Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет25/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Педагогикалық талдау- даму бағыттарын, жүйенің жалпы жағдайын, оқу- тəрбие үрдісінің нəтижелеріне шынайы баға бере отырып, соның негізінде оны жетілдіруге нұсқаулар беру немесе жоғары сапаға жеткізуді қарастыратын білім берудегі менеджерлердің негізгі қызметтерінің бірі.
Ю. А. Конаржевский педагогикалық талдау функциясының негізінде мектепті басқару, мектептің жағдайы, даму ағымы, педагогикалық үрдістің нəтижелеріне шынайы баға беру жəне соның негізінде жүйені жақсартуға кеңес немесе оны жоғары сапаға ауыстыруға ықпал ететін функция екенін айтады. [21] Педагогикалық талдаудың мақсаты - педагогикалық үрдісті басқарудың танымдық аспектілерін тереңнен қамтамасыз ету жəне соның негізінде мектептің, оның құрылымдық бөліктерінің, білім алушының педагогтың, ата-аналардың дамуына ықпал ету. Педагогикалық талдаудың мазмұны: жағдайды құру, қамтамасыз ету. Педагогикалық талдаудың негізгі обьектілері: мектеп ішілік жүргізілетін шаралар: оқыту жəне тəрбие үрдісі, оқыту үрдісінің жалпы жағдайы, педагогикалық ұжым оның педагогикалық мəдениетінің деңгейі, білім сапасы, оқу-тəрбие үрдісін материалды қамтамасыз ету, жүргізілген оқу сабақтарының жалпы қорытындысы т.б. Күнделікті талдау обьектілеріне: мұғалімнің сабағына қатысу, оған педагогикалық талдау жасау жатады.Осы ретте мектеп басшысы сабаққа талдау жасаудың түрлерін (параметрлік, аспектілік,тақырыптық,қорытынды)жəне оның мазмұнын, кезеңдерін жетік білуі шарт.
Педагогикалық талдау кезеңдері:

    1. кезең- бағдарламасын құру, оқу-тəрбие үрдісінің ең маңызды аспектілерін айқындау. Бұл кезеңде оқу жылы барысындағы оқу-тəрбие үрдісінің жағдайы жайлы ақпараттар жинақталып, өңделеді, нəтижесінде ықпал етуші жағдайлар, əдістер мен құралдар, жағымды, жағымсыз əсерлер анықталады.

    2. кезең - талдаудың субъектісінің құрылымдық жəне функционалдық сипаттамасы. Іс əрекет нəтижелері.

    3. кезең – себеп-салдарлық байланысты талдау. Бұл кезеңде жетістіктің немесе сəтсіздіктің себептерін, оған ықпал етуші факторларды айқындау жүзеге асады.

    4. кезең – мақсатқа жету деңгейін анықтау, педагогикалық кеңеске қажетті талдау материалдарын əзірлеу.

Қазіргі педагогикалық менеджментте мектеп ішілік талдау жасауда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет