Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі



бет2/2
Дата23.11.2016
өлшемі0,49 Mb.
#2370
1   2

3-сурет 4-сурет

Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргендер,жүгіргенде,күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңынқойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп,секіруін тиған.

«Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруетті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы;



Шашқап



5-сурет

Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп, тігеді. Шашқаптың жоғары, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді , зер, оқа моншақтарымен сәндейді, кейде оған маржан, меруерт, күміс шеттіктер тағады.



Шаштеңге



6-сурет

Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды.Шолпымен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс.Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар етіп, айтып қояды.

Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық,шүйдеге тағылған әшекейдің аты-желкелік.Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл,сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш. [5;15 бет]

2.3.Шашқа арналған әндер

Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді:

Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда,

Қаламаймын басқаны.

Сүйіншілер жеңгелер,

Шашбаулы қыз келді деп. [6;23 бет]

Сол сияқты «Арна »тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың» әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді. Әнші- сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны»,Р.Тайманов пен И.Сапарбаевтің «Қазақ қызы» әндері сұлулық нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.

3. Шаш-адам көркі

3.1.Шашым-менің мақтанышым

Мен шашымды өте кішкентай кезден бастап өсіріп келемін.Менің қарын шашым алынғаннан бері қилған емес.Тек 1-2 айда шашымның ұшын ғана сәл қиып отырамын.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді.

Шашты қалай дұрыс жуу керек? Ең алдымен әрі-бері тарау керек, сол кезде шаш қатыруға арналған лактар мен гельдер түседі. Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс таңдай білу керек.

Шашымды аптасына екі рет жуамын. Тек қана балаларға арналған сусабынмен жуынамын. Ол «Мой кудряшки» деп аталады.Сол сусабын шашты ұйыстырмайды тарауға көмектеседі.

Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Дұрыс шайылмаған шаштағы сусабын оның түрін бұзады.

Шашымды жуып болған соң,бос жіберіп еркін кептіремін. Фен қолданбаймын,себебі ол шашты шамадан тыс кептіреді,шашқа зиян тигізеді. Күнде мектептеп келген соң,шашымды бос жіберемін.Себебі шаш арасына ауа кіруі керек.Шашымды әр түрлі бағытта тараймын.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады.Өзімде жақсы әсер аламын.Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдаланамын.

Ұйықтар алдында шашымды тарап,бос өріп жатамын.

Ұзын шаш өзіме өте ұнайды,себебі неше түрлі етіп өруге,жинп түюге, шашқа арналған әшекей-бұйымдарды тағуға болады.




5.Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну

Шашқа байланысты ырымдар.

Қазақ халқына екі қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса іштегі бала кемтар болып туады.

Әйелдер тектен-текке шашын жайып жіберіп жыламайды, дауыс қылмайды.Бұрындары күйеулері өлген әйел ғана солай істеген.

Қыз келіншекті шашын жұлып, сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың құтын қашырады.

Халқымызда: «Бұрымды кескенің ақылды кескенің», «Бұрымды кескенің-өмір жолын кескенің» деген ғибрат сөздер бар.

Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе, соның тағдырын басына қайталап өткізелі.Егер бұрымын кесе қалса, оны адам табаны тимейтін жерге көмуі тиіс.Өйткені, бұрым бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы,қарын-шашы.

Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз әңгіме бар:

Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші боп қайшысын алғанда мынадай оқиғаларды ап-анық көріпті:

Бұрымын кескен күні әкесінің бұл дүниемен қоштасатынын;

Бұрымын кескен күні өмір жолы кілең сәттсіздіктер болатынын;

Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын, одан да түңіліп теріс айналатынын;

Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безініп, онымен еш қайысысы онымен таныспайтынын, жапанда жалғыз өскен ағаш сияқты сынарсыз қалатынын..

Осы көріністер оған аян бергендіктен бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады.Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш қызыққа толы,бақытты тұрмыс құрады, үбірлі шүбірлі,дәулетті отбасының анасы боп қосағымен боса ағарды.

Аңыз әңгіме болса да оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ.Бексұлтан Нұржекенов жазушы ежелгі түріктер Қытайдан жібек матасының қалай жасалатынын біліп келу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.

Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де, оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді.Сөйтіп әр өрімінің түбіне бір, ұшына бір тығып сексен жібек құртын Қытайдан алып шығып еліне әкеледі.Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашадыАңыз әңгімеге сенсек, содан бері түркілер де қыз-келіншектер бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген.Ол ұлттық салт болып қалыптасқан.Негізінен көшпенділердің қыздары шашын қырық өрім етіп өрген.Этнограф-жазушылардың айтуынша бұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын,әрі тоқ екендігн көрсетіп көзді сүріндіру, көргендлі тамсандыру.Екіншіден,қыз жұбайлы, яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.Бұрымның бір-өзіңдікі болса екіншісі болашақ жарыңдікі.Жасыратыны жоқ кейбір ақ шашты әжелер: «Бұрымы көп болса күйеуі де көп болады»-деп, қос бұрымнан артық бұрымды жақтырмаған.Алайда қазақ сынар бұрымды қаламайды.

Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап шашын төбесіне тарақтай түйіп, ерлермен бірге атқа қонып елін қорғағанмен,1941-1945 жылдары соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарывннан амалсыздан айырылуға мәжбүр болды.Солардың бірі шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді.Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбек тіпті,былайша жырлайды да:

Айқаса барам өліммен,

Қайтемін жалғыз бас қамын.

Бұрымымды төгілген,

Туған жер саған тастадым.

Шашымды мақтап айтса наз,

Қинар ем жігіт талайын.

Тоқташы, сәл-пәл шаштараз.

Айнаға қарап қалайын...

Шақырып апат гүрілін,

Майданда жатты ұйып қан

Арудың әсем бұрымы,

Кесіліп түсті иықтан!

Қара жердің бетін қан қылып,

Окоптан талай тұрмады.

Ұйқыда қазір мәңгілік,

Батыр қыз майдан құрбаны.

Омырауын оқ тесіп,

Қиса да сол ғұмырын

Жүргендей әлі от кешіп

Қия алмай қар бұрымын!....

ІІІ.Қортынды

Қорыта келгенде,Мағжан поэзиясының мазмұны және түр ерекшелігі жағынан өзіндік жаңалығы Мағжан өлең мазмұнынан бөлек, қазақ өлеңіне де өзіндік жаңалығы Мағжан әдебиетімізге отты жырлармен ғана емес, өзіндік қолтаңбасын қалдыларлықтай Қазақ поэзиясына мазмұндық-түрлік тосын жаңалықтар әкелген Мағжан поэтикасы енді «М.Жұмабаевтың педагогикалық психологиялық көзқарастары» атты зерттеуде қазақтың ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым өкілдерінің таңдаулыларының бірі, ақын-жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың еңбектеріне педагогикалық психологиялық талдау жасалады.

Зерттеу жұмысымды қортындай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзім жетті.

1)Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен танысып,олардың жинағы жасалды.

2)Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт-дәстүр түрін жинадым.

3)Шаш күтіміне байланысты өзімнің тәжірбеммен бөлістім.

Ертеден келе жатқан халықтың бала тәрбиесінің аса құнды тұстарын заман талабымен үйлестіре білудің жолдарын ұсынып, тәрбие дамуының тарихи дұрыс жолын қуаттады. Мағжан Жұмабаевтың ұстанымы бойынша өз халқының тарихын танып, тілін, жерін, өнерін таныған,сүйген,қадірлеген адам ғана өзге халықтарды да сүйе білетін сезім билігіне көтеріле алады.

М.Жұмабаевтың зерттеулері бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарында зор маңызы бар,өз орнын жоғалтпайтын құнды ғылыми мұра болып қала бермек және іс жүзінде орындалып жатса өз нәтижелерін бере бермек.




ІV.Пайдаланған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 Егемен қазақстан-1996

2.Б.Әбдешев «Мағжан»

3.Мағжан Жұмабаев «Жан сөзі» Алматы «Раритет» 2005 жыл

4. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» Алматы-1993 жыл

5.Әндер жинағы

6.Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995 жыл

7.Қазақтың зергерлік әшекейлері.Алматы «Өнер» 1985 жыл



8.Қазақстан ұлттық энциклопедия Алматы-2002 жыл
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет