Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет35/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Шешім қабылдау үрдісі – басқару субьектілерінің жағдайға баға беріп, ұйымның мəселелерін шешуге бағытталған, ең озық нұсқаларды іріктеп қарап, шешім қабылдау іс əрекеті. Басқарушылық шешім қабылдауға қойылатын талаптар:анық мақсаттар қоя білу, шынайы жəне ғылыми негізделген, шынайы ақпарат пен шынайы жағдайды ескеру, бірнеше баламаларды қарастыру, барлық жағдайды ескеру, шешімнің уақытында қабылдануы, орындау мерзімі мен жауаптылардың болуы, кімдердің ол шешімді, қашан жүзеге асыратыны туралы бағдардың болуы,құқықтық
актілерге, нормативті құжаттарға сүйену, орындаушылардың құқықтарын сақтау,тиімді, нақты болу, үздік шешімді табу, қалай, қашан, не істеу керектігіне жауап бере алатындай болу, заманауи, уақытылы болу, қабылданатын шешім белгіленген мақсатқа,күтілетін нəтижеге жеткзуі тиіс.Шешім қабылдау үрдісінің құрылымдық бөліктері: мақсат- тəуекелдік- альтернативалар- күтілетін нəтижелер- шешімдерден тұрады.
Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері:мəселелік жағдайды анықтау, талдау;мақсат қою; бірнеше баламалы (альтернативті) нұсқалардың тізбегін жасау;соның ішінен қажетті баламаларды таңдау;баламаларға баға беру;баламаларды сынамадан (эксперимент) өткізу; бір шешімді таңдау;қабылданған шешімді орындау мерзімін, орындауға жауаптыларды анықтау;шешімді орындау жұмысын қамтамасыз ету;шешімдердің орындалуы[14].
Тəуекел- жақсы аяқталуға үміттенетін, сəттілікке жасалатын іс-əрекет, ресурстар мен пайданы жоғалтып алу қаупі; белгісіздік жағдайында менеджердің жайы, немесе нəтижесінде болатын сəтсіздікке сандық баға беру. [22] Барлық шешім қабылдау барысы тəуекелмен байланысты, себебі болашақта не болатыны, нəтижеге жете ала ма, жоқ па оның бəрі белгісіз, тек болжамды нұсқадан ғана тұратыны белгілі, осы бағытта тəуекелділіктің орны ерекше.Тəуекелділік- негізгі мəселелерге (қаржылық, əлеуметтік, білім беру жағдайы, ортасы т.б.) байланысты шешім қабылдау үрдісі. Тəуекелді басқару

  • тəуекел факторларын бейтараптандыру, басқаруда қате шешім қабылдау қаупін азайту, алдын ала болжау шараларын іске асыру үрдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет