Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Абылай ханның  сыртқы  саясаты



Pdf көрінісі
бет209/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Абылай ханның  сыртқы  саясаты. 

Абылайдың сырткы  саясаты да  икем- 

ділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Кытай сияқ- 

ты күшті мемлектгермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қаты- 

настары нан  едәуір  айы рмаш ы лы ғы   болды.  О тарш ы л  им п ери яларды ң  

күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын тану- 

дан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ыкпалы 

күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге 

тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екіжақтылықты ұстанды, — деді цин им­

ператоры өзінің  1779 жылғы жарлығында, — ...Абылай бізге бағынған кезде 

Ресей Абылайдыңөз боданы екенін, сондыктан біздіңоны өз бодандығымы- 

зға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп,  наразылык жіберді.  Біз сонда 

былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер.  Егер 

сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпе- 

ген болар еді...  Ал сіздер, орыстар,  бұған  калай  кедергі  жасай  аласыздар?.. 

Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек».34 Бір жағы- 

нан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иланды- 

рып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынта- 

лылықпен... ал кытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты 

қырғыз-қайсактарға  кытайлардың  реніш  көрсетіп,  қысым  жасамауы  үшін 

жалғастырып» отырған  сиякты етіп  көрсетті.35 Хан өз иеліктерін агрессия- 

шыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда 

келтіруге де тырысты.  Мәселен,  1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы ж әне 

ішкі жауларына карсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің 

Кытаймен өзара келісімі бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан ж әне 

қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын бол- 

са,  оған  қарсы  тұратын  болады  ж әне  егер  сол  богдыханнан  (Кытай  им- 

ператорынан.  — 



Ред

.) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға 

дейін  немесе  жиырма  мыңға дейін  болса да  әскери  адамдар  берер  еді...».36 

Ш ынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Кытай да оған 

әскер бөлуден бас тартатын.

255



Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға 

ұмтылды, сондықтан да  1777 жылы хан ж азбаш а өтініш жасаған жағдайда 

он ы ң  хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады.  Мұндай дип- 

л о м ати я л ы к   кадам  ө зін ің   сы ртқы   саяси   аренадағы   беделін  нығайта 

түсетінін  түсінген  Абылай  П етербургке  өзін ің   баласы  Тоғым  бастаған 

елш ілік  жіберді.  1778  ж ылы  ғана  II  Екатерина  оны  хан  деп  ж ән е  Орта 

ж үздің ғана ханы деп бекіту туралы  грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз 

бен Үлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бүған ызаланған Абылай Орын- 

борда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршыл- 

ды қ өкім ет орындары хан ордасына ш енеунік жіберуге де келісті, алайда 

хан «мен өз дәреж еме халықтың сайлауымен әлдеқаш ан-ақ бекітілгенмін» 

деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты.37 Ханның мұндай мінез 

көрсетуін оны ң  1773—75  жылдардағы П угачевтің көтерілісінен кейін Ре- 

сей им периясы ны ң күш -қуаты на ш үбәлана қарауымен түсіндіруге бола- 

ды, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атак жамылушыны кол- 

дап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл  жасауға да 

ниеттенген  еді.38  Ханға  ы қпалын  мүлдем  жоғалтудан  қорқы п,  Ресейдің 

өкімет орындары  1779 жылы оған 300 сом ж әне 200 пұт ұн мөлшерінде жыл 

сайынғы ж алақы  тағайы ндады ,39 бірақ 70-жылдардың аяғына карай А бы ­

лай  Ресеймен кандай да болсын қатынастары ны ң бәрін мүлде үзді.

Абылайдың  оңтүстіктегі  көршілерімен  катынастары  баскаша  болды. 

Абылайдың күш салуы аркасында қайтадан қазақаймағына айналған Жетісуда 

қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді ж әне Абылай оларға қарсы ара- 

тура  жорықтар  жасап  түрды.  1774  ж әне  1779  жылдары  сондай  жорықтар 

жасалды.  Соңғысы  қы рғы з  рулары ны ң  бір  бөлігінің  Қ азақ  хандығына 

бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, 

Созақ ж әне Ташкент қазақтарға кайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII 

ғасырдың 70-жылдарындағы сырткы саяси қызметі Казақ мемлекетінің бірлігін 

уақытша  қалпына  келтіруге,  оның  халықаралық  аренадағы  жағдайының 

нығаюына жеткізді.

А бы лайға  дейін  де,  одан  кейін  де  бірде-бір  қ азақ   ханы ны ң  мұндай 

ш ексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдірет- 

тілік сипатына байланысты еді. Ш. У әлиханов былай деді: «құрмет (ханға) 

әлдебір м истикалы қ сипатта болды...  Бұл хан уақыт қастерлі еткен еркін 

жеңілдіктерге қарсы рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне 

ұрпақтары   оны әулие деп санайты ндай сипат бере білді».40 К өреген сая- 

сатшы ж ән е шебер дипломат Абылай өзіне ергендердіңсүйіспенш ілігіне 

ж әне қарсы ластары ны ң құрметіне лай ы қ бола білді. Бұған ханның жеке 

қасиеттері де едәуір дәреж еде себепші болды. Текті әулеттен ш ыққанына 

қарамастан, балалы қ шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоң- 

ғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына ж әне шай- 

қаста батыр атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауат- 

ты  болды, оқы п,  ж аза білді.  Ол сирек кездесетін саясатш ы , тамаш а қол- 

басшы  ж ә н е  диплом ат  болды.  Д егенмен  де,  ол  тарих  көш ін  өзгерте  де, 

көш пелі өркени еттің  бұрынғы күш -қуаты н  кайтадан қалпы на келтіре де 

алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қ азақханды ғы  ханның өзі қанша өмір 

сүрсе, сонш а өмір сүрді.  1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Таш кен- 

ттен Т үркістанға келе ж атқанда дүние салып, Қ ож а Ахмет Й асауи кесе- 

несінеж ерленді.

256





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет