Тақырыптық тексеру – жыл барысында жүзеге асырылады, қандай да бір нақты мəселені терең зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мысалы, пəн бойынша білім сапасын анықтау немесе оқытудың интербелсенді əдістерін қолдану мүмкіндіктерін бақылау мақсатында т.б. бақылаушы пəн сабақтарына қатысады (3-6 сабаққа), бақылау нəтижелері педагогикалық ұжым алдында жария етіледі. Бұл тексеру түрі мұғалімдер жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, нəтижесінде біліктілікті, əдістемелік білімді жетілдіру шаралары ұсынылатын болады. Фронталдыбақылау-барлық қызмет түрлерін (оқу-тəрбие, əдістемелік, жеке оқытушылық) жаппай тексеру түрі. Мысалы, оқу үрдісін тексерудің жан-жақтылығы: білім сапасы, үлгерім көрсеткіштері, жеке оқушылармен жұмыс, сабақты ұйымдастыру, оқытудың əдістерін қолдану, жаңа оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру т.б, немесе жеке оқытушы қызметін бақылау: пəн оқытушылық қызметі, сынып жетекшілік қызмет, қоғамдық қызметі т.б.
Жекебақылау– бір мұғалімнің жұмысын бақылау, тексеру.
Кешендібақылау– бір сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің жұмысын тексеру, бір сыныптың бір күндік сабақтарына жүйелі қатысу,
сынып құжаттарымен танысу арқылы сыныптың оқу-үлгерім сапаларына баға беру жүзеге асырылады.
Пəндікбақылау– бір пəннен сабақ беретін мұғалімдердің жұмысы тексеріледі. Мұғалімнің білімді беру, оқыту əдістерін қолдану, пəннің негізгі мəнін түсіну, ғылымилық ұстанымды басшылыққа алу, беретін пəнін жетік білуі мен құзыреттілік сапалары бақыланады.
Жекелеметаңдаубойыншабақылау-əкімшілік қызметкер (топ менеджерлер) өзінің жеке жоспары бойынша ескертусіз мұғалімнің сабағына қатысады. Бұл тексеру күнделікті мұғалім жұмысына баға беруге бағытталады. Бақылау нəтижесінде сабаққа өзіндік жəне өзара талдау жасалады.