2.
ҚОҚАН ЖӘНЕ ХИУА ХАНДЫҚТАРЫНЫҢ СОГЫС
ЭКСПАНСИЯСЫ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАУЛАП
АЛУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ
(XIX Ғ АСЫРДЫҢ10—20-ЖЫЛДАРЫ)
Коқан хандығының билеушілерін казак даласын жаулап алу үшін баруға
итермелеген не? Ж оғарыда атап өтілгеніндей, Әлім бек пен оның төңі-
регіндегілерді казынаны жаңа олжа көздерімен толықтыруға ұмтылыс ж ау
лап алушылыкжорықтарға итермеледі. Осы аркылы ол «бұрынғы» өзбек шон-
ж арлары мен н егізін ен таулы к тәж ік тер (XIX ғасы рда олар «тәж ік»
этнонимімен көрсетілді) катарынан кұрылған «жаңа» әскер (бұл жауынгер-
лер гала-баһадүрлер деп атала бастады) арасындағы бакталастыкты жұмсар-
тып, олардың мүдделерін жаңа облыстарды басып алу мен отарлау үшін
біріктіруге де ұмтылды. Қ окан әскерлерінің Үратөбе ауданында Бүхара
әмірініңкүштерімен қақтығысуы кокандықтардың батыска карай ілгерілеуін
тоқтатып, олардың экспансиясының бағытын ғана өзгертгі.
Отырыкшы-егіншілікті Мауараннахрдың көшпелі ш етаймағы ретіндегі
Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу кокан феодалдарына бай жазираларға
ие болуды бермесе де, оның есесіне мал өнімдерінің түсуімен коса, олардың
Орта Азияны Ресеймен және Қытаймен байланыстырып жаткан керуен жол-
дарына страте гиялык бакылау жасауды да камтамасыз етті. XIX ғасырда олар-
дың арасындағы сауданың едәуір өскендігінен де бұл өте маңызды болды.
Ақырында бұл кең-байтак аймакты жаулап алудың идеологиялық маңызы
зор болатын.
Орта Азияның, яғни Мауараннахрдың отырыкшы халкы мың жыл бойы
Дешті Қыпшакка корқынышпен карап келді, әр түрлі дәуірлерде Орта Азияға
өз әулеттерін (эфталиттер, түріктер, Шыңғыс ұрпақтары, Ш айбани ұрпакта-
ры және басқалар) отырғызып коятын жаулап алушылар толқыны сол ж ак-
тан келетін. Дешті Қыпшактыңтым болмағанда бір бөлігін бағындыру ж әне
бүкіл Ішкі Азияның мұсылмандары кеңкөлемде қадірлейтін «99 000 шайхы-
лар жетекшісін» иелену коқан ханының беделін болып көрмеген биікке көтерді.
Ташкентті бағындырғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1810 жылдың акпа-
нында Әлім бек Ресеймен сауда жасау үшін тауарлар артылған 300—400 түйе-
ден керуен жабдыктап, оны Ташкентке жіберді. Н ақсол уакытта ол Ташкент-
тегі хакім Сайид Әлі&ектен қазактардың салықтар: зекет (малдан) пен харадж
(егістен) төлеуден бас тартканы туралы хабар және бағынбаушыларды ты-
ныштандыру үшін әскер жіберуді сұраған өтініш алды. Сол кезде хан кыскы
аязға карамастан керуеннің ізінен Сайрамды, Шымкентті ж әне Түркістанды
бағындыру үшін 12 мың адамдык «жаңа» әскер жіберді. Әскер құрамына
бітістірушілік жөне миссионерлік міндетгер жүктелген Ташкенттің 50 шакты
үлемі енгізілді. Төңіректегі көшіп үлгірмей, жаулап алушылардың колына
түскен казақтұрғындары «тамтығы қалдырылмай» тоналды.15
Осы жорықтың барысында қокандыктарды басқарған тәж ік Зухур дуанбегі
Сайрамды коршады, Ш ымкент кыстағына бекініс салып, онда мылтықтары
(туфангдар) мен екі зеңбірегі бар 200 жаяу ж әне 400 салт атты атқыштарды
қалдырды. Содан соң ол Әулиеатаға келіп, бекініс салды ж әне онда тәжіктер
Абдаллах датқа пен Шахбек датка бастаған 1000 жауынгер калдырды. Одан әрі
Зухур дуанбегі Түркістанға жақындады. Б асқа бір лакап ка карағанда,
283
Түркістанға жорықты ташкенттік Шыңғыс ұрпағы Салымсақтөре басқарған,
ол келіссөздерден кейін түркістандықтарды Әлім бектің билігіне бағынуға
көндіріп, оған 90 түйеге артылған сый-сыяпат, соның ішінде «кәмшаттерісінен»
тігілген әдемі тон жіберген».16
Қалай дегенмен де Зухур дуанбегінің одан арғы қимылын Ташкент түбіндегі
Минг-өрікте, ханның інісі Омарбектің ордасында болған оқиғалар тоқтатып
тастады. Оныңтуыстары (анасы жағынан, Фази аталықтың ұрпақтары — аса
ықпалды мингтер әулетінің мүшелері)17 мен бүрынғы шонжарлардан шық-
қан, Әлім бектің дара билігіне наразы Абылай ханның ұрпақтарынан Ташкент
ж әне қазақ шонжарлары, қоңырат, шанышқылы, сіргелі, бестаңба бірлестігі
мен каракал пакта р қолдаған әскербасылар бұл сәтгі батыл кимылдауға қолай-
лы деп тапты, өйткені Қ азақ даласына жіберілген «жаңа» әскер үскірік аяз-
дан адам айтқысыз азап көріп, наразылық білдіре бастаған еді. Қаскүнемдік
жасаушылар такты басып алу үшін Омарбекті Қоканға жасырын қашып ба-
руға көндірді (сол кезде Әлім бек Ташкентте болатын). Каскүнемдік туралы
кеш білген Әлім бек әскерді Ташкентке асығыс шакырып алып, Қоқанға бет
алуға мәжбүр болды, Ташкентке өзінің баласы Шахрухты (оның шешесі казақ
болатын) калдырып кетті. Кетер алдында ол Ташкенттің бұрынғы астык база-
рында өзінің колынатүскен каскүнемдерін, соның ішінде казактағы Шыңғыс
ұрпағы Салымсақ төре мен Әділ төрені (сірә, Қытайға көшіп кеткен басқа
Әділ төренің аттасы болса керек) дарға асып үлгірді. Алайда Қоканға бара
жаткан жолда әскер ханды тастап, тарап кетті, ал онын өзі көп ұзамай 1810
жылдың көктемінде Қоканға жакын жерде өлтірілді.18 Әлім бектің каза та-
буы оның мемлекеттік істерге Ферғананың шонжар «аксакалдарының» ыкпа-
лын кемітуге жасаған өрекетінің сәтсіздікке ұшырағанын білдірді, ал Әлім
бек жүргізген үстем таптың әлеуметтік базасын кеңейту саясатының бары-
сында олардың мүдделеріне кысым көрсетілген еді. •?
Ш онжар аксакалдар оның туған інісі Омарды (1785—1822; 1810-1812 жыл-
дарда билік кұрды) такка көтерді, ол сол шонжарларға анасы жағынан да,
өзінің немере карындасы Тадж ан-нисамен (Мохлар-айим, өзбектің классик
акыны Надира есімімен танымал) некесі жағынан да байланысты болатын.
Батылдығы мен өркөкіректігі жағынан марқұм ағасынан әлдекайда кем түсетін
жаңа хан жұмсактығымен ж әне нәзік талғамымен ерекшеленді, акындықда-
рыны болатын және Әмір деген бүркеншік атпен (тахаллус) парсы жәнетүркі
тілдерінде өлендер жинағын (диуан) калдырды. Оныңтұсында алғаш рет Кокан-
ныңресми хроникасы («’Умарнама» және «Шахнама-йи' Умар-хани») жазыл-
ды.
Төңкерістен кейін Ферғанадағы ішкі істерді жайғастыру, Үратөбе мен
Ж ы закка катаң бақылау орнатуға жасалған сәтсіз әрекеттер Қоқаннын
Оңтүстік Кдзакстанға экспансиясын бірнеше жылға кідіртті. Оның үстіне
Ташкент төңірегінде карахан руынан және каракалпак-кытайлардан шыккан
Қабыл деген біреу пайда болды. Ол өз төңірегіне көшпелі казактарды жинап
алып, бір кезде өзінің иелігі болған Бағыстан деген жердегі Шаткал тауларында
жасырынып жүрді және кереуендерді тонап, Фергана мен баска да жапсарлас
жаткан аудандар тұрғындарының таудағы жазғы жайылымдарда жайып жүрген
малын тартып ала бастады. Омар хан 500 тәжірибелі таулық аткыштарымен
түпшібашы, датка атағы да бар Әбді әл-Әзімді (Әзімбайды), сондай-ак Чуст
пен Кдсандағы хакім Жүсіп Әликожаны Кабылға карсы аттандырды. Камыс-
корғанға жеткен соң (Солтүстік Ферғанадағы Сырдарияның оң жағасы) қокан-
284
дықтар екі топка бөлінді. Ж үсіп Эли кожа Хазрат-и Идрис кесенесі аркылы
жүріп, ал Әбді әл-Әзім Бағыстан шатқалына беталды. Әзімбаймен шайқаста
Қабыл жараланып, Нанай бекінісіне (Шаткал таулары) жасырынды, ол жал-
ғыз кірер жолды тас, ағаш және т.б. қүлатып бітеп кетті. Сол екі арада Қоқан-
ның екі отряды жиырма күннен кейін косылып, шатқалдан шығар жолды жа-
уып тастады. Содан соң қоршаудағылардың сырт жағына мергендер мен Ку-
хистан жауынгерлерінен тәжірибелі тауға өрмелегіштерді баскарған Әбді-и
Қ аһһартоксаба Бадахшиді жіберді. Олар екі асудан өтіп, арканнан жасалған
баспалдак пен жартаска кағылған шегелер аркылы тік тауға көтерілді ж әне
алтыншы күні оның басына жетіп, коршаудағыларды жоғарғы жақтан аткы-
лауға кірісті, ал коршаудағылар өлімге бас тіккен өжеттікпен шайқаса баста-
ды. Үш күндік шайкастан кейін кокандыктар кіреберісті алды. Сол кезде олар-
дың жаршысы өздеріне тек Қабыл ж әне тағы да бес өскербасы ғана керек,
қалғандары каруынтастаса,толыкбостандықаладыдеп жариялады. Көпшілігі
суык қаруы мен мылтыктарын тапсырып, тарап кетті, бірақ бірсыпырасы
Кабылмен бірге қасарыса қарсылык көрсетуін жалғастыра берді (екі ж ак та
үлкен шығындарға ұшырады). Жағдай үмітсіз болған кезде Кабыл Омар ханға
өзін кызметке алуды өтініп хатжіберді. Әзімбай аркылы Қабылға ешкандай
кауіпсіздікке кепілдік берілмеген жауап алынды. Қабыл тұткынға берілгеннен
кейін Әзімбай оны хан сарайына жеткізді.Қокандыктар Қабылдан көптеген
малды тартып алып, хан оларды иелеріне кайтарды. Омар ханның өкімімен
Қабыл Ташкентгегі Чорсу Регистан алаңында дарға асылды. Баска түткындар
дадарғаасылды.19
1813-14 жылдары кокандыктар Түркістан каласының маңындағы мекен
Қарнакты алды. Қоканның дала өңіріндегі жағдайын тағы бір окиға күшейтіп
жіберді. Абылай ханның баласы Әділ төре кытай иеліктерінен өзініңсан мың-
дык косынымен туған жеріне кайтып келіп, Ташкент төңірегінде орналаскан
Омар ханға 1814 жылы өзінің баласы Нұралы төреден сәлем айтып жіберді,
онда өзінің «дінсіздерден» қайтып келгенін хабарлады ж әне өзінің калған
күндерін ислам иеліктерінде өткізуге үміттеніп, Омар ханға бағынатынын
білдірді. Хатында Әділ төре Токтамыс ханды өзінің бабам деп атаған жөне
Қокан билеушісінен кркан хандары өз генеалогиясын тарататын өмір Темір
алдындағы бабасының «кінәсін» ұмытуды сұраған. Алыста калган XIV ғасыр
окиғаларын алға тартып, казак сұлтаны өз тегін Токтамыс ханға тіреген
(дәлірек айтканда, ол казактардағы Шыңғыс ұрпактарының бабасы емес, жолы
үлкен туысы болған, бұлар сияқты ол да Ж ош ыны ң он үшінші жөне кенже
үлы Токай-Темір ұрпағы еді) бұл кызықты жағдай қазак-қокан қатынастары-
ның идеологиялықсырларын ашып береді. Қ окан хандарының шыққан тегі
туралы аңыздың казак даласындағы әсері және кокан экспансиясының карсы
идеялык өрекеті (Темірдің Токтамыс ханды бағындыра алмағаны жал пы жұртка
мәлім факт екенін, сондай-акхаттың мазмұны Қ оқанны ң сарай жанындағы
шежірешісінің біржакты айтуы бойынша жеткенін ескергенде) осында бейне
тапқан болуы мүмкін. Қалай болғанмен де, Нұралы торе кокан сарайында
қүрметпен кабылданып, әкесі үшін корғау грамотасын алды.20
Қокандыктардың Түркістанды алу кезін анықтау жөніндегі мөліметтер өр
түрлі. 1813—14 жылдары Қоканда болып қайткан Филипп Назаровтың айту-
ынша, бұл 1814жылы; барон Е. К. М иддендорфтыңпайымдауыбойынша 1815
жылы болған. Бірақ кокан шежірешісі баска уақытты келтіреді, ол : 9 джума-
ди 1231 (1816ж ылғы 7сәуір).21
285
Түркістанды алу үшін ресми дәлел Омар ханныңақсүйектерімен бірге Қожа
Ахмст Йасауидің кесенесіне тәуап етуге деген такуалық тілегі болды. Хан
әскерімен Ташкенттен шығып, Сайрамға келді және Түркістанды басып алуға
аруақтардан медет сұрау үшін жергілікті шайхылардың қабірлеріне соқты.
Содан соң ол 'Гүркістанға Ташкенттегі хакім Раджаб күшбеги Бадахшидің ба-
стауымен 1000 адамнан тұратын тандаулы жасақжіберді. Ж асакка сондай-ак
Хушвакт құсбегі йуз, Кдрахан руынан Ханкожа мир-асад, Лутфаллах Чуст
руынан Төрехан мир-асад, Мұхаммед Шәріп аталықж әне басқалар кірді. Ат-
пен үш күн жеделдете жүріп отырып, коқандықтар таң қылаң бергенге дейін
Түркістанға жауынгерлерді алдын ала асықтырып жасырын жақындады.
Бекініске білдірмей жетіп, бір-бірінің үстіне шығу арқылы дуалға көтеріліп,
кақпашыны өлтірді. Асадбеги кожа есікті ашып, жасақ қалаға лап қойды.
Коқан сарайының жанындағы шежірешінің арсыздықпен ескерткеніндей, ха-
наканың (дәруіштер мекені) есігі алдында кездейсоқта софыға кездесіп қалып,
шу көтермеуі үшін оны да өлтіруге тура келген.
Ш абуыл түркістандықтарды капы калдырды. Сол кезге карай олардың
билеушісі Токай торе Бұхара әмірі Хайдар жіберген Ибраһим кожаның атты
колымен толыктырылған еді. Алайда тұтқиылдан жасалған шабуыл үрей ту-
ғызды. Токай торе мен Ибраһим кож а кашып құтылды. Түркістан алынып,
тонауға түсті. Омар хан бағынған калаға келіп, кесенеге мінәжат етті. Мұнда
баскаруға ата-бабасынан Қ окан сарайының маңында болған Ш айһы-Бадал-
мырза датка тағайындалды.22
Бұл окиғаларды суреттеген кезде кокандыкавторлар Йасауидің кесенесіне
өмір Темір орнаткан «керемет» казанға да назар аудармай өтпеген. Оның ғажай-
ып ерекшелігі құрбандыкка кой әкелген адам оны казанға салып, шын ыкыла-
сымен тілек тілесе, тілегіне сәйкес кой санына қарамдй-ак казан толатын бол
тан. Дешті Қыпшактың «үлкен адамдарының» бірі казанға 500 койдың етін
салыпты, ол сонда да толмапты, ал баска бір адам оны 5 коймен толтырыпты-
мыс. Омар хан қазанды 70 коймен толтырыпты. Түркістанды жаулап алуға
Қоканда зор мән берілгені сонша, онда қайтып барғаннан кейін хан өзін «әмір
әл-муслимин» — «діндарлардың әміршісі» деген құрметгі атақпен (лакап) атауға
бұйрық берген. Стамбулға, өз лауазымымен бірге діндарлардың халифы бо-
лып саналатын түрік сұлтанына ханның Түркістанның бағындырылғаны ту-
ралы хаты беріліп, Қоканнан Қажы Мир-Кұрбанның елшілігі жіберілді. Алай
да Қ оканны ң соңғы ресми хроникасының авторы Молда Нияз-Мұхаммед
кейініректеТүркістанныңалынуы жөнінде ащы мыскылмен: ұрлықәдісімен
басып алынған уәлаяттүптің түбінде адалдық көрсетпейді, — деп атап өткен.23
Т үркістан ны ң алы нуы қоқан-бұхара бақталастығын шиеленістірді.
Түркістаннан қашкан Токай торе Бұхарадан баспана тапты. Оның өтінішіне
көнген әмір Хайдар Бүхараға карасты иеліктерден Токайдың соғысқа жарам-
ды казақтарды жинауына рұксат етті. Өзінің әр текті колын жасактап алтан
Токай С озакка келіп, сонда орныкты да, сонан соң Түркістанды коршады.
Қокандыктар отан карсы Ташкенттен 300 тандаулы атты әскермен Базар
баһадүр йузді жіберді. Таш кент пен Созакарасындағы кашыктыкты үш күн
ішінде жүріп өтіп, кокандыктар Созакка жакындап келді, сонан соң Каза
шаткалына бет алып, Токайға көмектескен 1000 казак отбасынан тұратын
ауылға шабуыл жасап, оларды кашып құтылуға мәжбүр етті, көп олжа мен
тұтқындарды колға түсірді. Түнде Токай Созакты тастап кашты.
Оның бұдан кейінгі әрекеттері де сәтсіз болды. Сол кезде коқандыктар
286
П іш ағар б екін ісін е (Ү ратөбеден баты сы рақта) ж ақы н ж срде Бухара
өмірлігімен шекараға тонаушылық шабуылдар жасады. Олар Токай төрепін
өмірХайдарғажіберген жаушысын қолғатүсірді. Бұл Тоқайдыңөрскеттерін
тыю үшін Түркістан ауданына бірнеше ж асак жіберуге мәжбүр етті. Ж асак-
тарды сол кезде-ақ белгілі болған Хушвакт парванашы, Төрехан мырза жөне
Бакауыл бегі басқарды. Қазақ даласы тағы да күйзеліске ұшырады. Тоқай хан-
ның «қасиетті Бұхарадағы» одан кейінгі тағдыры қайғылы болып тынды. 1827
жылы марқұм өмірдің балалары арасындағы билік үшін күреске араласқан ол
сәтсіздікке ұшыраған жақты жактап шайқасып, әмір Насраллах (1806—1860
жылдың күзі; билік кұрған жылдары 1827— 1860) билікке келген соң өлтірілді.24
Қокандықтарға карсы басқа бір ірі бой көрсетуді Ш ыңғыс ұргіағы Тентек
төре ұйымдастырды.25 Көтеріліске шыкқан саны 12 мыңға жуықадам Сайрам-
fa, ескі бекініске шоғырланды. Омар хан көтерілісті басу міндетін өзінің уәзірі
жөне туысы Әбілқасым аталыкқа жүктеді. Бүған сондай-ақ Хушвакт кұсбегі,
Лашқар құсбегі (ол туралы төменіректен қараңыз), Мухаммед Ш әріп парва
нашы, Ханқожа мир-асад ж әне баска да тәжірибелі әскербасылар тартылды.
Көтеріліске шыкқандар бетпе-бет шайкаста талкандалып, шегінді де, екі жа-
сақка бөлінді. Бірі Сайрамдағыдан неғұрлым мықты Ш ымкент бекінісіне та-
ғылды. Екіншісі Сайрам бекінісін қорғай бастады. Қоқандықтар Ш ымкентті
қоршауға алды, онда қазақтарды Рүстем басқарды. Кескілескен қоршаудан
және қазақтардың түн жамылып жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан
кейін Ш ымкенталынды. Сонан соң Қоқан әскерлерінің кызыл ж әне ақтула-
ры Сайрамда да көтерілді. Оны қоршау кезінде қоқандықтар зеңбірек пен
мылтықты кеңінен колданды. Коршаудағылардың күш пен қаражаты саркыл-
ғаннан кейін Тентек төре берілуге, Қ оканға жыл сайын баж (жол үшін
төленетін алым) және зекет төлеп тұруға келісіп, Омар ханның сарайына
өзінің ұлынан сый-сыяпат жіберуге мәжбүр болды.26
Көтеріліс басындағылардың негізгі малшылар бұкарасы арасында беделінің
ж еткіліксіз болуы, бой көрсетулердің бы ты раңқы лы ғы , іс-қим ы лды ң
үйлесімсіздігі және көтеріліске шыққандар қатарында бірлік болмауы, Бұха-
раның көмегіне сүйену әрекеттері (осының өзі-ақтайпаластарының бұқара-
сына козғалыс басшылары ықпалыныңәлсіз болғанын көрсетеді), ақырында,
рулық-тайпалық жасақтарға күресте оқататын қол мылтығымен ж әне артил-
лериямен каруланған «жаңа әскер» мен атты әскердің іс-кимылын ұштастыр-
ған қоқандықтардың әскери басымдығы — осының бәрі Қазақстандағы қоқан-
дықтарға карсы бой көрсетулерінің сәтсіздікке үшырауына себеп болды. Қоз-
ғалыстарды Ш ыңғыс ұрпақтары — сұлтандардың басқару фактісі оған каты-
сушылар идеологиясының Шыңғыс-хан енгізген Дешті Қыпшақтағы Жошы
ұрпақтарының хан билігі институтының 600 жылдық дәстүрін корғаған ескі
салт пен көненің көзін көксегенін дәлелдейді.
Оңтүстік Казақстанда қоқандықтар үстемдік еткен дәуірді шартты түрде
екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі жаулап алудың басталуынан (1810) 1840
жылдардың басына дейінгі уақытты қамтиды ж әне Қоқан хандығының гүлде-
ну дәуіріне түстас келеді. 1841—42 жылдарда оның терең әлеуметтік-саяси
дағдарыс (осы бір токырап калған мемлекеттің 1876 жылы қүлауына әкеп соқ-
қан) кезеңіне аяқ басуымен Кдзақстанның оңтүстігі үшін сынақтар мен
сілкін істердің ж аңа кезеңі басталы п, ол 1865 ж ы лы Т аш кен тті оры с
әскерлерінің алуымен және бүкіл осы аймақтың Ресей импери
Достарыңызбен бөлісу: |