Экономикалық əдістер – педагог мамандар мен білім алушылардың еңбектерін бағалауға негізделген, іс əрекет нəтижелерін материалдық ынталандыру тəсілдері, экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, жанама əсер етеді, қажетті бағытта қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру.
Экономикалық əдіс- ұйымның қызмет етуі мен дамуына жағымды жағдайды құруға мақсатты түрде ықпал ететін құралдар мен тəсілдердің жиынтығы. [5]
Бұл топқа жататын əдістер: экономикалық есеп, жоспарлау, болжау, экономикалық талдау, экономикалық негіздеме, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру:сыйақы, еңбекақы, марапаттау, материалды көмек. Ал міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл əдістері (қызмет лауазымын төмендету, жұмыстан босату т.б.) қолданылады. Қорытындынəтижеүшінмарапаттауəдісітоптың мүдделерін ынталандырады, ұжымдастыруды көтермелейді жəне жекелеген құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу үшін жалақы қорынан төленеді: еңбек өнімділігін арттыру; өнімдердің, жұмыстардың жəне қызметтердің сапасын арттыру; ресурстарды үнемдеу жəне т.б.
Басқару əдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қызметкердің лауазымы өсетін болса, соған сай оның еңбекақысы да өседі.Басқарудың барлық əдістері бір-бірінен оқшауланбайды, өйткені олар белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару жүйесіне ықпал ету жолдарын білдіреді. Белгілі мақсаттарды, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған басқару əдістері қолданылады.