Оқуқұралыныңмақсаты:болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқарудағы педагогикалық менеджменті туралы теориялық білімі мен тəжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жөнінде біліммен қаруландыру; педагогикалық менеджментің мəні жəне негізгі міндеттерімен таныстыру; педагогикалық менеджмент туралы саналы көзқарастарын қалыптастыру; менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру ұйымдарын басқару дағдыларын қалыптастыру.
Оқу құралының мазмұны «Педагогикалық менеджмент» пəніне жəне
«Кəсіби қоғамдастық пен білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара əрекеттесу» кəсіби модуліне сай, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы білім алушыларына арнап жазылған. Ұсынылған оқу құралдың мазмұны мен құрылымы білім алушылар үшін ізденушілік пен инновациялыққа ұмтылуға, мектеп басшылары үшін қалыптасқан стереотипті түсініктерін өзгертуге белгілі бір дəрежеде ықпал етеді деп сенеміз.
I-ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ - БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ,БАСҚАРУДЫҢƏДІСНАМАСЫ
1 бөлім. Педагогикалық менеджмент негіздері
Тақырып1.1.1.Білімберужүйесінбасқарудыңқазіргіпарадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайдаболуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент,педагогикалықменеджментұғымдары. UМақсаты:UМенеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері
жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Басқарудың парадигмалары, құндылықтарын, пəнін, ұғымын жəне əдіснамасын анықтау
Негізгіұғымдар:Uбасқару, парадигма, құндылықтар, менеджмент ұғымы, даму кезеңдері, педагогикалық менеджмент
UЖоспары: Басқарудың парадигмалары, құндылықтары.
Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі.
Ғылыми менеджмент мектептері.
«Менеджмент», педагогикалық менеджмент ұғымдары. Қазақстандық білім жүйесі бəсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін,
еуразиялық көпмəдениетті, əртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын жəне техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мəдениеті мен дəстүрін қолдайтын тұлғаны қалыптастыруға бетбұрыс алды.
Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды.[1]
Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару. Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да жаңғыртылуда.