Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Тəуекелді басқару сатылары



бет36/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Тəуекелді басқару сатылары: мақсатты анықтау, даму болашағын болжау;тəуекелді, табысты айқындау;тəуекелді бағалау, сақтандыру жүйесін құру;тəуекелді басқару əдістерін таңдау арқылы тəуекелді жағдайлардың теріс салдарын жою шараларын дайындау; таңдалған əдісті қолдану, табысты жұмысты қамтамасыз ету; нəтижелерді бағалау.
Тəуекелді басқару кезінде басшылыққа алынатын ережелер: тəуекел салдары туралы алдын ала ойлау, шешімнің бірнеше нұсқаларын қарастыру, тəуекелге баруда сенімділік тұрғысынан қарау, тəуекелді шешім қабылдауға ықпал ететін ішкі жəне сыртқы ортаның жағдайына талдау жасап барып, тəуекел ету керек.


Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Болашақ ұйым басшысы ретінде ұйымның миссиясын анықтаңыз.

  2. Үлгіні басшылыққа алып мектеп жоспарының жобасын жасаңыз.

  3. Жоспарлауда қандай қағидаларды басшылыққа алар едіңіз? Неге? Ойыңызды тұжырымдаңыз.

  4. Төмендегі тұжырымдарды оқып, өзіңізге ұнаған тұжырымға талдау жасаңыз.

    • П. Друкер: «Нəтижелі ұйым құру үшін билікті жауапкершілікпен алмастыру керек»

  • У. Джеймс: «Кез келген жобада маңызды фактор жетістікке деген сенім. Сенімсіз жетістік те болмайды»

  • Билл Гейтс: «Жұмысты бірнеше жеке бөлімдерге бөлу жəне оларды көптеген жеке қызметкерлерге тағайындау арқылы, сіздің алысқа кетуіңіз сондай ешкім ешқашан процесті тұтастай елестете алмайды, сосын дөңгелектер бос айнала бастайды»

  • Чак Таннер: «Басқарудың үш құпиясы бар. Бірінші құпия-шыдамды меңгеру, екінші- шыдамды болу, үшінші, ең басты құпия- ол шыдамдылық».



Тақырып 1.2.3. Ұйымдастыру жəне ынталандыру (уəж)


функциялары.
Мақсаты: UБасқарудың ұйымдастыру жəне ынталандыру (уəж)
функцияларының негіздерін сипаттау.
UНегізгі ұғымдарU: ұйымдастыру, ынталандыру, мотивация, ынталдандыру концепциялары
UЖоспары:

  1. Басқарудың ұйымдастыру функциясы

  2. Басқарудың ынталандыру (уəж)функциясы

Ұйымдастыру - əзірленген жоспарды іске асыру үшін негізгі элементтер мен компоненттердіңкүш-жігерін үйлестіруге бағытталады. Ұйымдастырушылық - бұл жұмыстарды жобалау, ұйымдық құрылымды жəне бөлімшелер арасындағы қарым-қатынас жүйесін құру жəне оларды басқару. Ұйымдастыру функциясы - басшылықтың ұйымдастыру-əкімшілік қызметі тəртіптілік, ағымдағы жұмыстарды орындау, мəселелерді тез жылдам шешу, түрлі қызмет салалары жұмыстарын үйлестіру, құжаттарды құру т.б. алға қойған мақсатарға сай жоспар бойынша орындалуға тиісті жұмыс түрлерін жүзеге асыру, жауаптыларды белгілеу, қызметкерлер арасындағы байланысты қалыптастыру арқылы жұмыс сапасына ықпал ететін қызмет. Л. Павлова ұйымдастырушылық функциясы басқару обьектілерін міндеткерліктер мен құқықтарын жəне жекелеме құрылымдық бөлімдердің міндеттерін анықтау арқылы басқару деп түсіндіреді.[7, 52] Ұйымдастыру білім беру ұйымының қалаған нəтижесін (мақсаттарын) ең тиімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін осындай ұйымдастырушылық жағдайларды жасау үшін басқару персоналының əрекеттерінің жиынтығын қамтиды. С. Донцов: еңбекті ғылыми ұйымдастыру- ғылымның даму жетістігі мен озат тəжірибеге негізделген, оны жүйелі түрді өнеркəсіпке енгізгізе отырып адам мен техниканы тиімді біріктіру арқылы еңбек өнімділігін көтеру мен адам денсаулығын сақттауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру екендігін айтады. [25,17]
Ұйымдастырушылық функцияны іске асыру механизмі: біріншіден, жұмыстарды ұйымдастыру (жобалау), яғни, егжей-тегжейлі мақсаттар мен нақты орындаушылар үшін барлық жұмыс түрлерін анықтауды, екіншіден, барлық ұйым үшін құрылымды (жобалау), оның функционалдық жəне мақсатты бағдарлануын (орталықсыздандыруды) есепке ала отырып, нақты
жұмысты орындау үшін адам ресурстарын бағалау жəне оларды бірлікпен топтастыруды, үшіншіден, бірліктердің өзара əрекеттесу жəне басқару жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған ұйымдық құрылымды ескере отырып, басқарушы персоналдардың жауапкершілігі дəрежесін анықтау қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет