Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Ақпараттық -талдау функциясы



бет24/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Ақпараттық -талдау функциясы – əр бөлімшенің оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін, іс жүзіндегі жағдайын талдау жəне пайдаланылатын əдістердің орындылығы мен тиімділігін, білім беру ақпаратын басқару əдістерін негіздеуге мүмкіндік береді. Л. Павлова ақпараттық қамтамасыз ету пікір алмасулар жəне мақсатқа жетудің тиімді альтернативаларын таңдауды ескере отырып шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін айтады.[7] И. Н. Герчикова ақпараттың басқарушылық шешім қабылдауға қажетті баяндама, есеп, ұсыныс беруге негіз болатынын жəне ақпарат нақты, қысқа, өз уақытында, басқарушылардың қаджеттіліктерін қанағаттандыратын, дəл жəне шынайы, мəліметтерді дұрыс жинақтаған, тиімді жүйеленген болу керектігін айтады.

  1. Білім беру ұйымындағы басқарудың ақпараттық жүйесінің қызметінің мазмұндық көрсеткіштері білім алушылардың білім сапасы, оның өсу, төмендеу динамикасы, шығармашылық-ізденіс жұмыстарының көрсеткіштері, педагогтардың жетістік көрсеткіштері т.б. болып табылады. Жинақталған ақпараттар арқылы ағымдағы жағдайларға баға беріледі, талдау жасалады, ішкі, сыртқы мəні анықталады соның нəтижесінде шешімдер бағдарланады.Талдауға қажетті ақпаратты жыл барысында жинақтау керек. Ақпарат арналары: қызметкерлермен жеке əңгімелесулер, педагогикалық ұжыммен əңгімелесу, пікіралмасу, БАҚ құралдары, Интернет желісі, жазбаша ақпараттық хаттар, электронды пошта, диагностика жəне мониторинг деректері, педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік зерттеулер нəтижелері, бақылау нəтижелері, құжаттар, статистикалық мəлеметтер, саулнамалар (ата-аналардан, білім алушылардан т.б.) алынған т.б. Ақпараттық функция үш деңгейде келетін ақпараттарды көздейді: əкімшілік кеңес(мектеп директоры, директордың орынбасарлары); ұжымдық алқалық ұйымдар (педагогикалық кеңес, əдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңесі, қоғамдық ұйымдар); оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесі. Мекеме басшысы ақпараттың маңыздылығын түсінуі, келген, естіген ақпаратты есте сақтауы, бірнеше дерек көздерінен ақпараттарды алып, салыстыруы қажет. Басшылық қызметкерлерге дер кезінде ақпаратты беруі тиіс. Мектепішілік басқару саласында педагог қызметкерлермен қарым-қатынас жасау өзара түсінушілік пен құрметке негізделуі тиіс.

Талдау – педагогтар мен білім алушылардың бірлескен жұмысының тиiмдiлiгiнiң себептерi туралы мəлімет алу тəсiлi. Ол педагогикалық менеджменттегі бақылау əдісінің бірі болып табылады. Қазіргі педагогикалық менеджмент талаптарына сай, талдау көрсеткіштері мониторинг арқылы жүзеге асырылып, табысқа жету деңгейін тексеру эволюция (қандай да бір үрдістің құрылымдық өзгерістерге ұшырауы) арқылы анықталады. Эволюциялық өзгерісте мынадай сұрақтарға жауап алынады: «Не өзгерді?», «Ол өзгерістер немен байланысты?», «Мектеп басқару жүйесінде қандай өзгерістер орын алды?», «Өзгерістер табысқа жетудің көрсеткіші бола ала ма?». Қазіргі басқару сапасы талаптарына сай аудит –триангуляция негізіндегі өзіндік талдау, бағалау жүзеге асырылуы тиіс. Ол бойынша оқушылар, ата-аналар, қызметкерлер пікірлерінің
триангуляциясы негізінде ұйымның ішкі жəне сыртқы жағдайларына талдау жасау жүзеге асырылады. Басқарудағы триангуляция – қабылданатын шешімге жан-жақты келу: педагогикалық ұжым, оқушылар, ата-аналар, басшылық, бірігіп қабылданған шешімнің дұрыстығын тексеру, сенімділікті арттыру, нəтижеге қол жеткізудің кумулятивті бағасы. Осылай жинақталған ақпараттар негізінде педагогикалық үрдістің жалпы жағдайына, қызмет түрлерінің орындалуына байланысты педагогикалық талдаулар жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет