Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет311/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Есет  Көтібаров.

25-36


385


Әлбетте, халық батыры Ж анқож аны ңтуы сы  Есет Көтібаров Хиуа ханы- 

ның арандатуына көнбеді, қайта керісінше, хиуа басқыншыларына қарсы кү- 

ресте Ж анкожаға барынша көмек көрсетті.

XIX ғасырдың елуінші жылдарында Есет Көтібаров орыстардың отарлау- 

ына қарсы белсенді күрес жүргізіп,  Арал теңізіне беталған Ресей әскерлеріне 

катты қарсы лы қкөрсетті. Бұл жөнінде В.В.Григорьев былай деп жазды: «Ең 

әрі дегенде 50-жылдарда далада Есет Көтібаров пайда болды.  Ол Ақмешітті 

алу үшін жарақтандырылып жатқан экспедицияға түйелер беруден бас тарт- 

ты. Билеуші сұлтан Арыстанды өлтірді...  Есетоны ұстауғажіберілген біздің 

отрядтардан кашып, үш жыл қатарынан далада жортып жүрді».' 18

1847 жылғы  18 шілдеде Жем ауданында Е. Көтібаров өз адамдарымен Орын- 

бор және Орал әскерлерінің 200 казагынан және патша әскері қатарында кыз- 

мет еткен сүлтандар басқарған  120 казактан кұрылған жазалау отрядына ша- 

буыл жасады. 30 адамнан айырылған көтерілісшілер Жемнің жоғарғы ағыста- 

рына карай шегінуге мәжбүр болды. Үкімет әскерлері ізіне түскен олар Арыс- 

Бүрта ж әне Имеш-Ш аған алқаптарына жасырынды.119С. Асфендияров Есет 

Көтібаровтың әскери шеберлігі туралы былай деп жазды: «Көтібаровты үстау 

үшін отрядтар жіберілді, бір жіберілген отряд жақсы жасақталған болатын, 

бірақтабы сқа жетпеді. Есет өзінің жер жағдайын білетіндігін тамаша пайда- 

ланды, былайша айтқанда көзден ғайып болды».120

Орынбор өкімет орындары өзіне Есетті  кайткенде де ұстауды және оны 

патша үкіметін мойындауға мәжбүр етуді мақсат етіп койды. Оны ұстауға под­

полковник Кузьминский мен Дерышев, сондай-ак майор Михайлов басқарған 

жазалау  отряды  жіберілді.  Олар  көтеріліске  катысушыларды  ж эне  Арал 

теңізінің Оңтүстік Батыс жағалауындағы бейбітхалыкты аяусыз жазалады. 

Бұл  канкұйлы  окиға  алдыңғы  катарлы  орыс  жұртшылығының  үлкен  ашу- 

ызасын туғызды.  А .И .Герцен  шығарып тұрған «Колокол» журналы:  «Атам 

заманнан  бергі  соғыстар  немесе  монгол  шапкыншылыктары  кезінен  бері 

канішерлігі жөнінен полковник Кузьмин (Кузьминский. 

— Ред.)

 мен майор 

Дерышевтің шапкыншылығындай ешбір зұлымдык болған емес...» — деп жаз­

ды .121


Орынбор  генерал-губернаторы  көтерілісшілерді  басу  үшін  жазалау от- 

рядтарының  бірінен  кейін  бірін  жіберді.  Бірак  Есет  ауылдары  мен  ауыр 

жүктерін дер кезінде борсык кұмдары мен үстіртке көшіріп жіберуге үл гіріп 

отырды. Ол өз жігіттерін екі топка бөлді,  олар даламен жүріп отырьщ, орыс 

керуендеріне шабуыл жасады ж әне жазалау отрядтарымен ұрыстар жүргізді.

Бұл жылдарда Үлкен шекті, табын руларының көп бөлігі Үргі, Тайлы ал- 

кабына  ж әне  Қоңы рат  өңіріне  көшіп  барды.  Кейде  Есет  Көтібаровтың  өз 

туысы Әзберген Мұңайтпасов бимен бірге Қоңыратқа жакын Әзберген деген 

жерді коныстанған кезі де болды.

Алайда Әзберген ауылдарының орналаскан жері хиуа ханының ойынан 

шыкпады. Сондықтан  1859 жылы ол Әзберген Мұңайтпасовты Әмударияның 

сол жағасынан оң жағасындағы Дәукара деген жерге күштеп көшіруге тырыс- 

ты. Бұл жөнінде орыс жансыздары Перовск әкімшілігіне былай деп баяндады: 

«Коңыраттүбінде шегінерден бұрын хиуа ханының інісі Әміре Әмудария са- 

ғасындағы бекіністе коршауда калган казақтың биі Әзбергеннің сол өзеннің 

оң жағасына өтуіне ж әне Д әукараға көшіп кетуіне жәрдемдесу үшін қайык 

жинауға бұйрык берді. Бірақ өз ниетін орындап үлгере алмай Хиуаға қайтып 

баруға мәжбүр болды... Сыбыстарға Караганда Әзбергенде 7500-ге дейін ша-

386



ңырақбар, ол өзіне қарасты малдың бір бөлігін Дәуқарага 

жібсріп те үлюр 

ген, бірақоны ң өзі ол ж акка өтуге батылы бармай отыр».122

Есет Көтібаров көтерілістің соңғы жылдарында, яғни  1857—58 жылдарда 

Қоңырат қазақтарының арасында болды.  1857 жылғы 21  маусымда Перове к 

фортының жедел  қимыл  қызметкерлері  «бүлікшіл  Есет  Көтібаров  қазір оз 

ауылдарымен бірге Арал теңізінің жағалауына жакын хиуалық Коңырат кала- 

сына жақын жерде отыр» деп атап өткен.123

1858 жылы  қазақтың ішінде Есет  Көтібаров та бар бірнеше билері,  пол­

ковник Игнатьев баскарған Хиуаға орыс дипломатиялық миссиясын Қоңырат- 

тан Хиуаға дейін бастап барды.124

Есет Хиуаға  Ресейге  қарсы  күресті  жалғастыру үшін  ханнан  көмек  алу 

максатымен барған еді. Бастапкыда хан  Есетке 2500 адам бөлуге уәде берді, 

бірақ кейін хан өз уәдесінен айнып калды.125

Орыс әкімшілігі  көтеріліске шыккан  қазактар арасына казақтың рулык 

үстем топтары катарынан тыңшылар жіберді. Орыстың жазалаушы отрядта- 

ры Есет Көтібаровты қолдаған бірнеше руларды шапты, олардың малын ай- 

дап, дүние-мүлкін алып кетті.  Бірақ Есет Орынбор ведомствосы жазалаушы 

күштерімен күресін дегенмен де жалғастыра берді.  1858 жылы ғана ол патша 

өкіметініңбейбітшартгарын өзеркім ен кабылдады. Бұл жөнінде В.В.Григо­

рьев: «...бірақЕсетті дегенмен қолғатүсіреалмады. Ол өзінекеш ірім ж асауға 

уәде берілген кезде генерал-губернатор Катенинге кейіннен өз еркімен келді», 

— деп жазды .126 Есет Көтібаров патша өкіметіне адал қызмет етуге ант берді. 

Ол дистанция бастықтары сияқты түтін салығын төлеуден босатылды. Есет өз 

сөзіндетүрып патша өкіметіне қызметкөрсетті. Ол Үлкен шекті руы басшыла- 

рының бірі болып саналды, сондай-ақ ЬІрғыз уездік бастығының көмекшісі 

болып тағайындалды.  1873  жылы ол  Орынбор отрядының кұрамында  хиуа 

жорығына қатысты.  Осы  ж оры қ үшін оған  «Адалдығы  үшін» алтын  медалі 

берілді.127

80 жылдан астам өмір сүріп, Есет Көтібаров кайтыс болды ж әне Ақтөбе 

облысындағы Ш алкар станциясына жақын Ш олакжиде деген жерде өз руы- 

ның зиратына жерленді.

Тағы  бір  тарихи  тұлға  —  Ж анкож а  Нүрмұхамедов  (1780-1860)  Арал 

өңіріндегі  қазактардың  Хиуа  және  Ресей  отаршылдығына  қарсы  азаттык 

күресін басқарды.

Ж анқожа  Нүрмұхамедов  өзінің  бүкіл  өмірін  Арал  өңірі  қазақтарының 

тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи түлға. Ол XIX ғасырдың бірінші ширегінде 

Хиуанын зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері 

жалғастырды.  1836 жылы Ж анкожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен 

Сырдария арасында орналасқан Хиуаныңтұрақты әскерлеріне қарсы күрес 

бастады.  1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бескаланы 

қиратып, қала коменданты Бабажанды, сондай-ақ оны ңбаласы  М айкараны 

тұтқынға алды. Қазактарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан казықка отыр- 

ғызылды,  ал  оның  баласы  жас  болғандықтан  босатылып  жіберілді.128  1843 

жылы Ж анқожаныңжасағы Қуандариядағы Хиуабекінісін киратты, ал  1845 

жылдың көктемінде Хиуа ханы Сырдарияныңтөменгі ағысындағы қиратыл- 

ған бекіністерді калпына келтіру үшін жіберілген саны екі мың адамға жететін 

хиуа әскерін тас-талкан етіп қиратты. Бұл туралы Ж анкож а Орынбор бекі- 

нісінің бастығына: «Хиуалықтар біздіңжерімізге бекініс салды, бірақбіз оны 

қираттык. Ал кақтығыс кезінде көптегенхиуалықтарды өлтіріп,  кейбіреулерін



3 8 7


Хиуаға куып жібердік», — деп хабарлады.129 Кенесары Касымовпен бірге Ж ан­

кожа Сырдарияныңтөменгі ағыстарында орналасқан коқандықтардың әске- 

ри бекіністері: Жаңақорғанға, Күміскорғанға, Шымқорғанға, Косқорғанға ша- 

буыл жасады.  1845 жылы Кенесарының өтініші бойынша Ж анкожа қоқан- 

дықтардың Созақ бекінісін алуға қатысты.

1846 жылы хиуалыктардың Ж анкож а 4ойтарыс бере алмаған шабуылда- 

рының бірінен кейін ол шекаралық орыс өкімет орындарына: «Енді біз Ырғы- 

зға барамыз, өйткені біздің жүрегімізде Сіздермен достық байланыска ешқ- 

андай кара ниет жоқ», — деп жазды. Бұдан кейін ол «хиуалықтарға жорыққа 

әзірленетінін, өйткені олардан үнемі кысым көріп отырғанын хабарлады». Бұл 

орайда  батыр  Хиуаға  қарсы  күресте  өзіне  көмек  көрсетуді  сүраған.130  1847 

жылы Жанкожа саны көп жасағымен Хиуаның Қожанияз кала бекінісін кират- 

ты, бекініс гарнизоныныңтас-талканын шығарды.

Ресейдің  Арал  өңірін  жаулап  алуы  халық  бүкарасының  жағдайын  же- 

ңілдетпеді.  Салықтың  екі  есе  көбейтілуі,  коныс  аударушылар  мен  шенеу- 

ніктердің пайдасына казактардан суармалы жерлерінің алып койылуы Ресей 

отаршылдығыныңХиуа колшоқпарларыныңотарлауынан еш артыкдіылығы 

ж оқ екеніне барған сайын казак шаруаларының көзін жеткізе түсті.

Бой көрсетуге патша шенеуніктерінің Сырдария казақтарының Жанкожа 

Нұрмұхамедов, Сұлтанбөрі ж әне баскалар сиякты рулық үстем топтарының 

кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды. Мы- 

салы, тілмаш Ахметов өз колшоқпарларының бір тобын  Ж.Нұрмүхамедов- 

ты ң ауылына жіберіп,  онда да өз пайдасына «сыйлыктар» жинауға бұйрык 

берген. Бірак батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын 

алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рүксат етпеді. 

Ж анкожаның карсы кимылына ашуланған Ахметов ауылғаөзі келіп,  «өз бұй- 

рыктарына карсылык көрсеткені үшін»  айыппұл өндіріп ала бастады. Акыры 

Ж.Нүрмұхамедов наразы казактардың козғалысын өзі баскармак болып ұй- 

ғарды.

1856 ж ы лды ң ж елтоксаны нда С ырдария қазактары ны ң қарулы күресі 



басталды.  Ж елток сан н ы ң  ортасы на  карай  көтерілісш ілер  саны  үш  мың 

адамға  дейін  жетті.  К өтеріліс  орталығы  Х иуаны ң  бұрынғы  Ж аңакала 

бекінісі  болды.  Орал  бекін ісін ің   бастығы  М ихайлов  Сырдария  шебінің 

бастығы Ф итингоф ка күпия хабарламасында «Ж анқож аны ң карақш ыла- 

ры  арасы нда карасакалдар, К іш кене ш ектілер ж әне төрткараларды ң бір 

бөлігі  бар» деп  хаб арлад ы .131 Бұл  рулар  әлімұлы тайпасы на жататын  еді. 

Үрыс қарсаңы нда дерлік (1857 жылғы 9 қаңтарда) көтерілісш ілерге шекті 

руы ны ң бірнеш е ж үз қазағы  косылды.

Көтерілісшілерді бұдан бүрын аталған Кішкене шекті руының ірі ру же- 

текшісі, картайған Ж анкожа Нұрмұхамедов батыр баскарды. Ірі байлар: Сұл- 

танбөрі, Дабыл, К ож а Баймүхамед және басқалар оның серіктері болды. Бұл 

көтеріліске ш ектілердіңғана емес, Сырдарияныңтөменгі ағысында коныс- 

танған басқа рулардың да өкілдері катысты.

Көтерілісшілердің едәуір бөлігі ж аяу адамдар болатын.  Көтерілісшілер 

катарында жаяу казактардың болуы көтеріліске қатысушылардың өлеуметтік 

құрамын сипаттайды. Олар шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланған бола­

тын, азын-аулак адамдарының ғана мылтыктары болды.

1856 жылғы желтоқсанның орта шенінде Ж анкож аны ң қосынында  1500 

көтерілісші болды. Ол орта есеппен алғанда  150—200 адамдық бірнеше шағын

388



жасақ  ұйымдастырды,  олар  орыстардың 

Ne I  Қазалы форты мен Перовск фортының 

бекіністеріне жакын жерге орналастыры- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет