Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет310/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
рсакциялык

 

мөнін сипаттайды.



Косылып алынған аудандардың қазақтары «патша үкіметіне эр шаңырақ- 

тан  жылына  1  сом  50 тиыннан  алым  төлей  бастады».105  Алайда  кейініректе 

салықмөлшері екі есекөбейтілді. А.К.Гейнс былай деп жазды: «Казіргі уакыт- 

та (1866 ж. 



—Ред.)

 барлық қазақтар әр шаңырақтан 3 сом есебімен түтін сал ы- 

ғын  төлейді.  Заң  Уәли  ж әне  Бөкей  хандардың  ұрпақтары  мен  олардың 

өулеттеріне  ғана  соқпаған...  Әрбір  ш аңырақ иесі  өз  аукатына  қарай  сома 

төлемей, тек 3 сом ғана төлейді... Сонымен іс жүзінде шанырак салығы, яғни 

табыс салығы түтін салығына (шаңырак, пүлына) айналдырылған».106

Ш аңы рақтар ғана емес сонымен  катар ж ертөлелер мен басқа түрдегі 

тұрғын ж айлар, яғни байларды ң баты рактары  тұрған қамы с лаш ы қтарға 

да салы қсалы наты н болды .107  Алым барлы қхалы ктан  бірдей алынды.  Ірі 

бай, орташа, кедей — бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр  ш аңы рақка ғана төлеп 

отырды. Мұндай әділетсіздікті тіпті патша өкімшілері де атап өткен. «Мүл- 

де еш нәрсесі ж ок қазақтар тарапынан да, сан мындаған малы барлар тара- 

пынан да төленуге тиісті бірдей сома белгіленген ш аңы рақ алымы — өзінен 

өзі-ақ әділетсіз екені ан ы к».108

Көпш ілігі  әр түрлі  қосы м ш алар болып табы латы н, әлденеш е рет ж и- 

налатын  салы қтар  заңдасты ры лмаған,  қайта  ж ергілікті  әк ім ш іл ік  бел- 

гілейтін  еді.  Олар  каж ет болуы на  карай  ж ы лды ң  кез  келген  уақы ты нда 

жиналатын. А .К .Гейнс казак даласын аралаған сапары кезінде былай деп 

көрсеткен:  «Қ азактар ж ергілікті  әкім ш ілік мүш елерін асы рауға,  пошта 

жолымен  жүріп  бара  ж атқан  ш енеуніктерге  жол  ж үргені  үшін  караж ат 

беруге, пошта ж әне кош у ж олдары н ж өндеуге, науқастарға ж ән е далаға 

іссапарға ж іберілген ш енеуніктерге үй беруге, оларға отын ж еткізіп   бе­

руге  міндетті.  Бұл  м індеткерліктер  заттай  немесе  ақш алай  төленеді.  Әр 

түрлі  қоғам ды қ  қаж еттерді  қанағаттанды ру  үш ін  қазақтарды ң   өздері 

белгілейтін  барлы қ  шығындар  да  ақш алай  ж инап  алы нады ...  Қ азақ тар 

өміріне шығынның дұрыс жиналмауы ауыр эсер етті ж әне бұл орайда казак 

билеуш ілерінің қиянат жасауш ылығы ш ектен шығып оты рды ».109

Заңсыз салықтардын ауыртпалығы кедейлердің мойнына түсті. «Облыска 

тексеру жүргізген кезінде мен (А.К.Гейнс. 

—Ред.)

 өз аралауымның қазактарға 

қаншалықты кымбатка түсетінін есептеп шығардым. Небәрі үш экипаж бол­

ды.  Әрбір 25 шақырымдай жерде екі  немесе үш киіз үй тігіліп,  15-ке жуы қ 

жылқы айдап әкелінетін, киіз үйлерді тігу үшін үш немесе торт қазақ және екі 

әйел, т.б. аддырылатын... мұндай шығындар қазактарға ерекше бататын, өйткені 

тағы да қайталап айтайын, олар тек қана кедей адамдардың мойнына түседі 

деуге болады».110 Патша әкімшілігі мен жергілікті феодал үстем топтың алуан 

түрлі салыктары еңбекшілердің кедейлену үрдісін күшейтті.

Сонымен бірге қазақтар әскери  бекіністерге ж ақы н  ж ердегі ж олдар- 

ды жақсы жағдайда күтіп ұстау,  көпірлер салу, бөгеттерді ж өндеу, үлкен 

ары қтарды   тазалау  ж ә н е  басқалары   си яқты   көп теген   әр   түрлі  м індет- 

керліктер атқараты н.  Бұл жұм ы старға қазақтарды ң  күш -көл іктері тегін 

пайдаланылды.

Сырдария шебінің баскарушысы өз есебінде былай деп жазған:  «Қазақ- 

тардың ауылдары  арқылы  өтетін  жолдарды  салу мен  күтіп  ұстау солардың 

міндеттеріне жатады, олар жол өтетін жерді жыртқызбауға тиіс... өткелдерге 

келетін болсақ,  қазақтар бүкіл дарияда өз пайдалары үшін қайықтар ұстайды.

383



Бұл  қайықшылардың міндеттеріне форттан фортка баратын командаларды 

тегін жөне басқадай жолаушыларды аз ақы алып өткізу кіреді».111

Сырдария ш екаралы көкімет үйымдары қазақтарды Райымны ңж әне №1 

форттың (Қазалы) әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмыл- 

дырды.  Бұл  форпостарды  салу  үшін  мындаған  кедейлер  айдап  әкелінді. 

М әж бүрлеу  жұмыстары  Сырдария  қазақтары ны ң  1856—57  жылдардағы 

көтерілісі себептерінің бірі  болды.  Өз кұпия хабарламасында №1  форттың 

бастығы Булатов былай деп жазды: «Қазақтарды орыстарға қарсы дүшпандык 

әрекетгерге итермелеуге қазақтарды басыбайлы жұмыстарға пайдалану, сон- 

дай-ақ оларға қысым көрсету мен заңға қарсы алымдар азды-көпті дәрежеде 

себеп болып отыр екен».112 Мәжбүрлеу жұмыстарының салдарынан малшы- 

лар, егіншілер, балықшылар өздерінің жеке шаруашылықтарымен айналыса 

алмады. Суландыру жүйелері дер кезінде тазартылмады, сөйтіп егіншілер су 

тапшылығына ұшырады,  адам қолы жетіспегендіктен аз егіннің өзін уақыты- 

лы жинай алмады.

Перовский портынан Орынборға жүк тасымалдаудың бәрін түгелдей Сыр­

дария қазактары орындады. Сырдария шебі окдәрілермен, керек-жарактар- 

мен ж әне азык-түліктермен Орынбор аркылы камтамасыз етіліп отырғанын 

атап өткен жөн. Бұл үшін көп мөлшерде түйе кажет болды, оларды халыктан 

жергілікті патша өкіметі жұмылдырып отырды. Казактардан түйе зорлап алын- 

ды. Әрбір казак қожалығы бір-бірден түйе беруге міндетті болды. Егер түйесі 

болмаса, кедей оны  міндеткерлігін аткару үшін байдан жалдап алуға тиіс еді. 

Ж антөрин сұлтан бұл туралы былай деп жазған: «Бұл жалдау емес, төтенше 

салы ктүрінде болды...  кедей адамдар өздерінің түйесі болмай көбінесе өз- 

д ерін ің ең  соңғы койын беріп, жалдап алатын ж әнетіпті сатып алатын».1,3

Түйе жалдау үшін  15 сом төлеу керек болды, бірак казақтар оны үнемі ала 

бермеді.  Көптеген түйелер жолда өліп калатын да ойардың кұны өтелмейтін. 

Казактар жол бойында керуендерге кызмет көрсететін лаушылар бөлуге де 

міндетгелді. Лаушылар казынадан ешкандай акы алмады, олар өздерін-өздері 

асырауға тиіс болды.  Керуендерге ілесіп келе жаткан казак урядниктерінің 

қатыгездік жасауы лаушылардың наразылығын туғызды.  Кейде лаушылар 

түйелерін тастап, керуеннен кашып кететін."4

Патша әкімшілігі барлык жаулап алынған аумақтардағы сиякты, Сырда- 

рияныңтөменгі ағысына да Орынбор ж әне Орал бекіністі шептерінен казак- 

тардың отбасыларын  көш іре  бастады.  1848 жылы  Райым  бекінісі  жанында 

Орынбор казактарының 26 отбасы тұрды. Қоныс аударушылар саны жылдан 

жылға көбейе берді. Көшіп келушілер ежелгі тұрғындар казақтарды ығысты- 

рып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы ж әне жаксы суландырыла- 

тын жерлерге орналастырылды. Соның салдарынан Сырдарияныңегінші казак- 

тары пайдаланылмай жаткан күнарсыз жерлерді  игеруге мәжбүр болды, ал 

кейбіреулеріне  коныс аударушылар мен шенеуніктердің  кожалықтарында 

жалданып жұмыс істеуге тура келді. Қоныс аударушылар тәлімді диқаншы- 

лыктан  ерекше өзгешелігі  бар суармалы егіншілікпен бірінші  рет кездесті. 

Суармалы егіншілік кыруар, қажырлы еңбекті керек етті. Үлкен арналар мен 

тарамдалған суландыру жүйелері шаруалардың қолымен жасалды. Арналар 

жыл сайын жөнделіп отырды. Егінніңжаксы шығуы негізінен суға байланыс- 

ты болды. Бірак коныс аударушылар  мұндай титыктатарлық  дене еңбегімен 

айналыскысы келмеді жәнежердегі барлыкжұмыстарды казак кедейлері орын­

дады. Олар қоныстанушылардың жер учаскелерінде жалданып жұмыс істеді.

3 8 4



Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударушы казактар  1855 жылы 

№ 1 фортқа көшті. Ж аңа жерде олар суландырылатын жақсы, шұрайлы жер- 

лерге орналастырылды. Бұрынғысы сияқты мұнда да қоныс аударушылар зор 

артықшылыктарды пайдаланды. Олар жергілікті еңбекшілерді канады. Сөйтіп 

Сырдария қазақтары екі жақты езгіге ұшырады, оларды бір жағынан патша 

өкіметі  — шенеуніктер,  көпестер,  қоныс  аударушылар,  ал  екінші  жағынан 

жергілікті феодалдар байлар, билер, сұлтандар және басқалар кднады. Еңбекші 

қазақтар арасындағы наразылық жыл өткен сайын өсе түсіп, ақырында  1856 

жылы ашық бой көрсетуге ұласты.

Көтерілістің негізгі себебі жердіңтартып алынуы болды.  В.В.Григорьев: 

«Қазалы фортының төңірегінде қазақтарды  егіншіліктен оларға жосықсыз 

соқтығу мен казактардың ашкөздігі жирендіруде...» — деп жазды.115  Бұдан өрі 

ол бұлай деп атап өткен: олар «олардан (қазактардан. — 

Ред.)

 егін егуге колай- 

лы  барлық егістікті тартып  алуға  әзір;  жосықсыз  соқтығу  мен  аш көздік... 

1856 жылы байырғы халықтың (қазақ халкының. —



Ред.)

 көтеріліс жасауына 

басты себеп болды».116

Арал өңірінің қазақтары Есет Көтібаров пен Ж анкож а Нұрмұхамедовтің 

жетекшілігімен отаршылдықезгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке: Үлкен 

шекті  жөне  Кіш кене  шекті  болып  бөлінетін  шекті  руынан  ш ы ққан  еді. 

Біріншісіне — Есет Көтібаров, ал екіншісіне Ж анқожа Нұрмұхамедов басшы- 

лықетті.


Есет Көтібаров (1807—1888) Көтібар батырдың ұрпағы болатын.  Оның 

өзі қарайтын Үлкен ш екті руы арасында ғана емес, соны мен катар қазақ- 

тардың көрш ілес адай, табын, ш өмекей, төртқара, К іш кене шекті рулары 

мен  басқалары ны ң  арасы нда  да  зор  беделге  ие  болды.  Есет  К өтібаров 

Ж оламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуыл жасады, ал 

1847—48 жылдарда Ж ан қож а Н ұрмұхамедовпен бірлесе оты рып, С ырда- 

рияның төменгі ағыстарында хиуа ж әне коқан жаулап алуш ыларына кар- 

сы күрес жүргізді.

Есет Көтібаров хиуалықтарға қарсы күресінде 

Ж ан қ ож а  Н ұрм ұхам едовке  талай  рет  көм ек 

көрсетгі. Ол былай тұрсын, Хиуа ханы Ж анқожа- 

дан  сұлтандардың  ғана  емес,  батырлардың  да 

колымен құтылуға тырысты.  1844 жылы ол  Есет 

К өтібаровқа  мынадай  хат  жіберді:  «Ж еңілуді 

білмейтін, жеңімпаз жаулап алушы Хорезм шахы.

Құрметті, қадірлі ж әне адал Есет батырға!

Хан мейірбандығымен ж әне сыйластығымен 

сендіріп  ж әне  үміттендіре  отырып,  егер  сен  Ті- 

л е у қ а б а қ   руы н ы ң   баты л  ж ігіттер ім ен   ауы з 

біріктіріп Жанқожаны үстап алсаң немесе өлтіріп 

әкеп берсең, сөйтіп меніңтапсырмамды орындап 

шықсаң, шексіз кұрметке, мейірбандық пен кам- 

қорлы ққа,  баскалардың  алдында  ізетке  ж әне 

ыкыласқа бөленетінің күмәнсіз.  Ал олай болма- 

ған жағдайда мен Тілеуқабақ халқын тас-талкан 

етемін.


Касиетті  Рамазан  айының  10-жұлдызы  күні 

1260 жылғы дүйсенбіде жазылды».117 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет