Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет32/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Стратегиялық жоспарлау- оқу орнының басым бағытын нұсқаушы, үлкен, негізгі мақсатқа жетуге бағытталған, ұзақ уақытқа межеленген, жетекшілік əрекеттер бағдарламасы. Стратегиялық менеджмент- мақсатпен келісуді, өнеркəсіптің мүмкіндіктері мен қызметкерлердің қызығушылықтарын қамтамасыз ететін басқару мен ойлау тəсілдерінің бағдарламасы.[12] Стратегиялар арқылы негізгі мақсаттарға жетудің ережелері мен тəсілдері, басқарушылық жəне ұйымдастырушылық əрекеттер жинақталады.Стратегиялық жоспар соңғы жылдардағы мектеп жұмысына терең талдау жасап, білім беру жүйесінің даму беталыстарының негізінде жасалады.Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым міндетін, негізгі мақсатын жүзеге асыру. Жоспарлау мерзімі: ұзақ уақытқа арналады, 2-10 жыл. Мəселелер сипаты: сирек қайталанатын мəселелер мен міндеттер шешіледі. Тактика- стратегеияның негізгі мақсатын жүзеге асыру құралы болып табылады.
Стратегиялық жоспар үлгісі:

жылдар
бағыттары

20..-20..

20..-20..

20..-20..

20..-20..

20..-20..

Мектептің міндеттері
















Жылдар бойынша білім алушылар контингенті/сыныптар
















Оқу-тəрбие үрдісін жаңарту болжамдары
















Педагогикалық жаңашылдықты енгізу
















Мектептің материалды- техникалық базасы
















Оқу-əдістемелік қамтамасыз ету
















Педагогикалық кадрлар қажеттілігі
















Педагогтардың біліктіліктерін көтеру жұмыстары
















Педагогтарды əлеуметтік қорғау
















Білім алушылардың даму перспективалары т.б.
















Стратегиялық бағдарлама – негізгі бөлімдері миссия, стратегиялық бағыттар, бағдарламалар мен жобалар болып табылатын құжат.
Үлгісі


Стратегиялық даму бағдарламасы


Мазмұны
Терминдер жəне анықтамалар- бұл бөлікте жоспарда кездесетін негізгі ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріледі.
Кіріспе- бұл бөлімде қазіргі білім беру кеңістігінің жағдайына, өзекті мəселелеріне сипаттама беріледі.
Заңнамалық негізі- жоспарды жасауда қандай нормативті құжаттарды басшылыққа алынып жасалғаны көрсетіледі.
Миссия, көрінісі, мақсаты мен міндеттері
Мақсаттық индикаторлар- бірнеше мақсаттар көрсеткіші.
Мақсаттық индикаторларын іске асыру миссиясы – мақсатты жүзеге асыру бағыттары, мүмкіндіктері мен жағдайын сипаттау
Қаржыландыру көздері- қандай қаржылық көздер пайдаланылады.
Іске асыру мерзімі (жылдар)

Жоспар бөлімдері.


  1. бөлім. Оқу-тəрбие жəне оқу-əдістемелік жұмыс

  2. бөлім. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру жəне инфрақұрылым жүйесін дамыту жұмысы




Р/с

Атқарылатын жұмыс мазмұны

Қаржыландыру көзі

Мерзімі

Жауаптылар


















Тактикалық жоспарлау – стратегиялық жоспарлаумен тығыз байланысты, стратегияларды нақтылап, түзетулер мен қосымшалар енгізу арқылы стратегиялық мақсаттарға жету тиімділігін нақтылайтын, əр жұмыс түрін жіктеп белгілейтін жоспар түрі. Тактика – өнеркəсіп қызметін дайындау мен жүргізу үрдісінің теориясы мен тəжірибесі.[12] Оған мектептің жылдық жоспары, жарты жылдық жоспар, сабақ кестесі, мектеп ішілік бақылау кестесі жатады. Стратегия мен тактика қатар жүреді, олар ұйымның белгіленген мақсаттарға қол жеткізуіне қажетті құралдарды анықтайды.
Тактикалық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметін дамыту, жетілдіру.
Жоспарлау мерзімі: орта мерзімде.
Тактикалық жоспарлау үрдісі екі кезеңнен тұрады: жоспар жасау жəне оны қабылдау. Жоспар жасау мазмұны: білім беру ұйымы қызметі туралы түрлі ақпараттарды жинақтау; алынған мəліметтерді жүйеге келтіру; алынған мəліметтерді талдау; менеджердің жоспарды жасау бойынша жекелеме құрылымдық, қызметкерлерге міндеттерді жүктеуі; жоспарлау шараларын анықтау; қабылданған жоспар міндетті түрде құжаттамалық түрде рəсімделіп, білім беру мекемесі басшылығымен бекітілуі тиіс;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет