Жылдықжоспар тұтас бір жылға жасалады (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 31 тамызына дейін, мамыр айында жасалып, педагогикалық кеңесте бекітіледі), оны дайындау оқу жылының барысында жүзеге асады жəне оның кезеңдері оқу тоқсанына бағытталып құрылады:
кезең- мектеп басшысы мен оның орынбасарлары жаңа нормативті құжаттармен, білім беру мен тəрбие үрдісі мəселелеріне қатысты жаңалықтармен, нормативтермен танысады.
кезең –ақпарат жинаудың формалары мен көздері анықталады, жоспар құрылымына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі (арнайы құрылған шығармашылық топ жасайды).
кезең – жинақталған ақпараттар талданады, комиссия мүшелерінің орындалған жұмыстар туралы есебі тыңдалады, кездескен қиыншылықтардың туындау себептері анықталып, оны болашақта жою жолдары қарастырылады.
кезең-жоспардың жобасы дайындалады, жоспар бөлімдерін ұжымдық талдау, жаңа оқу жылының бірінші отырысында ол бекітіледі.