SWOT – талдау арқылы сыртқы ортаның мектеп жұмысына əсері, білім беру ұйымының ресурстарын анықтау жəне білім мектеп жұмысын жетілдіру шараларын жасау жүзеге асырылады. SWOT – талдау нəтижесі бойынша ағымдағы жағдайды түзету, ретке келтірудің жоспарлары жасалып, келеңсіздіктерді жою, жетістіктерді одан ары дамыту, жетілдіру шаралары жүргізіледі. SWOT – талдау əдісі тиімді əрі жағдайға алгоритмдік ретпен, жүйелі, бірізді, визуалды сипаттама беру түрінде орындалады. Орын алған мəселелер бір реттілікпен біріктіріліп, салыстырмалы талдау жасауға негіз болады. Бүгінде SWOT – талдау педагогикалық менеджментте қолданылатын негізгі талдау əдісі болып отыр. Педагогикалық талдау функциясы басқарушылық қызметтің келесі функиясы мақсат қоюды жүзеге асыруға негіз болады. [21]
Мақсатқоюфункциясы- педагогикалық үрдіске қатысушыларды ортақ мақсатты түсінуге жəне оған жетуге соған лайықты саналы əрекет етуге əсер етеді. Мақсат- іс əрекет жетістігін ойша көру, қою.[22] Бұл функцияның басты мақсаты - педагогикалық процестің барлық қатысушылары өз міндеттеріне, жəне оларға берілген жоспарларға сəйкес, сондай-ақ нақты білім жағдайында өздерінің жəне ұжымдық мақсаттарына қол жеткізу қажеттілігіне сəйкес жұмыстарды нақты орындауын қамтамасыз
ету. Мақсат қою- стратегиялық міндеттерді талап ететін шешім қабылдау деңгейі, бір мақсатқа жетуге бағытталған стратегия. [5] Қандай ұйым болса да белгілі бір мақсатты орындау үшін құрылады. Мемлекет білім беру ұйымына - мектеп, балабақша, колледж, т.б. - ашылған кезден бастап білім беру қызметін сапалы ұйымдастыруға тапсырыс береді, жəне жылма-жыл оларды жеткілікті түрде қаржыландырып отырады. Осыған орай əрбір білім беру ұйымы мемлекеттің сұранысы, жергілікті мүмкіндіктер, өз ерекшеліктері, ата-аналардың қалауы, т.б. факторларды ескере отырып, өз қызметінің мақсатын айқындайды.