Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Ғабдел Мөлдір Аманбайқызы
9 «ә» сынып оқушысы
Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»
Секция: әдебиет
Жоба жетекшісі:Казиева Салтанат Оржановна
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Атырау-2015 жыл
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің 9«ә» сынып оқушысы
Ғабдел Мөлдір Аманбайқызының Мағжан Жұмабаевтың
««Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»
тақырыбында ғылыми жұмыс
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 9 сынып оқушысы Ғабдел Мөлдір Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері,тәрбиелік мәні қазақ халқының көне шашқа тағатын әшекей бұйымдарының түрлерімен танысып, ұзын шаштың қыздың көркі екенін зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жұмыстың бірінше бөлімінде Мағжан туралы толық мағұлмат беріп, келесі бөлімінде жалпы көне шашқа тағатын әшекей бұйымдарының түрлеріне шолу жасаған.Шашқа тағатын әшекейлердің түрін топтап, әр әшекейдің өзіндік қасиетін сипаттап жазған.Қазіргі заманда қыздардың шашқа тағатын бұйымдарының қолданылу аясын өзара салыстырып ,өзіндік зерттеу жүргізген.
Ғабдел Мөлдірдің бұл зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Пікір жазған: С.Қазиева
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Мазмұны
1.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------- 2-3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері,
тәрбиелік мәні
1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі------------------------------ 4-5
1.2.Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіне талдау--------------- 6-7
1.3.Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы»өлеңі-------------------------------------- 8
1.4.Шолпының түрлері------------------------------------------------------------- 9-13
1.5.Шолпының тәрбиелік мәні---------------------------------------------------- 14-15
ІІІ.Қортынды-------------------------------------------------------------------------- 16
ІV.Пайдаланған әдебиеттер-------------------------------------------------------- 18
Анатация
Зеттеудің мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты-Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып,артына қшпес мұра қалдырғанын анық білеміз. Мағжанның «Шолпы» өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу
Зерттеудің барыстары мен кезеңдері: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін оқып талдай отырып, Шолпының түрлерін анықтап, жасалу жолына тоқталып,зерттеу
Тәжірибесінің әдістемесі Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну
Зерттеудің жаңалығы, дербестік дәрежесі: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» атты өлеңін кеңінен насихаттасақ, бұл ұлттық әшекей бұйымының қазақ қыздары арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.
Қорытынды
Теориялық тұрғыдан талдау жүргізіледі.Шолпыны тек қана қыз балалар мен бойжеткендер тағады.
Қазақтың әжекей бұйымы шолпының сыңғыры қара ниетті күштерден сақтайды.Шолпы арқылы қыздың жасын,әлеуметтік тобын, қай жақтан екендігін аңғаруға болады.
Анатация
Цель исследования:
Цель этой работы в том, что Мағжан Жумабаев показел впразведений самые неповторимые народные ценности.Онв стихотвореней «Шолпы» доказал казахское народное ювелерное изделия и его роли в жизни
Новизна исследований
Агиторовать и пропогандировать стихвотвареные Магжана «Шолпы» и использовать народные украшение,показать кросату,впешнесть казашки.
Этапи исслерование:
При чтении спикшия М.Жумабаева «Шолпы» определить визы украшеним казахского народа,узнать путих,каккрасиво сделать украшения для девочек и исследовать как делает «Шолпы»
Методика исследований:
Понимать воссспитательное значение украшении «Шолпы»
Замосение
Сделан полный теореческий анализ
«Шолпы»носит толькодевочки и подростки.
Казахское народное украчение сбережет
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені дамыту деп атап көрсетті. «Білім туралы» заңда «халықтық тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау, оны үзбей атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру, оны жастардың молынан игеруі, бойына сіңіруі сөйтіп күнделікті қажетіне жаратуы болып табылады»-делінген.[1,3 бет]
Қазіргі таңда ғалымдар қазақ халқының рухани мұрасын,ұлттық педагогикамен психологияға байланысты асыл қазыналарын жоғары деңгейдегі ғылыми теориялық бағытта талдап, зерделеуде.Осы бағытта зеріттеген ғалымдарымыздың қатарына Балтабаев М.Б,Қалиев С.Қ,Бержанов Қ.Б,Ұзақбаев С.А,Құнантаева т.б еңбектерін жатқызуға болады. «Қазақ тәлім тәрбиесі» 1995 ж, «Қазақ психологиясының тарихы» 1996 ж, т.б еңбектердің қазақ елінің тәлімдік мұрасын насихаттауында маңызы зор
Халықтық сана-сезіммен пікірлерді, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуде Ж.Айтматовтың, А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбергеновтың, М.Дулатовтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың т.б бай мұрасын ұлттық мәдениетімізге қайта оралуы жастарда ұлтжандылықты қайта қалыптастырудың көрінісі.
Көп адам дүниеде бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлі дене сыйама ойлаңдаршы,
Өлмей тұрып артына із қалдырған деп Абай атамыз айтқандай дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орынын анық тауып, артына өшпес із қалдырғаның анық білеміз.Мағжан поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс.Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік денгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдынған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын.Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның тігіннен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымына ертерек бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Мағжанның маза махаббат тақырыбында арналған лирикасы- аса көркем мұра.Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады. «Сүй,жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік,айды алқа қып берейін», «Шолпы», т.б өлеңдерінде Мағжан адамға тән осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды.Оның лирик ақын екені де баршаға аян.Лирикалық өлеңдері де өте мол.
Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда.Мектеп бағдарламасынан да білеміз.Мағжанның «Шолпы» атты өлеңінде қазақ
қызының өң бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі-шолпының өте таза шынайы суреттеуі байқалады.
Зерттеу обьектісі:Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі
Зерттеудің мақсаттары:Зерттеудің басты мақсаты-Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген кезіндегі тұрмыс-тіршілікпен, оның қалыптасу деңгейіне тоқталу және артына қалдырған бай мұраларының бірі «Шолпы» өлеңіне ұлттық тәлім тәрбие тұрғысынан қарап психологиялық тұрғыдан сараптап бүгінгі күннің талаптарымен ұштастыру.
Зерттеу міндеттері:
Мағжан Жұмабаевтың тәлім тәрбие саласындағы шығармаларына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негіздеу
Оқушының Мағжан шығармаларын оқуға деген, ұлттық рухани мұраларды насихаттауға деген ынтасын арыттыру, ақыг туындыларының тәрбиелік мәнін ашуға үлесін тигізу.
ІІ Негізгі бөлім
І.Ұлтымыздың ірі тұлғаларының бірі, дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаев
1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі
Мағжан Жұмабаевтың қазіргі Солтүстік Қазақсан облыс, ақынның өз атымен аталатын ауданда, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі-Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні туды.Бұл өлке бұрын Ақмола облысы,Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндері Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.
Мағжан текті атадан әкесі Бекен дәулетті болыс болған кісі.Оның атасы Жұмабай сауда-саттықпен айналысып байыған. Көп нөмерлерінің Меккеге барып қажы атанған, ел сөзін ұстаған беделді адам боған.Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап «Менің атымды осы балам шығарады»,-деп отырады екен.Жұмабай 1899 жылы көз жұмады.Бұл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.
Ағаларына еліктеп, оқуды тым ерте бастаған.Әуелі ауыл молдасынан бір жаз оқып,қысында Қызылжарда медресе ашқан,Түркиядан оқыған Мұхаммеджан Бегішов деген иманға берілген.Бұл иман Мұсылмандарды шоқындыруға, патша өкіметінің миссионерлік әрекеттеріне қарсы әжептәуір ерлік көрсеткен қайраткер.Патша кеңселерінің қағаздарында Бекишов деп аталды.Ол жазған прокламацияның бір данасы Көкшетаудың қағазы Көшеғұлов (Қосшығұлов (?) Шаймерденнің қолымен көшіріліп , Абайдың қолына тиген.Полицмейстер өзі бастатып Абай ауылына тінту жүргізген кезіндегі тіміскілеп іздегені осы қағаз.
Бұдан әрі Мағжан оқуды жалғастыра береді.1902 жылдан 1906 жылға дейін төрт жыл шамалас Ақия Ақанов деген мұғалімнен білім алады. Сәбеңнің, Сәбит Мұхановтың айтуында, Ақия мұғалім жас Мағжанға арабша тілді білдіреді. Жадит жолымен тәпсірмен таныстырады.1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда Қасен Панамарұлы деген жадит молдасының медресесінде мұсылмандық білімін шыңдай түседі.1911-1912 жылдары Уфа қаласындағы атақты медрессе «Ғалияда» оқиды.
Жас кезінде қай адам өз жанынан өлең шығаруға құмартпайды.Желбастыққа салынбаса да жел сөзбен әуестенушілік жағынан Мағжан құрбы-құрдастарынан қалыспағанға ұқсайды.Дегенмен, өлен-жыр есігінің босағасын шыңдап аттап, тәуекел етуі- 1910 жыл.Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында үш жыл шамасында мұғалімдік құрып, сол жақтан атақты «Оян қазақ!» атты өлеңдер жинағын бастыруға дайындап ала келген Міржақып Дулатовпен танысуға, жас ұстазынан орыс тіліне жаттығып,ұлы орыс классикасымен ауыздануды,Абай өлеңдері уызынан қанып ішуі, Омбыда «Бірлік» атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның «Балапан» атты қолжазба журналына редактор боп сайлануы Уфадағы әдеби орта, медрессе «Ғалияда» сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі ұшырасуы,жаңадан бас құрап ұйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі,-осының бәрі темір қанат балапан таланттың қауырсыны тез жебеленіп, «Шолпан» атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себепті.
«Шолпан» жинағы Мағжан Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші,бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды.Бұл әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев,Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жақын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің соңғы бекеті де болатын.Бұдан кейін оқу-білімге шақырған өлеңдер болса,жаңалығы там-тұм, ілгердегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап, күйіс қайраудан әрі аспайтын.
Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзін Алтын Хакім атаған ақынмен бір тақырыпта өлең сөз жарастырып та көрді.(«Жазғытұры», «Күз»).Сонымен біргге бұл кездегі қоғамдық ойдың ұлттық сипаты, орыс империализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публицистикасында айқын , ашық басым сипат ала бастағаны мәлім.Осы ағымның ең көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі Мағжан Жұмабаев болды.Алғашқы жинағының өзі үлтшылдық сипат (ұлтжанды, ұлттық деген мағынада) алса, мұның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден ұлт ақыны боп қалыптасуына өмірдің өзі әсер етті.
2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика»еңбегін талдау
М.Жұмабаев-қазақтың кеменгер ұлы ақыны.Ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі.Қынаптағы семсердей ,халқының игілігі не істеуге жұмсасада болған.Ол ұлтының патриот ақыны, оның ерекше ұлт жандылығы жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудің үлгісі болды.Ол бір жағы ұстаздары,бір жағы әріптестері А.Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов біреуі тіл маманына айналып кетсе, біреуі бір қолымен роман, бір қолымен қолымен есеп оқулығын жазса,Мағжан ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстіне оқу әдістемелік құралдарын жазған.Ал ақынның «педагогика» кітабы,айтарға амал жоқ, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін таптырмайтын үлгі,тұңғыш қолтума оқылық.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы-әрі оқулық,әрі әдістемелік тұрғыдағы,автордың көзінің тірісінде екі мәрте жарық көрген. Бірі 1922 жылы Орынборда, екіншісі 1923 жылы Ташкент қаласында басылды.
Мағжанның «Педагогика» кітабы он бес бөлімнен тұрады.Онда рухани жан тәрбие мен дене тәрбиесі жан-жақты терең қамтылған .
Жұмабаев кітабының Орынборда шыққан нұсқасына М.Жолдыбаевтың қазаққа «Педагогика» кітабы қажетті де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуінің маңызы.Мағжанның пайымдауынша бұл кітап, баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына,ежірей көз салуды,қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады,осы заманғы өркениет өрісіне қол артады-деп толғауы ғажап пікір, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешім.
Кітапта тәрбие деген не?-деп сұрақ қойып анықтама беріледі. Педагогиканың қандай пән екеніне түсінік беріле отырып, жалпы педагогика оның ішінде дене тәрбиесіне жан-жақты талдау жасалады.Тәрбие бөлімдері туралыда нақты әдістемелік материалдар бар. М.Жұмабаев балалар әдебиетінің классигі,мысалы әртүрлі эпостар,балаларға арналған фольклорлық туындылардың авторы ең бастысы баланы бесіктен еңбекке тәрбиелеудің негізін салған ұстаз-жазушы. Мағжан туындылары бала тәрбиесінің таптырмас құралы, әдістемелік түп нұсқасы,қолтума дүние деуге әбден болады.
Мағжан Жұмабаев –қазақтың кемеңгер ұлт ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының игілігінене істеуге жұмсасада даяр болған.Мен ақынмын, көкте жүзуім керек демей, қазақты оятуға сөзбен ғана емес,іспен де кіріскен.Ол бір жағы ұстаздар,бір жағы әріптестері Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов біреуі тіл маманына айналып кетсе,біреуі бір қолмен роман, бір қолмен есеп оқулығын жазса,маған ұстаздық етумен шұғылданған,оның үстіне оқу-методикалық құралдармен жазған.Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған,әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол!» оқулығы шешуші орын алды десек,асырып айтқандық болмайды.
3. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы»өлеңі
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр
Шық-шық жүрекке тиеді.
Құлпыра талқан боп сыңғыр
Сылдыр,сылдыр,сылдыр...
Өзекті өртеді құрғыр.
Әдейі іргеден жүреді
Сұлу қыз санадан солғыр!
Сылдыр,сылдыр,сылдыр...
Жүректі жандырды құрғыр.
Кеудені кернеді жалын,
Сәулем,періштем, тез кір!
Сылдыр,сылдыр,сылдыр...
Есімнен ауырды құрғыр.
Лебізіңнен еріп барамын,
Жаным-ай,жақында қол бер!
Сылдыр,сылдыр,сылдыр...
Талдым,қалды сүлдер
Сыбырға айналды сылдыр,
Сылдыр,сылдыр,сылдыр... [3;49бет ]
4.Шолпының түрлері
1.Қыз бала тәрбиесі
Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған.Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген.Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан, жамандықтан аулақ ұстап, сақтандырған.Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады.Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу, т.б қазақ қыздары ерекше сұлу болған.Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұлаңдатып жүрген.
2.1.Шаштың сәндік әшекейлері
Шашбау.
сурет 2-сурет
Ол-қыз келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады.Шашбау қыздардың шашының әр-ажарын ашады.Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтарының алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу,әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:1.Үзбелі шашбау;2.Шашақты шашбау; Қазақтарда шашбаудың; сөлкебай шашбау, теңге шашбау,шаштеңге,үкі аяқты шашбау,
Шаш-түлек(лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар.Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады,ұшына теңгеден(сөлкебай ) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан,жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.
Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады, оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбау қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп, денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша, шашбау шаш арасындағы шайтандарды қашырады.
Шолпы
Достарыңызбен бөлісу: |