Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет27/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

T(treat) қауіптер

  1. Басқа мектептермен байланыс

  2. Мұғалімдердің біліктіліктерін көтеруге қолдау көрсету: оқытушылық семинарлар, педагогикалық оқулар ұйымдастыру.

  3. Оқу-əдістемелік құралдар, нұсқаулар шығару.

  4. Жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісіне енгізу (АКТ, СТО) т.б.

  1. Тəжірибелік оқыту алаң базаларының əлсіздігі

  2. Мектептің ескіруі: оқушылардың денсаулығына кері əсер тигізу 3.Бəсекелестіктің артуы 4.Педагогтың əлеуметтік мəртебесінің төмендеуі т.б



SWOT – талдау арқылы сыртқы ортаның мектеп жұмысына əсері, білім беру ұйымының ресурстарын анықтау жəне білім мектеп жұмысын жетілдіру шараларын жасау жүзеге асырылады. SWOT – талдау нəтижесі бойынша ағымдағы жағдайды түзету, ретке келтірудің жоспарлары жасалып, келеңсіздіктерді жою, жетістіктерді одан ары дамыту, жетілдіру шаралары жүргізіледі. SWOT – талдау əдісі тиімді əрі жағдайға алгоритмдік ретпен, жүйелі, бірізді, визуалды сипаттама беру түрінде орындалады. Орын алған мəселелер бір реттілікпен біріктіріліп, салыстырмалы талдау жасауға негіз болады. Бүгінде SWOT – талдау педагогикалық менеджментте қолданылатын негізгі талдау əдісі болып отыр. Педагогикалық талдау функциясы басқарушылық қызметтің келесі функиясы мақсат қоюды жүзеге асыруға негіз болады. [21]
Мақсат қою функциясы - педагогикалық үрдіске қатысушыларды ортақ мақсатты түсінуге жəне оған жетуге соған лайықты саналы əрекет етуге əсер етеді. Мақсат- іс əрекет жетістігін ойша көру, қою.[22] Бұл функцияның басты мақсаты - педагогикалық процестің барлық қатысушылары өз міндеттеріне, жəне оларға берілген жоспарларға сəйкес, сондай-ақ нақты білім жағдайында өздерінің жəне ұжымдық мақсаттарына қол жеткізу қажеттілігіне сəйкес жұмыстарды нақты орындауын қамтамасыз
ету. Мақсат қою- стратегиялық міндеттерді талап ететін шешім қабылдау деңгейі, бір мақсатқа жетуге бағытталған стратегия. [5] Қандай ұйым болса да белгілі бір мақсатты орындау үшін құрылады. Мемлекет білім беру ұйымына - мектеп, балабақша, колледж, т.б. - ашылған кезден бастап білім беру қызметін сапалы ұйымдастыруға тапсырыс береді, жəне жылма-жыл оларды жеткілікті түрде қаржыландырып отырады. Осыған орай əрбір білім беру ұйымы мемлекеттің сұранысы, жергілікті мүмкіндіктер, өз ерекшеліктері, ата-аналардың қалауы, т.б. факторларды ескере отырып, өз қызметінің мақсатын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет