Жоспарлауфункциясы-алға қойған мақсаттарды тəжірибелік əрекетте жүзеге асыру үрдісі, ол нақты шешімдерді қабылдаудан тұрады жəне олмақсаттарды болжау, таңдау, оларға қол жеткізудің жобасын жасауға негізделетін қызмет түрі. Жоспар құру функциясы басқарудың ұйымдастыру құрылымы шеңберінде міндеткерліктерді бөлу арқылы мақсаттарды қою жəне оған жету жолдарын таңдау.[7] Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін жоспар құрылады. Жоспар алдағы жəне жақын арадағы жұмысқа нақты бағыт береді жəне оны жүзеге асырудың үздіксіз процесі болып саналады. Жоспарлау ұжымның жұмысына талдау жасау негізінде жүзеге асырылады жəне оны орындау уақыты мен мерзімі, орындау барысы, жауапты адамдар белгіленген жұмыс сызбалары құрылады. Жоспарды жүзеге асыруға барлық ұжым белсенді қатысуы тиіс, бұл функция мектептің өзекті мəселелерін шешуге бағытталған кешендік шаралар жүйесін құрайды. Қазіргі менеджмент талаптарына сай іс –əрекетті жоспарлау – мақсаттар мен міндеттерді қою, табыс критериін анықтау, келісу жəне эволюция əдістерін жоспарлау деген сөз. Табыскритериінанықтаудаескерілетінталаптар:қызмет нəтижелігінің бағалану өлшемдерін, индикаторларын (көрсеткіш) анықтау, даму
мақсаттары мен нəтижені айқындау, тəуекелдерді бағалау, талдау, анықтау, тəуекелдердің ықпалын төмендету шараларын белгілеу.
Жоспарлау міндеттері: