Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет41/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Құттықтау. Басшының жеке құттықтауы маңызды, əріптестер мен басшылық тарапынан құттықтаулар қызметкерді ынталандырады.

  • «Жетістіктер витринасы» немесе «Құрмет тақтасы». Ақпараттық тақтада жетістікке жеткен қызметкердің рейтингісі мен көрсеткіші ілінеді.

  • «Карьералық саты», тігінен жəне көлденеңнен қызметтік (карьера) критерийлері мен кезеңдері жазылып, қызметкерлерге беріледі.Ол қызметкерлердің өсуіна жол ашады, ынталандырады.

  • Кадрларды бейімдеу жүйесі. Қызметкер ұйымда қала ма, қалса қанша уақытқа дейін жұмысқа қабылданғанын алғаш күннен-ақ шешу, ол кадрлардың бейімделу жүйесіне ықпал етеді.

  • Іс тəжірибе алмасу жəне ұйым ішінде оқыту. Ұйым ішінде қызметкерлердің бірін-бірі оқытуы еш шығын əкелмейді, керісінше бір ұжым болып еңбек етуін, қалыптасуын, команда боп құрылуын, кəсіби өсуін ынталандырады.

  • Қызметкерді шешім қабылдау үрдісіне қатыстыру – оның өз пікірі мен көзқарасын көтерудің күшті құралы. Ол əртүрлі формада болуы мүмкін: сұрау, анкета алу, стратегиялық жоспарларды талдау, олардың ұсыныстарын қарау, кəсіподақ бірлестіктерінің түрлі шешімдері. [26, 166-167]

    Білім беру ұйымының басшысы қызметкерлерді ынталандыруда келесі əрекеттерді орындау шараларын жүргізуі қажет: педагогтардың бастамашылық идеяларына, жаңа жобаларына қолдау көрсету; ұсыныс, пікірлерін қабылдау; еңбегіне қарай сыйақылар тағайындау (марапаттау, алғыс хат, наградалар беру, ақшалай, бағалы заттар арқылы т.б.); кəсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, отбасы жағдайына байланысты көмек көрсету; қызметін көтеру; оқу кабинетін жабдықтау; қызметкердің еңбегі жайлы БАҚ құралдарына мақалалар беру; құрмет тақтасына фотосын қою; қызметкерлердің отбасымен демалыс ұйымдастыру; білім жетілдіру курстарына жолдамалар беру; педагогикалық ұжым мүшелерімен бірігіп түрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық) педагогикалық іс-шараларға (ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқуларға т.б.) қатыстыру; мереке күндеріне, туған күнге байланысты құттықтау хаттарын жіберу; педагогикалық ұжым алдында еңбек жетістіктерінің көрмесін ұйымдастыру, сапа белгісімен марапаттау т.б.
    Ынталандыру еңбек өнімділігін арттырудың негізгі шарты ретінде қандай жағдайда болмасын маңызды қызмет түрі болып табылады.
    Қорыта келе, басшының қызметкерлерді жұмысқа ынталандыратын бірнеше ережелерін келтіруге болады: бар мүмкіндіктерді жеке тұлға мен ұйымның қажеттіктерін біріктіруге ұмтылу; мотивация сұлулық сиякты
    адамның қандай көзбен қарауына байланысты,сондықтан да, мотивация , басқару стилі, əдістерімен тиімді үйлесімде болса ғана нəтиже береді; мотивациялау - адамдарды еліктету, ол үшін басшының ойы,сөзі, ісі бір жерден шығу міндеті тұр; адамдар робот емес, қажеттіліктер тізімі мен оларды қанағаттандыратын факторлар тізімі арасында толық сəйкестік орнату мүмкін емес; қызметкерлер барлық қажеттіліктерін бірдей қанағаттануға ұмтылады, сондықтан басшы, барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын кең факторлар жиынтығын қарастыру керек; қызметкерлерді толық ынталандыру үшін ұйым құрылымы мен əкімшілік нұсқауларын өзгерту қажет. Егер мектеп педагогтардың өсуі мен жетілуіне жағдай жасамаса, басшы нұсқауы тиімсіз болса, онда ынталандыру механизмі нəтижесіз болып қалады, күшпен ынталандыру тиімсіз; басшы əр түрлі тəсілдерді қолданып, беделді адамдар ұсынысын тыңдап, қызметкерлер ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс барысында тиімдісін таңдау қажет. қызметкерлердің өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызбаса, ынталандыру қиын,олардың ойына жəне іс-əрекетіне қолайлы ықпал етуге жағдай жасау қажет.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет