлгіде шешім қабылдайды. Шешім қабылдау ісінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттың аздығы, шешім қабылдау тəсілдерінің əлсіздігі, уақыттың қысқалығы, шешім қабылдайтын жақтардың өзара келіспеушіліктері- шешімнің сəтсіз қабылдауына ықпал ететін мəселелер. Сол себепті шешім қабылдау ісіне қатысушылардың барлығы жауапкершілік, ортақ мақсатқа бағытталу, жұмыстың уақытында орындалуы, кəсіби құзыреттілік тұрғысынан келуі керек. Г. Я. Гольдштейн басқару саласындағы шешім қабылдау үрдісін бірнеше белгілер бойынша топтастырады:шешім обьектісі бойынша (жағдайға негіз болатын мақсаттар мен құралдарға бағытталатын шешімдер), жоспарлау жүйесіне байланысты (стратегиялық, тактикалық, жедел шешім қабылдау), қайталау жиілігіне қарай (кездейсоқ, қайталанатын, күнделікті, əдеттегі шешім),басшылық бойынша (жеке тұлғалардың, менеджерлердің, орындаушылардың тарапынан шығарылатын шешімдер) [24].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет