Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Абылай ханның ішкі саясаты



Pdf көрінісі
бет208/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Абылай ханның ішкі саясаты. 

Бүкілхалыктык мойындауға және үш жүздің 

ханы атағына карамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жок- Сұлтан- 

дардың едәуір бөлігі, әсіресе Барак султан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақта- 

ры Абылайды такты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан  1781 

жылы  О ры нбор  губернаторына  Абылай  «ханның  қадір-касиетін  мүлде 

әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болта­

ный, хандыктың барлык өділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды.33 

Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында ор- 

наласкан Қүдайменде султан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырда- 

рияның  ортаңғы  ағысында  билікті  бөліскен  Сәмекенің  баласы  Есім  мен 

Әбілмәмбеттің баласы  Болатөздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы 

болтан кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен кұлатута да тырысты. Дат- 

дылы кұкыкпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтыңайтуынша, сұлтандар 

мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтаута ұмтылды. Абылайдың ора- 

сан зор беделі казактарды ханта батынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы 

саяси жатдайда аман калу үшін Қазакхандытыныңсаяси жүйесін көбірек ор- 

талыктану жатына карай өзгерту кажет екенін өте жаксы түсінді. Бұтан жету 

үшін хан бірнеше батытта әрекет жасады.

Бірінш іден, Абылай биліктің орталыктандырылуын нытайтута ұмтыл- 

ды. XVIII тасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде авто- 

номиялы болды ж ән е оларды өздерінің билері, рубасылары баскарды. Бұл 

ж үйе ж атдайы нда хан көп ж аты нан билердің еркіне тәуелді  болды ж әне 

оны ң ж екелеген  рулар деңгейінде шешім қабылдаута ыкпал етуге үлкен 

мүмкіндіктері болмады. XVIII тасырдың 20—30-жылдарында бұл жүйе өзге- 

ре бастады, белгілі бір ру әскербасы  жөне саяси көшбасшы етіп шақыртан 

сұлтандарды ң рөлі  арта  түсті.  Абылай  ж үздер  мен  үлкен  бірлестіктерді 

басқарута дәстүрлі  казакы   кісілік рухы негізінде бір орталы к буындары 

элем енттерін  енгізуге  ұмтылды.  Х анны ң  көптеген  балалары  осындай 

билеушілер рөліне кірісті.  1774 жылы Әділ сұлтан Үлы жүздің бір бөлігінің 

билеушісі болып татайындалды, отан арнап Абылай Талас аңтарында қала 

салып, отан каракалпактарды коныстандырды. Солтүстік-шытыс Жетісуда 

оны ң  басқа  бір  баласы  С үйік,  О рталы к  Қ азакстанда  Қасым  билік  етті.

254



Орта жүз бен Үлы ж үзд ің б арлы к дерлік жері ханның балалары арасында 

бөлінді. Тек Кіші жүзде ж әне Орта ж үздің батыс бөлігінде  Кайып  ұрпак- 

тары, Орталык Қ азақстанны ң кейбір аудандарында — Барақты ң ұрпақта- 

ры,  ал  К ы тайм ен  ш екара  ө ң ір ін е  таяу  ж ерлерде  ж ә н е   С ы рд ари яд а 

Ә білмәмбеттің ұрпақтары   — сүлтандар билік етті.

Орталық билікті  күшейту  үшін  Абылай  қолданған  шаралардың  екінші 

кешені  — бір тұлғаның  қызметіне  ж әне  оның тұлға  ретіндегі  қасиеттеріне 

сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне карамастан, Абы­

лай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару кұкығын өзі алды. 

Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын.  Билер кенесі  мен руба- 

сы -ақсақалдар  съезінің   құқы қтары   едәуір  ш ектелді.  А лайда  дағдылы 

құкықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұткаларындағы кемшілік 

Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге 

мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетгі 

деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен 

тығыз ұштасып жатгы, хан билігін бұрынғысынша билер мен сүлтандар едәуір 

дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей 

жөне толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу 

кезінде ымыраластықтаба білуіне байланысты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет