Тапсырма 2. Менеджменттің индустриялық кезеңі өкілдерінің
теорияларынсəйкестендіріңіз
Адам Смит
өнеркəсіп машиналарын енгізу керектігін, сол арқылы жұмысшылардың еңбегін жеңілдетуге
Роберт Оуэн
еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу
Чарльз Беббидж
жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады.
Эндрю Юр
басқару бұйрық берушілік емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтап берді.
Тапсырма3.Идеяларматрициясынқұрыңыз.
автор
идеясы
ұқсастығы
Ф.Тейлор
А. Файоль
Э. Мэйо
Г. Эмерсон
Тақырып 1.1.2. Педагогикалық менеджмент мақсаты, міндеттері. Педагогикалық менеджменттің құрылымдары. Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде. Оқыту үдерісін басқарудағы педагогикалық менеджмент.
UМақсаты: UПедагогикалық менеджмент мақсаты, міндеттері.
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары. Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде. Оқыту үдерісін басқарудағы педагогикалық менеджмент, əдістемелік жұмыс менеджментін анықтау
UНегізгіұғымдар: Uпедагогикалық менеджмент мақсаты, обьектісі, міндеттері, құрылымдары, педагогикалық жүйе, жағдаяттық тəсіл
U
Жоспары: Педагогикалық менеджмент мақсаты, міндеттері.
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары.
Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде.
Оқыту үдерісін басқарудағы педагогикалық менеджмент. Əдістемелік жұмыс менеджменті.
Қазіргі қоғамда педагогикалық менеджменттің енуі білім беру саласындағы реформалар мен өзгерістердің тууымен, білім берудің вариативті қызмет көрсету, инновациялық үрдістердің енуімен байланысты. Қазіргі уақытта педагогикалық менеджмент əлеуметтік құбылыс ретінде
қарастырылады, ол басшының тəрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыруды ұйымдастыру құзыреттілігін меңгеруі. Педагогикалық менеджмент педагогика ғылымының бір саласы, оның зерттейтін пəні-білім беру мекемелеріндегі басқару. Мектеп басқару бойынша Ю. А. Конаржевский, В. П. Симонов, М. М. Поташник, К. М. Ушаков, П. И. Третьяков, А. А. Орлов т.б. зерттеген. В. П. Симонов педагогикалық менеджментке оқу-тəрбие процесін басқару принциптері, əдістері, ұйымдастыру жəне технологиялық амалдар кешені ретінде түсінік береді.[10]