Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде



бет15/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде. Педагогикалық жүйелерді басқарудың екі негізгі бағыты бар: жүйелік жəне жағдаяттық. Педагогикалық менеджментке жүйелік сипат тəн. Жүйені өзара белгілі байланыстар пайда болатын элементтер жиынтығы десек, педагогикалық жүйе бір бірімен өзара тығыз байланысқан иерархиялық құрылымдардан тұрады. Психологиялық- педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент іс əрекеттік жүйе ретінде оған мынадай құрылымдық-функционалдық жəне жүйе құрушылық факторлар енеді: іс-əрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нəтиже), іс- əрекеттің субьектілері, (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар жəне т.б.), іс-əрекеттің обьектісі- жетекшінің жарлығын орындаушы (оқушы, оқытушы, директордың орынбасары т.б.), іс-əрекеттің мазмұны (оқу, басқару т.б.), іс-əрекет тəсілдері (оқытушылар мен оқушылардың, жетекшінің оқытушылар мен оқушылардың өзара іс- əрекетінің стильдері мен əдістері)»- деп анықтама береді.[9] Жүйелік басқаруда басқарудың мақсаты, міндеттері, технологиялары, адамдар, басқару құрылымы өзара байланыста, бірлікте қарастырылуы ескеріледі. Жағдаяттық басқаруда туындаған жағдаятқа байланысты оны шешуде ең тиімді деп қабылданатын əдіс, тəсіл ескеріледі.
Педагогикалық жүйелердің қызмет етуіне қажетті бірден бір фактор - белгілі бір кезеңде қалыптасқан қоғам талабына сай əлеуметтік сұраныс. Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйелердің мақсатқа бағыттылығын төмендегі белгілеріне қарап ажыратуды ұсынады, олар:қоғамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыруы тиістігі; қоғам əрекеттерінің белгілі бір мақсатты көздейтіні жəне соған сəйкес қадағаланып отыратыны; белгіленген мақсаттың жүйенің барлық компоненттеріне қатыстылығы; мақсаттың басты иелері ретінде жүйе басшылары, педагогтар мен білім алушылар қажеттігі.
Педагогикалық жүйелер қоғамда адамдардың белгілі бір категориясын (балалар, жастар, ересектер) тəрбиелеу, оқыту, немесе, даярлауға қажеттілік айқын байқалған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйелер бір-бірінен мақсаты бойынша (балабақша, мектеп, кəсіби білім, оқыту процесі, т.б.) ажыратылады жəне олардың бəрін ортақ мақсат біріктіреді:
білімді, тəжірибені беру, тұлғаның белгілі бір жеке қасиеттерін, қарым- қатынасын тəрбиелеу. Сонымен, педагогикалық мақсат – кез-келген педагогикалық жүйенің құрылуының маңызды компоненті.Педагогикалық жүйе қоғамда адамдар меңгеруге тиісті белгілі бір ақпараттар жүйесі жинақталған жағдайда пайда болады. Осыған сай, білім алушыларға қажетті оқу жəне ғылыми ақпарат–педагогикалық жүйенің тағы бір маңызды компоненті. Педагогикалық жүйе мақсатқа жету тəсілдері, педагогикалық ықпал ету құралдары, түрлері жəне əдістері (педагогикалық коммуникация құралдары) айқындалып, педагогикалық жүйе алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік болған жағдайда пайда болады. Сондықтан, педагогикалық коммуникацияның болуы –педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Кез-келген педагогикалық жүйе белгілі-бір даярлау, білім беруді қажет ететін адамдар контингенті болған жағдайда пайда болады. Білім алушылар (оқушылар, студенттер) – педагогикалық жүйенің міндетті компоненті. Педагогикалық жүйе сол жүйенің мақсатына сəйкес, белгілі-бір ақпараттық коммуникациялық құралдарды меңгерген, педагогикалық, психологиялық білімді педагогтар болған жағдайда құрылады. Педагогикалық жүйенің нəтижелі қызметі ондағы педагогтар сапасымен анықталады. Педагогикалық жүйелердің нəтижелілігін қамтамасыз ету оны басқаруды жүйелік пен тұтастық тұрғылардан ұйымдастыруды қажет етеді. Ол туралы Ю.А.Конаржевкий педагогикалық жүйені басқаруда «оның жүйелік мəнін терең ұғынбай, жүйе туралы білімдерден хабарсыз бола отырып, күрделі жүйе құрылымымен жұмыс істеу, оны дамыту, басқару, жобалау мүмкін емес» деген болатын. Əр жүйеде сол жүйені құратын, басқа құрылымдарды біріктіріп тұратын алдыңғы құрылым болады. Педагогикалық жүйеде ондай құрылымды коммуникациялық құрылым орындайды. Педагогикалық жүйе келесі компоненттерден тұрады: мақсаттың болуы - мазмұнының толықтығы - ұйымдастыру (əдістер, формалар)- ынталандыру (мотивация)- күтілетін нəтиже.
Педагогикалық жүйенің осы құрылымдары басқарудың жеке обьектісі болып саналады.Педагогикалық менеджменттің басты мəні осы құрылымдарды өзара байланыста қарастыра отырып, оларды жоғары тиімді нəтижеге ортақ қол жеткізуге бағыттау. Əр жүйенің өзінің менеджменті бар: жүйе неғұрлым үлкен болса, басқару деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Менеджер қызметінде жетістікке жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар : көп жағдайда өзін басқара алмауы, уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нəрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады;жеке құндылықтарын жайып жіберу, өзінің жеке касиеттері мен істің мақсатын дұрыс түсінбеу, жеке мақсаттарын жете түсінбеу, жеке басының ісіне, мақсатына деген түсінігінің жоқтығы; өзін- өзі дамытуды тоқтату, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге əрекеттенбеуі, мəселеге тірелу сəттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы, күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің
төмендігі, педагогикалық басшылык жасауда қабілетінің жетіспеуі;творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі, жаңа идеяларды іске асырудағы қабілетінің жетпеуі, өздігінен жүзеге асыра алмауы;адамдармен тіл табысуы қиын, қоршаған адамдарға əсер ете алмайды, олардың шешімдеріне мəн бергісі келмейді;баскару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дəрежеде ұғынбауы, авторитарлық, өктемшіл əдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі;басшылық дағдысының жеткіліксіздігі, қарамағындағылардың кызметі мен іс-əрекетін баскаруда тəжрибе мен икемділіктің жетіспеуі;үйретуге қабілетсіздігі, тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге жоқтығы; ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі, педагогикалық ұжымды тиімді басқару мен дамытуға дəрменсіздігі; педагогикалык жəне əкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы, басқару,оқыту мен тəрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Басқару тиімділігін қиындататын басты себептің бірі, басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады, Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы – билік жүргізу, ықпал ету жəне жетекшілік ету.Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, нақты жағдайларға жəне басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайында, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Əлеуметтік мінез-құлық факторларына байланысты, адамдар басшыға неғұрлым тəуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен əдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кəсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы əйелдердің рөлі, менеджерлердің əлеуметтік мақсаты жəне тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе əлеуметтік фактор, проблеманы туғызады, сондықтан, əлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.
Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын əрекет ете алады. Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті жəне осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалардан толық хабардар болуы тиіс.
Жүйе құрайтын элементтеріне педагогикалық менеджменттің субьектілері мен обьектілері жатады. Субьектілеріне: мектеп директоры, орынбасарлары, мектеп мұғалімдері ,мектеп оқушылары жатады. Обьектілеріне: оқыту үрдісі жəне онымен байланыстылардың барлығы
жатады, мысалы педагогикалық кеңес. Оқыту үрдісі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын үрдіс. Мектеп- басқаруда жүйелі тəсілді қажет ететін кешенді обьект. Мектептің жүйе екендігінің негізгі белгілері: жүйе бірнеше құрылымдардан тұрады, ол сыныптар болып табылады. Ал егер мектепті коммуникативті жүйе ретінде қарасақ, онда ол жүйені құраушылар: оқушылар, мұғалімдер, мектеп басшылығы; жүйе бірнеше компоненттердің арасындағы өзара байланыстан,басшы мен бөлім меңгерушілері арасындағы, пəндер арасындағы байланыстардан тұрады;жүйе ретінде интерактивті, ол деген оқу-тəрбие міндеттері ұжыммен бірлесе, келісе отырып шешіледі; жүйеге иерархия тəн, оған мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, əдістемелік кеңес, мұғалімдер жатады. Мектеп педагогикалық жүйе ретінде жүйе құраушы факторлар (мақсат, нəтиже) мен қызмет ету жағдайы (педагогикалық ұжым, оқушылар ұжымы, педагогикалық іс əрекеттің мазмұны, құралдары, формалары мен əдістері жəне функционалдық компоненттердің (басқару функциялары) бірлігінен тұрады. [11].Мектеп-əлеуметтік жүйе, оның белгілері:оқыту мен тəрбиелеуде мұғалім, ата-ана, оқушылардың бірлігі; мектеп директоры- оқу ісінің меңгерушісі- əдістемелік бірлестік басшысы- мұғалім арасындағы міндеткерлік қарым-қатынастар мəдениеті;сыртқы ортамен байланыс (мектептен тыс ұйымдармен т.б. байланыс); мектептің дамуын басқарушылық шешімдер тізбегі деп қарастыруға болады, мектеп еркін, өзін- өзі басқара алады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет